Bestprofi Logo

Қаулы № 1391 от 2014-12-29г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 және "Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы" 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 11.11.2023 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 және "Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы" 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1391 қаулысы

Осы Қаулы 2023 жылғы 11 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.10.2023 жылғы № 950 Қаулысына сәйкес 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат):

«1. Осы қаулыға тізбеге сәйкес ұлттық ғылыми кеңестер құрылсын;

2. Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеде:

«6. Кеңестердің құрамдарын ғылым саласындағы уәкілетті орган салалық уәкілетті органдардың, ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындары мен ғылыми-қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары мен ұсынымдары бойынша қазақстандық және шетелдік құзыретті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың (ғылым саласындағы уәкілетті орган өкілдерін қоспағанда), ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатарынан қалыптастырады және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Кедестер құрамының елу пайыздан аспайтын бөлігі ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялар мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен қалыптасады.»;

2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)

2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.08.2023 жылғы № 716 Қаулысына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1391 қаулысына қосымша

Осы Қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.08.2023 жылғы № 716 Қаулысына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание