Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1435 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 15 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 07.10.2020 жылғы № 643 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 80, 1191-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы»;
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 3-тармағына және 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) күдікті операцияны айқындау белгілері бекітілсін.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларында:
«1. Осы Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беруінің бірыңғай тәртібін белгілейді.»;
«3. Электрондық тәсілмен берілетін ақпаратты қызметінің ерекше түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 5) және 10) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi уәкілетті органға XML пішімінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының электрондық байланыс арналары арқылы жібереді. Электрондық тәсілмен берілетін ақпаратты Заңның 3-бабы 1-тармағының 6) – 9), 11), 12)тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi, сондай-ақ қызметінің ерекше түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар уәкілетті органға XML пішімінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының электрондық байланыс арналарын немесе уәкілетті органның веб-порталын пайдалану арқылы жібереді.
Электрондық тәсілмен берілетін ақпараттың XML пішімін уәкілетті орган бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Қаржы мониторингі субъектісі бұрын ұсынған қаржы мониторингіне жататын операциялар, оның ішінде күдікті операциялар туралы қажетті ақпаратты алу мақсатында уәкілетті орган қаржы мониторингінің субъектісіне осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес электрондық немесе қағаз тасығыштарда қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сұрау салу жібереді.
Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша сұратылған қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға Заңның 10-бабы 3-1-тармағында белгіленген мерзімде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидалардың 3-5-тармақтарында айқындалған тәртіппен жібереді.
Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органнан электрондық тәсілмен қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сұрау салуды алған кезде уәкілетті органға осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабарлама жібереді.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың нысанында (бұдан әрі – ҚМ-1 нысаны):
реттік нөмірі 1-жолдың 1.5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.5 |
Хабарлама беру үшін негіздеме (керегінің астын сызу керек)* |
1. Шекті сомаға тең немесе одан асады |
»;
реттік нөмірі 2-жолдың 2.3-тармағы алып тасталсын;
реттік нөмірі 4-жолдың 4.7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«
4.7 |
Операцияға қатысушының банкі* |
1.1. Филиалдың орналасқан жері: |
»;
реттік нөмірі 4-жолдың 4.11-тармағы алып тасталсын;
ҚМ-1 нысанын толтыру бойынша түсініктемеде:
«ҚМ-1 нысаны туралы мәліметтер» деген 1-бөлімде:
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тоқтатып қойылған» - егер қаржы мониторингі субъектісінде операция күдікті операцияларды айқындау белгілеріне сәйкес келеді деп ұйғаруға негіз туындаған кезде қаржы мониторингі субъектісі жүргізіліп жатқан операцияны тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жағдайда көрсетіледі»;
он сегізінші және он тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шекті сомаға тең немесе одан асады» - егер «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағына сәйкес операцияның сомасы шекті сомаға тең немесе одан асқан жағдайда көрсетіледі».
«2. Күдікті операция» - егер қаржы мониторингі субъектісінде оны жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге мүлік қылмыстық әрекеттен түскен табыс болып табылады не операцияның өзі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталған деген күдік туындаған жағдайда көрсетіледі.»;
мынадай мазмұндағы жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
«3. Күдікті операцияны жүргізуге ұмтылыс» – егер клиент операция жасауға ұмтылыс жасаған, қаржы мониторингі субъектісінде оны жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге мүлік қылмыстық әрекеттен түскен табыс болып табылады не операцияның өзі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталған деген күдік туындаған жағдайда көрсетіледі. Осы деректеменің 3-тармағы көсертілген жағдайда, ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелер толтыруға міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3-жолдар, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14. Бұл ретте 4.2-деректемеде «2. Болып табылады» деген мән көрсетілген кезде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 4.7 (1.4-жол), 4.13, жеке тұлғалар үшін: 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18.
«4. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесімен сәйкес келуі» - егер операцияға қатысушы тұлға немесе ұйым терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде тұрған жағдайда көрсетіледі, мұнда:
«4.1. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру» - осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның банк шоттары бойынша, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрған жағдайда көрсетіледі. Осы тармақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3, 1.4-жолдар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18.
«4.2. Банк шотын пайдаланбай төлемдер мен аударымдар бойынша нұсқауларды орындауды тоқтата тұру» - осындай жеке тұлғаның банк шотын пайдаланбай ақша төлемі немесе аударымы бойынша нұсқауларды, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің нұсқауларын орындау тоқтатыла тұрған жағдайда көрсетіледі. Осы тармақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3-жолдар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18.
«4.3. Бағалы қағаздарды оқшаулау» - егер ұйым немесе жеке тұлға терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жағдайда көрсетіледі. Бұл ретте бағалы қағаздарды ұстаушылар тіркелімдерінің жүйесіндегі және осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның жеке шоттарында, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің жеке шоттарында номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздар оқшауланады. Осы тармақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректермелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18.
«4.4. Өзге операциялар жүргізуден бас тарту» - осындай ұйым немесе жеке тұлға не олардың пайдасына, сол сияқты осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиент не оның пайдасына жасайтын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операциялар жүргізуден бас тартылған жағдайда көрсетіледі. Осы тармақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректермелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3, 1.4-жолдар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18.
«5. Іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту» - Заңның 5-бабы
3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда көрсетіледі. Осы тармақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3-жолдар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18.
«6. Операция жүргізуден бас тарту» - Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда көрсетіледі. Осы тармақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3-жолдар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18.
«7. Іскерлік қатынастарды тоқтату» - Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланыланады деген күдік туындаған жағдайда көрсетіледі. Осы тармақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3, 1.4-жолдар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18.»;
«ҚМ-1 нысанын жіберген қаржы мониторингі субъектісі туралы мәліметтер» деген 2-бөлімде:
бесінші абзац алып тасталсын;
«Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпарат» деген 3-бөлімде:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«0623, 0624, 0633, 0634 кодтар көрсетілген және оффшорлық аймақта (аймақтан) операция жүргізілген жағдайларда 4.7 «Операция қатысушысының банкі» деген деректеменің «Банктің/филиалдың орналасқан елі» деген 4-тармағы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығына сәйкес толтырылады.»;
он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3.10 «Күдікті операциялар белгілерінің коды» деген деректемеде осы қаулымен бекітілген қаржылық операцияның күдіктілік белгілері анықтамалығына сәйкес қаржылық операцияның негізгі күдіктілік белгісінің цифрлық коды көрсетіледі. 1.5-деректемесінің 2-тармағы көрсетілген жағдайда деректемені толтыру міндетті.
3.11 «Операцияның күдіктілік белгісінің 1-ші қосымша коды» деген деректемеде осы қаулымен бекітілген қаржылық операцияның күдіктілік белгілері анықтамалығына сәйкес қаржылық операцияның бірінші қосымша күдіктілік белгісінің цифрлық коды көрсетіледі. Деректеме ішкі бақылау шараларын іске асыру нәтижесіндегі күдікті қаржылық операциялардың қосымша белгісі анықталған жағдайда толтырылады.
3.12 «Операцияның күдіктілік белгісінің 2-ші қосымша коды» деген деректемеде осы қаулымен бекітілген қаржылық операцияның күдіктілік белгілері анықтамалығына сәйкес қаржылық операцияның екінші қосымша күдіктілік белгісінің цифрлық коды көрсетіледі. Деректеме ішкі бақылау шараларын іске асыру нәтижесіндегі күдікті қаржылық операциялардың қосымша белгісі анықталған жағдайда толтырылады.»;
он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3.14 «Операция жөнінде қосымша ақпарат» деген деректемеде 3-бөлімнің деректемелерінде толтыруға жататын ақпаратты қоспағанда, ішкі бақылау шараларын іске асыру кезінде оған қатысты, оның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылғаны туралы күдік туындаған операциялар жөніндегі ақпарат көрсетіледі.»;
«Қаржы мониторингіне жататын операцияларға қатысушылар туралы мәліметтер» деген 4-бөлімде:
он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1.1 Филиалдың орналасқан жері» – банк Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан жағдайда 4.4-деректемеде көрсетілген анықтамалыққа сәйкес ел көрсетіледі. Филиал Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жағдайда операцияның басталған/аяқталған жерінің елді мекені көрсетіледі;»;
он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1.3 Банктің/филиалдың коды» – мысалы, резиденттер үшін және SWIFT BIC (немесе non-SWIFT BIC) резидент еместер және басқалар үшін БСК көрсетіледі. Операция банк филиалында өткізілген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 236 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген филиалдың коды көрсетіледі;»;
отыз үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2.1 Атауы:» – құрылтай құжаттарына сәйкес операцияға қатысушының құрылтайшысы заңды тұлға болған жағдайда, операцияға қатысушы құрылтайшының атауы тырнақшасыз көрсетіледі. Егер операцияға қатысушының құрылтайшысы жеке тұлға немесе дара кәсіпкер болса, онда мына тармақтар толтырылады:»;
қырық төртінші абзац алып тасталсын;
қырық алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4.13 «ЖСН/БСН» деген деректемеде операцияға қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе резидент емес заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмір көрсетіледі.
4.2-деректемесінде 2-тармақ көрсетілген жағдайда, деректемені толтыру міндетті. (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес резидент емес жеке тұлғаға жеке тұлғаның бірыңғай нөмірі берілмеген кездерді қоспағанда).
4.15-деректемеде жеке басты куәландыратын құжат ретінде «Шетел мемлекеті азаматының паспорты» таңдалған кезде 4.13-деректемені толтыру талап етілмейді.»;
алпыс екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4.25 «Операцияға қатысушы туралы қосымша ақпарат» деген деректемеде 4-бөлімнің деректемелердінде толтыруға жататын ақпаратты қоспағанда, ішкі бақылау шараларын іске асыру кезінде оған қатысты, оның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға қатысы туралы күдік туындаған операция қатысушысына қосымша ақпарат көрсетіледі.»;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері кодтарының анықтамалығында:
мына:
«
081 |
Аудиторлық ұйымдар |
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
082 |
Бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлер |
»;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
110 |
Микроқаржы ұйымдары |
120 |
Банктер болып табылмайтын электрондық ақша жүйелерінің операторлары |
»;
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:
қаржы мониторингіне жататын операциялардың түрлері кодтарының анықтамалығында:
мына:
«
0211 |
Айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатып алу |
0221 |
Айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сату |
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
0211 |
Клиенттің айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатып алуы |
0221 |
Клиентке айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сату |
»;
мына:
«
0231 |
Айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын айырбастау |
»
деген жол алып тасталсын;
мына:
«
0611 |
Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеуі |
0612 |
Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеуі |
0613 |
Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеуі |
0614 |
Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеуі |
0621 |
Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына аударуы |
0622 |
Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына аударуы |
»
деген жолдар алып тасталсын;
мына:
«
0623 |
Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына аударуы |
0624 |
Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына аударуы |
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
0623 |
Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеуі |
0624 |
Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеуі |
»;
мына:
«
0631 |
Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке тұлғалардың пайдасына клиенттің ақша аударуы |
0632 |
Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке тұлғалардың пайдасына клиенттің ақша аударуы |
»
деген жолдар алып тасталсын;
мына:
«
0633 |
Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар заңды тұлғалардың пайдасына клиенттiң ақша аударуы |
0634 |
Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар заңды тұлғалардың пайдасына клиенттің ақша аударуы |
»
деген жолдар мынадай редакция жазылсын:
«
0633 |
Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғалардың пайдасына клиенттің ақша аударуы |
0634 |
Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғалардың пайдасына клиенттің ақша аударуы |
»;
мына:
«
2011 |
Заңның 4-бабының 2-тармағында көрсетілген операцияларды қоспағанда, қаржы мониторингіне жататын операция |
»
деген жол алып тасталсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілері осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың екінші, үшінші, алтыншы, жетінші, он үшінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, жүз он бесінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.11.2016 жылғы № 717 Қаулысына сәйкес (31.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2016 жылы № 230 (28958) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1435 қаулысына 1-қосымша Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтермен ақпарат беру қағидаларына 2-қосымша
Нысан
ҚМ-1 нысанының қабылданғаны (қабылданбағаны) туралы хабарлама
____________________________________________________________________
(уәкілетті орган)
____________________________________________________________________
(қаржы мониторингі субъектісінің атауы)
_____ № __ ҚМ-1 нысаны ___________________________ туралы хабарлайды.
(қабылданғаны/қабылданбағаны)
Қабылданбау себебі (ҚМ-1 нысаны қабылданбаған жағдайда ғана көрсетіледі)
____________________________________________________________________.
Осыған байланысты
____________________________________________________________________:
(қаржы мониторингі субъектісінің атауы)
1. Бұрмаланған түрде немесе толық емес көлемде ұсынылған ақпаратты
____________________________ жіберу себептерін жоюы.
(уәкілетті орган)
2. Осы хабарламаны __________________________________________________
(қаржы мониторингінің субъектісі)
алған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде қаржы мониторингіне жататын
операциялар туралы ____________________________________ қабылданбаған
(уәкілетті орган)
хабарламаны түзетуі және осы Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы
мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру
қағидаларының ережелеріне сәйкес оны қайтадан ұсынуы қажет.
__________________________ ____________ ____________________________
(уәкілетті органның (қолы) (қолдың толық жазылуы)
уәкілетті адамының Т.А.Ә.)
ҚМ-1 нысанының қабылданған
(қабылданбаған) күні мен уақыты:
_______________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1435 қаулысына 2-қосымша Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына 7-қосымша
Нысан
Қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша қажеттіақпарат, мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға сұрау салу
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға)
және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28
тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 1-тармағының 1)
тармақшасына және 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес
_____________________________________________________________________
(уәкілетті орган)
клиенттердің операциялары және клиенттердің бенефициарлық
меншік иелері туралы мынадай ақпаратты беруді сұрайды:
1. _____________________;
2. _____________________.
_______________________________ ____________ ______________________
(уәкілетті органның уәкілетті (қолы) (қолдың толық жазылуы)
адамының Т.А.Ә.)
Байланыс телефоны _________________
Сұрау салудың жіберілген
күні мен уақыты:
________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1435 қаулысына 3-қосымша Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына 8-қосымша
Нысан
Қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша қажеттіақпарат, мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға сұрау салуға жауап
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға)
және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28
тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабы 1-тармағының 1)
тармақшасына және 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес
_____________________________________________________________________
(қаржы мониторингі субъектінің аты)
__________ № ______ сұрау салуға мынадай ақпаратты жібереді:
1. _______________;
2. _______________.
Қосымша _____ парақта.
_______________________________ __________ ________________________
(қаржы мониторингі субъектісінің (қолы) (қолдың толық жазылуы)
жауапты адамының Т.А.Ә.)
Байланыс телефоны:
_________________
Жауаптың жіберілген күні мен уақыты:
________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1435 қаулысына 4-қосымша Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына 9-қосымша
Нысан
Қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша қажеттіақпарат, мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға сұрау салудыңқабылданғаны туралы хабарлама
_____________________________________________________________________
(қаржы мониторингі субъектісінің атауы)
_____________________________________________________________________
(уәкілетті орган)
________ № ____ қаржы мониторингіне жататын операция бойынша қажетті
ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сұрау салудың
қабылданғаны туралы хабарлайды.
_______________________________ ____________ ______________________
(қаржы мониторингі субъектісінің (қолы) (қолдың толық жазылуы)
жауапты адамының Т.А.Ә.)
