Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 10-1 бабы 2-тармағының 2)тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Спорттық медицина ұйымдарының құрылымы және олардың қызметі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 109 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 26 желтоқсанда № 10020 тіркелді
Редакция 19.12.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 10-1 бабы 2-тармағының 2)тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес спорттық медицина ұйымдарының құрылымы;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес спорттық медицина ұйымдарының қызметі туралы ереже.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. «Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің, спорттық медицина және оңалту орталықтарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 02-02-18/198 бұйрығының (№ 7341 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімдемесінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы __________ Д. Арғындықов 2014 жылғы 28 қараша
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 109 бұйрығына 1-қосымша
Спорттық медицина ұйымдарының құрылымы
1. Спорттық медицина ұйымдарының құрылымына мыналар жатады:
1)Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері (бұдан әрі – диспансер);
2) Спорт медицинасы және оңалту орталығы (бұдан әрі – орталық);
3) Спорт объектісінің медициналық пукті (бұдан әрі – медициналық пункт).
2. Диспансер мен орталықта мынадай бөлімдер (кабинеттер) болуы қажет:
1) спорт медицинасы бөлімі (кабинеті);
2) емдік дене шынықтыру және массаж бөлімшесі (кабинет);
3) функционалдық диагностика бөлімшесі (кабинет);
4) күндізгі стационар;
5) клиникалық-биохимиялық зертхана;
6) ұйымдастыру-әдістемелік кабинет;
7) бейінді дәрігер мамандар кабинеті;
8) физиотерапиялық бөлім немесе кабинет;
9) иглорефлексотерапия кабинеті;
10) рентгенологиялық кабинет;
11) тіркеу бөлімі.
3. Диспансердің және орталықтың штат санына байланысты қосымша медициналық және әкімшілік-шаруашылық бөлімшелерге рұқсат етіледі.
4. Спорт медицинасы бөлімшесі (кабинеті):
1) ағымдық медициналық тексеруді;
2) кезеңдік медициналық тексеруді;
3) тереңдетілген медициналық тексеруді;
4) спорттық еңбекке жарамдылықты, уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптауды, спорт түрлері бойынша сабақтарға рұқсат беру мәселесін шешуді;
5) алынған жарақаттардан және ауруынан кейін спорттық қабілеттілігін қалпына келтіру және арттыру жөнінде емдік - алдын алу іс-шараларын;
6) спорттық-бұқаралық іс-шараларды, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарды медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
5. Емдік дене шынықтыру бөлімі (кабинеті) бұзылған функцияларды қалпына келтіру немесе орнын толтыру және оларды өткізу мен тиімділігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында емдік-дене шынықтыру әдістерін қолдану мәселелері бойынша емдік-консультативтік қабылдауды жүзеге асырады.
6. Функционалдық диагностика бөлімі (кабинеті) диагностика және зерттеудің функционалдық әдісін өткізуді жүзеге асырады.
7. Күндiзгi стационар тәулiк бойы дәрiгерлiк бақылауды талап етпейтiн ауруларға алдын алу, диагностикалық, емдiк және оңалту
іс-шараларын жүргізуді жүзеге асырады.
8. Клиникалық-биохимиялық зертхана клиникалық зертханалық және биохимиялық зерттеулер жүргізуді жүзеге асырады.
9. Ұйымдастыру-әдістемелік кабинет ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі кеңес беруді жүзеге асырады.
10. Бейінді дәрігер мамандар кабинеттері бейін бойынша алдын алу, диагностикалық, емдiк және оңалту іс-шараларын жүргізуді жүзеге асырады.
11. Физиотерапия кабинеті терапияның физикалық әдістерін жүзеге асырады.
12. Иглорефлексотерапия кабинеті рефлексотерапия әдісі арқылы емдік, алдын алу және оңалту іс-шараларын жүзеге асырады.
13. Рентгенологиялық кабинет рентгенодиагностикалық тексеруді жүзеге асырады.
14. Тіркеу бөлімі диспансерде және орталықта қызмет көрсетілетін тұлғаларды тіркеуді және медициналық құжаттауды жүзеге асырады.
15. Спорт объектісінің медициналық пукті (бұдан әрі – Медициналық пункт) спорт объектілерінде, спорт ғимараттарында, спорт жарыстары өткізілетін жерлерде ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 109 бұйрығына 2-қосымша
Спорттық медицина ұйымдарының қызметі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (24.11.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Спорттық медицина ұйымдарының қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) спорттық медицина ұйымдарының (бұдан әрі – Ұйым) қызметін айқындайды.
2. Ұйым өз қызметін Конституцияға, Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ, осы Ережеге және Ұйымның жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
3. Ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады.
