Қазақстан Республикасының күшіне енген, сондай-ақ уақытша қолданылатын халықаралық шарттарын жариялауға арналған интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 және "Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы" 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1386 қаулысы
Редакция 10.08.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының күшіне енген, сондай-ақ уақытша қолданылатын халықаралық шарттарын жариялауға арналған интернет-ресурс ретінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет- ресурсы айқындалсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьр-Министр К. Мәсімов