Сұрау салудың қабылданған күні мен уақыты:
__________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1435 қаулысына 5-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысымен бекітілген
Күдікті операцияны айқындау белгілері
Р/с |
Код № |
Күдікті операцияны айқындау белгілері |
|
|
1. Жалпы |
1. |
1009 |
Жақын туыстық немесе жекжаттық, асыраушылық, қамқоршылық және қорғаншылық қатынастарда болмаған үшінші тұлғаның пайдасына мүлік немесе өзге де материалдық құндылықтар сатып алу |
2. |
1012 |
Клиенттің (клиенттің өкілінің) қызмет көрсетудің (комиссиялар, сыйақы және т.б.) тиімді шарттарын елемеуі, сондай-ақ клиенттің (клиенттің өкілінің) қаржы мониторингі субъектісінің көрсеткен қызметі үшін әдеттегіден жоғары комиссия (сыйақы) ұсынуы |
3. |
1013 |
Осы ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның қызметі сипатына мәміленің сай келмеуі |
4. |
1018 |
Клиенттің жоғары тәуекелді қаржылық операцияларды жүйелі жүргізуі, олардың нәтижесі клиенттің тұрақты табысы немесе тұрақты шығыны болып табылады |
5. |
1034 |
Коммерциялық емес ұйымдардың қатысуымен, оның ішінде қайырымдылық қызметімен және (немесе) өзге де қайырмалдықтармен байланысты операция |
6. |
1035 |
Клиент ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлейтін топтың (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) не осы топтың ұсынымдарын орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) тұлғалардың қатысуымен, сондай-ақ осы мемлекетте (аумақта) тіркелген банктегі шотты пайдалана отырып, жүйелі түрде операциялар жасайды |
7. |
1036 |
Қаржы мониторингі субъектісі лауазымды адамдарының тәжірибелері мен білімдеріне сәйкес олар күдікті деп таныған операциялар |
8. |
2001 |
Жоғалған не ұрланған жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша, жалған құжат бойынша операция жүргізуге әрекеттену не жүргізу |
9. |
2003 |
Клиенттің (клиенттің өкілінің) дұрыстығы күмән туғызатын және тексеру мүмкін емес мәліметтерді, оның ішінде бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді ұсынуы, сонымен қатар клиент көрсеткен мекенжай мен телефондар бойынша хабарласудың мүмкін еместігі |
10. |
2005 |
Клиенттің (клиенттің өкілінің) операциялар жасаудағы негізсіз асығуы және (немесе) өткізілетін операцияларға қатысты құпиялылық мәселелерімен клиенттің орынсыз дегбірсізденуі |
11. |
2007 |
Клиенттің үшінші тұлғаның және/немесе операцияға қатысатын тұлғалардың басшылығымен операция жүргізуі |
12. |
2009 |
Клиенттің сомасы жеке алғанда қаржы мониторингіне жататын операция сомасынан аспайтын осыған ұқсас операцияларды бірнеше рет жүргізуі, бірақ қосу нәтижесінде белгілеген сомадан асатын болады (клиенттің қызметі міндетті немесе ерікті төлемдер, тұрғындарға қызмет көрсетумен байланыссыз болған жағдайда) |
13. |
2014 |
Осы қызмет оның кәсіптік қызмет шеңберіне кірмейтін жағдайларды қоспағанда, қымбат металдар мен асыл тастарды, зергерлік бұйымдарды, қымбат металдар сынығын жаппай сатып алу-сату |
14. |
2015 |
Операция жасау кезінде анық жалған ақпарат ұсынуының салдарынан клиенттің толқып тұрғаны байқалады |
15. |
2016 |
Клиент не клиенттер тобы қаржы мониторингі субъектісінің қызметкерлеріне олардың уәкілетті органға хабарлама жіберу не қажетті ақпаратты тіркеуі бойынша міндеттемелерін орындамау мақсатында, оның ішінде сыйақы беруге ұсыныс жасау жолымен ықпал жасауды жүзеге асырады |
16. |
3001 |
Терроризмді қаржыландыру тәуекелі жоғары елге (елден) ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасау |
17. |
3002 |
Мәмілеге қатысатын коммерциялық емес ұйымдардың қатысуын қоспағанда, қайырымдылық қызметімен және (немесе) өзге де қайырмалдықпен байланысты ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасау |
18. |