2-тарау. Диспансердің және орталықтың қызметін ұйымдастыру
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (24.11.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Диспансер дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын адамдарды медициналық қамтамасыз етуге, дәрігерлік бақылауға, емдік дене шынықтыруға және оңалтуға арналған медициналық ұйым болып табылады.
5. Диспансердің қызметі аумақтық қағидат бойынша медициналық көмекке қол жетімділікті қамтамасыз ету, тұрғылықты жері бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғаларды дәрігерлік және динамикалық бақылауды жүзеге асыру мақсатында жасалады.
6. Орталық спортшыны қалпына келтіру, алдын алу және оңалту іс-шараларын, медициналық-биологиялық препараттарды қолдану қауіпсіздігін және олардың тиімділігін қамтамасыз ететін медициналық ұйым болып табылады.
7. Орталықтың қызметі жоғарғы жетістіктер спортын медициналық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының спортшыларына медициналық қызмет көрсету мақсатында құрылады.
8. Диспансер және орталық жүзеге асырылатын қызметті оңтайландыру мақсатында жұмыстың бағдары бойынша медициналық, спорттық, білім беру, қоғамдық ұйымдармен қызметін үйлестіреді.
9. Диспансерге және орталыққа басшылықты құрылтайшы (құрылтайшылар) шешімі бойынша лауазымға тағайындалатын және босатылатын директор - бас дәрігер жүзеге асырады.
10. Диспансердің және орталықтың (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) контингенті споршылардың және дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатын тұлғалардың тізімнен тұрады.
11. Спортшылардың контингентін спорт ұйымдарының ұсыныстарын ескере отырып, дене шынықтыру және спорт саласындағы орталық уәкілетті орган, ал диспансер үшін жергілікті атқарушы орган қалыптастырады және бекітеді.
12. Медициналық қызмет түрлері мен нысандары диспансердің және орталықтың Жарғысымен айқындалады.
3-тарау. Медициналық пункт қызметін ұйымдастыру
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (24.11.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Медициналық пункте спорттық іс-шараларға қатысушыларға және спортшыларға, соның ішінде медициналық жедел жәрдем машинасы келгенге дейін медициналық эвакуациялау кезеңдерінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіледі, сондай-ақ, спорттық іс-шараларды өткізу кезіндегі ауырулар мен жарақаттанудың алдын алу және азайту жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
14. Медициналық пунктті медициналық қызметкерлермен, медициналық жабдықпен және мүкаммалмен жарақтандыру спорттың түрі, спортшылардың және өзге де жарысқа қатысушылардың саны, болжанатын ауырулар мен жарақаттанулардың түрлеріне байланысты, медициналық көмек көрсетудің болжанатын көлемі бойынша айқындалады.
15. Медициналық пункт спорттық объектілерде ұйымдастырылады және спорттық іс-шараларға қатысушыларға медициналық көмек көрсетуге қабылдауға арналған ғимараттан тұрады.
16. Медициналық пункт қажетті дәрі-дәрмектермен және жабдықпен жарақтандырылады.
17. Медициналық пункт жарысты медициналық қамтамасыз етуге қатысатын медициналық ұйымдарға бекітілген жедел жәрдем қызметімен байланыспен қамтамасыз етіледі.
4-тарау. Ұйымдардың міндеттері мен функциялары
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (24.11.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18. Диспансердің міндеттері мыналар болып табылады:
1) дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғаларды медициналық қамтамасыз етуді, дәрігерлік бақылауды, емдік дене шынықтыруды және оңалтуды жүзеге асыру;
2) спорттық жарыстарды медициналық қамтамасыз етуді, сондай-ақ, және оқу-жаттығу сабақтарын, оқу-жаттығу жиындарын қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
3) дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғаларды медициналық қамтамасыз ету бойынша жалпы емдік желілер ұйымдарының қызметін үйлестіру;
4) халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы халықтың әртүрлі жастағы және кәсіби топтарын сауықтыру.
