|
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік қызмет көрсетудің кіші түрлері:
1) Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы ұсыну
2) Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит ұсыну
3) Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй салуға бюджеттік кредит ұсыну
|
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органдары
|
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ақпараттандыру объектілері – Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы otbasybank.kz/programm-bank (бұдан әрі – Портал) арқылы
|
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
6 (алты) жұмыс күні
|
|
4
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)
|
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
Порталда көрсетілетін қызметті алушыға Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасу қажет екені туралы, есепке алу және кезектілікке қою туралы хабарлама немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
|
|
6
|
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
|
|
7
|
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі және ақпарат объектілері
|
Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен.
Портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
|
|
8
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
l) көтерме жәрдемақы алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
білім туралы диплом (ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда);
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
білім туралы диплом (ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда);
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда);
Кредиттік бюродан есеп электрондық көшірмесі;
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде: осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
білім туралы диплом (ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда);
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда);
Кредиттік бюродан есеп электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу туралы куәліктерді, тұратын орны бойынша тіркеу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушыда және оның жұбайы мен балаларында жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, көрсетілетін қызметті алушының атына тұрғын үй салуға берілген жер учаскесін пайдалану құқығы туралы анықтамаларды, еңбек қызметі бойынша мәліметтерді, ортадан кейінгі, техникалық, кәсіптік және/немесе жоғары білім туралы дипломның болуы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электронного үкімет» шлюзянан алады.
|
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
3) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан оның негізінде айырылған, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болған;
4) көрсетілетін қызметті алушы Заңның 18-бабы 8-тармағының және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайларда жүзеге асырылады.
|
|
10
|
Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефоны: 300 қысқа нөмірі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық цифрлық қолтаңба немесе куәландырылған бір реттік пароль болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда алады.
|
Комментарий успешно добавлен