3003 |
Діни бағыттағы коммерциялық емес ұйымдардың қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасау |
19. |
3004 |
Клиенттің осы операция(операциялар) терроризмді және (немесе) экстремизмді қаржыландыруға бағытталған деуге негіз туындаған операцияны (операцияларды) жасауға әрекеттенуі не жасауы |
20. |
6003 |
Тіркеу мекенжайы тіркеу орнымен, сондай-ақ терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген немесе алынып тасталған тұлғалар мен ұйымдардың орналасқан жерімен сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен операциялар |
21. |
7002 |
Химиялық, биологиялық және ядролық қаруға және олардың құрауышына жататын заттарды, егер бұл клиенттің қызметіне жатпаса, сатып алу-сатуға, тасымалдауға, дайындауға, сақтауға және сатып өткізуге байланысты ақшамен және өзге де мүлікпен жасалатын операциялар |
22. |
7003 |
Егер бұл клиенттің қызметіне жатпаса, әскери мақсаттағы заттарды, дәрі-дәрмекті сатып алуға-сатуға байланысты ақшамен және өзге де мүлікпен жасалатын операциялар |
23. |
7004 |
Егер бұл клиенттің қызметіне жатпаса, дәрілік препараттарды ғана емес, сонымен қатар улы және күшті әсер ететін басқа да синтетикалық және табиғи заттарды өзіне қамтитын, сатып алуға-сатуға байланысты ақшамен және өзге де мүлікпен операциялар |
24. |
7006 |
Қаржы мониторингі субъектісінің ішкі рәсімдеріне сәйкес олардың қызметі, операциялары не оларды жасау әрекеттері күдікті деп танылған клиенттер |
|
|
2. Ақша төлемдері мен аударымдары бойынша қызметтер көрсету кезінде |
25. |
1010 |
Өзінің шаруашылық қызметінің негізгі сипатына және оның нақты қажеттіліктеріне сәйкес келмейтін тұлғалардың тауарлар мен қызметтер үшін ақша төлемдері немесе түсімдері |
26. |
1011 |
720 күннен асатын экспорт немесе импорт шарттары бойынша резиденттің репатриация мерзімін көрсетуі (Қазақстан Республикасының аумағындағы құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау және/немесе қызмет көрсетуді көздейтін шарттарын қоспағанда) |
27. |
1016 |
Мынадай: мәселен, білікті персоналдың, жабдықтың, айналым қаражатының және материалдық қорлардың болмауының объективті себептеріне байланысты төлеуші және (немесе) алушы көрсете алмайтын қызметтер үшін түсімдер және (немесе) төлемдер |
28. |
1017 |
Қалыптасқан іскер тәжірибеден өзгеше есеп айырысулар жүргізу тәртібімен стандартты емес немесе әдеттегідей емес күрделі нұсқаулықтардың болуы |
29. |
1023 |
Мәні бойынша сомалары бірдей және/немесе ұқсас ақшаны кейіннен қайта аудара отырып, клиенттің басқа банктегі (банктердегі) шотына (шоттарына) ақша қаражатын аудару бойынша ағымдағы шоттынан тұрақты түрде жүргізілетін ақша аударымдары |
30. |
1026 |
Клиенттің оның ішінде резидент еместердің қатысуымен әдеттен тыс жоғары сыйақы мөлшерімен қарыз беруімен (алуымен) байланысты ақша төлемдері мен аударымдары |
31. |
1027 |
Клиенттің тауарларды (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету және т.б.) жеткізу шарты бойынша бұрын алынған авансты қайтару жөнінде ақша төлемдері мен аударымдарын тұрақты негізде жүзеге асыруы |
32. |
1028 |
Әдеттегі іскерлік тәжірибеден қомақты түрде өзгешелігі бар мөлшерде мәміле затын төлеуге байланысты емес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеумен байланысты төлемдер |
33. |
1029 |
Маркетингтік, консультациялық немесе зерттеу қызметтерін көрсету бойынша мәмілелер шеңберінде клиенттің тұрақты ақша аударуы (алуы) |
34. |
2012 |
Төлем жасалған немесе қарыз аударылған бастапқы шоттан басқа шотқа бұзылған мәміле немесе қарыз шарты бойынша клиенттің соманы қайтаруды жүзеге асыру ұсынысы |
35. |
5001 |
Операция бойынша алушы-резидент емеспен шарт бойынша алушы-резидент еместің атауының/Т.А.Ә. сәйкес келмеуі |
36. |
5002 |