19. Диспансердің функциялары мыналар болып табылады:
1) дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатын тұлғалардың денсаулығын медициналық қамтамасыз ету және бақылау әр түрлі спорт түрлерінен сабақтар мен жарыстарға жіберу;
2) спорттық іс-шараларды медициналық қамтамасыз ету;
3) дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғалардың денсаулық жағдайына диспансерлік бақылауды жүзеге асыру, оларды тексеру, емдеу және қалпына келтіруді уақытылы жүргізу;
4) дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғалардың денсаулығының ауытқуы, ауыруы және спорттық жарақаттануының себептеріне талдау жүргізу, олардың алдын алу және емдеу жөнінде іс-шараларды әзірлеу;
5) дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғаларға медициналық қызмет көрсету нысандары мен әдістерін әзірлеу, олардың денсаулығы, дене денсаулығы және функционалдық жағдайының деңгейін анықтау;
6) дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғалардың ағзасына кері әсерін тигізетін сыртқы орта факторларының зиянды әсерлерін төмендетуге бағытталған іс-шаралар жүйесін жүзеге асыру;
7) дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғаларды медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, сондай-ақ, халықтың әртүрлі жастағы топтарын қалпына келтіріп емдеуде емдік дене шынықтыру әдісін қолданатын мекемелерге (ұйымдарға), бөлімшелерге
ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
8) дәрігерлік-дене шынықтыру қызметі бойынша жұмыс тәжірибесін қорыту, конференциялар, кеңестер өткізу;
9) балалардың және оқушылардың дене тәрбиесі және дамуын медициналық педагогикалық бақылау мәселелері жөніндегі мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, мектептердің, орта және жоғары оқу орындарының медициналық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
10) денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдарға, спорт ұйымдарына дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғаларды медициналық қамтамасыз етуді жетілдіру, емдік дене шынықтыру әдістерімен аурулардың және жарақаттардың алдын алу және емдеу бойынша ұсыныс енгізу.
20. Орталықтың міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан құрама командасы спортшыларын диагностикалауды, емдеуді, қайта оңалтуды және қалпына келтіруді жүзеге асыру;
2) оқу-жаттығу жиындарын, жаттығу сабақтары мен жарыстарды өткізу кезінде спортшыларды медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
21. Орталықтың функциялары мыналар болып табылады:
1) медициналық қамтамасыз ету және спортшылардың денсаулық жағдайын бақылау, әр түрлі спорт түрлері мен жарыстарға қатысуға рұқсат беру;
2) орталыққа бекітілген спортшыларға медициналық тексеру жүргізу: тереңдетілген медициналық тексеру (соның ішінде, спортпен шұғылданғанға дейінгі алғашқы тексеру), кезеңдік медициналық тексерулер, жарыс алды тексерулер, ағымдағы тексерулер, қосымша медициналық тексерулер;
3) спортшылардың ауырулары және жарақаттануларының салдарын медициналық оңалту және емдеу;
4) дене шынықтыру құралдары және әдістері арқылы мүгедектігі бар спортшыларды және ақыл-ой және дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды медициналық оңалтуды жүзеге асыру, емделушілерді іріктеу және төмендеген немесе бұзылған функцияларды қалпына келтіру үшін емдік дене шынықтыру әдістерін қолдануды оқыту;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (24.11.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын тұлғаларды медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, сондай-ақ, халықтың әр түрлі жастағы топтарын қалпына келтіріп емдеуде емдік дене шынықтыру әдістерін қолданатын мекемелерге (ұйымдарға) ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
6) жұмыс тәжірибесін қорыту, дәрігерлік-дене шынықтыру қызметі жөнінде конференциялар, кеңестер өткізу;
7) балалардың және оқушылардың дене тәрбиесі және дамуын медициналық педагогикалық бақылау мәселелері бойынша мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, мектептердің, орта және жоғары оқу орындарының медициналық қызметкерлерінің біліктілігін көтеруді ұйымдастыру;
8) денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдарға, спорт ұйымдарына спортшыларды медициналық қамтамасыз етуді жетілдіру, емдік дене шынықтыру әдістерімен ауырулардың және жарақаттанулардың алдын алу және емдеу бойынша ұсыныстар енгізу.
22. Медициналық пункттің міндеттері мыналар болып табылады:
1) спортшыларға және өзге де жарысқа қатысушыларға аурыуы және жарақаттануы кезінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;
2) спортшыларға мамандандырылған медициналық көмек көрсету спортшыларға және өзге де жарысқа қатысушыларға медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде оларды медициналық көрсеткіштеріне сәйкес зардап шеккендерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдарға жіберу.
23. Медициналық пункттің функциялары мыналар болып табылады:
1) спортшыларға және өзге де жарысқа қатысушыларға жарыстарды өткізу ережелерімен регламенттелетін спорт түрлері бойынша қосымша медициналық тексерулер жүргізу;
2) зардап шеккендерді тиісті медициналық ұйымдарға медициналық эвакуациялауды және тасымалдауды ұйымдастыруға қатысу;
3) спортшылар және өзге де жарысқа қатысушылардың ауыруы және жарақаттануы кезінде дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету;
4) спорттық іс-шараларды өткізу кезінде спортшылардың ауырулары мен жарақаттануының алдын алу және азайту жөніндегі іс-шараларды өткізу.
Медициналық пункттің медициналық қызметкерлерінің саны дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу кезіндегі медициналық қызметкердің ұсынылатын штаттық нормативтерін ескере отырып бекітіледі.