Шарт (шарттар) бойынша тарап болып табылмайтын резидент еместің пайдасына тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) импортына шарт (шарттар) бойынша ақша төлемдері мен аударымдары |
37. |
5004 |
Сыртқы экономикалық қызмет немесе осыған ұқсас мәмілелерге қолданылатын осындай мәмілелерді және/немесе халықаралық ережелерді жүзеге асыру жөніндегі сыртқы экономикалық қызметтің жалпы қабылданған тәжірибесінен оның орындалу тәртібі бойынша шарттың негізгі талаптарының маңызды айырмашылығы |
38. |
7001 |
Қаржы саласындағы қызметті және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиясы клиентте болмаған кезде жеке тұлғалардан ақша және (немесе) өзге де мүлік тартумен байланысты төлемдер мен аударымдар |
39. |
7007 |
Кеден одағының кеден аумағына тауардың нақты келіп түсуін көздемейтін не Кеден одағының аумағы бойынша тауарды алып өтуді көздемейтін тауарлар импортының шарты бойынша Кеден одағына кірмейтін мемлекеттер резиденттерінің пайдасына ақша төлемдері мен аударымдары |
40. |
7008 |
Олар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында жасалды деп ұйғаруға негіз туындауға қатысты банктік шот ашпай-ақ шет елге жүйелі ақша аударымдары |
41. |
7009 |
Валюта шартын ұсынбастан жүзеге асырылатын валюталық операциялар бойынша жүйелі ақша төлемдері мен аударымдары |
42. |
7011 |
Интернет-сауда саласындағы клиенттің қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда, клиенттің пайдасына ірі мөлшерде электрондық ақшаны пайдалана отырып төлемдер түсімі не бірнеше рет электрондық ақша төлемдерінің түсімі |
43. |
7012 |
Клиенттің пайдасына электрондық ақша сәйкестендірілмеген иелерінен электрондық ақшаны төлемдердің жиі түсуі (салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу бойынша, коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері, телерадиохабар қызметтері бойынша төлемдерді қоспағанда) |
|
|
3. Банктік қызмет көрсету кезінде |
44. |
1019 |
Егер клиенттің негізгі қызметі әдетте қолма-қол ақшасыз нысанда есеп айырысу болып табылса, заңды тұлға-клиенттің шотына түсіп отыратын қолма-қол ақша үлесінің айтарлықтай ұлғаюы |
45. |
1025 |
Егер қолда бар ақпарат кредиттік қарыздың қаржыландыру көзін анықтауға мүмкіндік бермесе, клиенттің кредитті мерзімінен бұрын өтеуі |
46. |
2006 |
Жеке қатысуды талап ететін жағдайларда клиенттің алынып тасталған терминалмен ғана дербес жұмыс істеуді табанды талап етуі |
47. |
2013 |
Айырбастау операцияларын жүргізу кезінде зақымданған және/немесе ұсқынсыз банкноталарды жиі ұсыну |
48. |
4003 |
Есептелгеннен кейін қысқа уақыт ішінде банктік шоттан ақшаның барлық не қомақты бөлігін алу немесе аудару |
49. |
4005 |
Қызметтердің және (немесе) тауарлардың әрқилы түрлерінің кең спектрін көрсеткені үшін алынған ақшаның бүкіл не қомақты бөлігін банк шотынан алу немесе аудару |
50. |
4006 |
Клиенттің бұрынғы атына немесе отбасы мүшелеріне (сол әрекет заңды тұлғаларға да) кейіннен жаңа шоттар аша отырып, шоттарды жабу |
51. |
4008 |
Сол бір адамның не адамдар тобының ақшаны банктік шоттан (шоттардан) жүйелі түрде алуы |
52. |
4009 |
Банктік шоттан ақшаны жүйелі түрде алуды жүзеге асыратын сыртқы келбеті ұсқынсыз (тұрғылықты жері жоқ адамның белгілері, нашақорлық және маскүнемдік белгілері) тұлға |
53. |
4012 |
Кейіннен қолма-қол ақша нысанында алу не бір шотқа салымдар (депозиттер) мерзімі аяқталғаннан кейін сома есептеу және (немесе) кейіннен басқа банкке аудару аз уақыт кезеңі ішінде бір клиенттің атына соманың шекті мәнінен аспайтын сомаға жедел депозиттік шоттардың бірнешеуін ашу |
54. |
4013 |
Үшінші тұлғадан клиенттің банктік шотына кейіннен осы ақшаны клиенттің алуымен не бір операциялық күн ішінде немесе одан кейінгі күні клиенттің немесе үшінші тұлғаның банктік шотына бүкіл немесе қомақты аудара отырып тұрақты қолма-қол ақша есептеу |
55. |
7013 |
Клиенттің және мұндай тұлғалардың қызметі арасында анық байланыс болмаған жағдайда үшінші тұлғаның пайдасына ашылатын (ашылған) депозиттерге клиенттің тұрақты қолма-қол ақша есептеуі |
56. |
7015 |
Делдалдың немесе дилердің атына ашылған банктік шотқа, оның ішінде делдал немесе дилер олардың клиентіне тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау үшін ашқан банктік шотқа қолма-қол ақша салу |
57. |
7016 |
Сақтандыру агенті ретінде қызметін жүзеге асыратын тұлғаның атына ашылған банктік шотқа қолма-қол ақша салу |
58. |
7017 |
Сақтандыру агентінің өз банктік шотына жүйелі түрде қолма-қол ақша салуы |
59. |
7018 |
Қолма-қол ақша қабылдауға арналған жабдықтың (құрылғының) көмегімен жүзеге асырылатын клиенттің шотына ақшаның жүйелі түрде түсуі |
60. |
7019 |
Клиенттің қызметі қымбат металдарды немесе асыл тастарды өңдеумен байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттің кредит бойынша қамтамасыз ету ретінде қымбат металдар мен асыл тастарды бірнеше рет ұсынуы |
61. |
7023 |
Клиенттің қызметтік сипатымен байланысты емес алдын ала төленіп қойылған төлем карточкаларының үлкен көлемін сатып алуы |
62. |
7031 |
Алты айдан астам мерзім ішінде операциялар жүргізілмеген клиенттің шотына кейіннен клиенттің қолма-қол нысанда ақша қаражатын алуымен ақша қаражатын есептеуі |
|
|
4. Бағалы қағаздар, зейнетақы қорлары нарығында қызмет көрсету кезінде |
63. |
1003 |
Клиенттің не оның нұсқауы бойынша нәтижесінде бұл бағалы қағаздардың (қаржы құралдарының) иеленушілері өзгермейтін бағалы қағаздармен (қаржы құралдарымен) мәмілелер жасалуы |
64. |
1004 |
Осыған ұқсас мәмілелер бойынша ағымдағы нарықтық бағадан едәуір ауытқитын бағалар бойынша жасалатын бағалы қағаздарды сатып алу және сату жөніндегі мәмілелер |
65. |
1005 |
Осыған ұқсас мәмілелер бойынша ағымдағы нарықтық бағадан едәуір ауытқитын бағалар бойынша бағалы қағаздардың ұйымдасқан және/немесе ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды сатып алу (сату) туралы екі немесе бірнеше сауда-саттыққа қатысушылардың немесе олардың өкілдерінің келісімі |
66. |
1006 |
Инвесторларды жария орналастырылатын және/немесе жария айналымдағы бағалы қағаздарды сатуға немесе сатып алуға итермелеу мақсатында жалған немесе дәйексіз ақпарат тарату |
67. |
1007 |
Клиенттің бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы болып табылмайтын және (немесе) бағалы қағаздар клиент алдында контрагенттің қарызын өтеуге клиентке берілмеген жағдайда бағалы қағаздар мен қаржылық қызметтердің ұйымдасқан нарығында айналыста болатын бағалы қағаздардың көп мөлшерін біржолғы сатуы (сатып алуы) |
68. |
1008 |
Сатып алу, көрсетілген бағалы қағаздарды іске асырудан түскен ақша бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында айналыста болатын өтімділігі жоғары бағалы қағаздарды сатып алуға бағытталған жағдайда ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығында айналыста болмайтын және баға белгіленбеген бағалы қағаздарды кейіннен сата отырып сатып алу бойынша тұрақты қаржы операциялары (тәртіпті бағалы қағаздар нарығында айналысатын бағалы қағаздарды сатып алуға арналған өтінім қанағаттандырылған сәтте анықталады) |
69. |
7032 |
Қаржы мониторингі субъектісімен өзара қарым-қатынаста айтарлықтай тарихы бар клиент күтпеген жерден активтерінен құтылады және (немесе) активтерін шетелге ауыстыру мақсатында шоттарын жабады |
70. |
7033 |
Бағалы қағаздарды (қаржы құралдарын) жоғары бағамен сатып алу және оларды кейіннен қомақты залалға жеткізетіндей сату |
71. |
7034 |
Листингтік емес бағалы қағаздарды қысқа уақыт мерзімі ішінде жүзеге асырылған үлкен баға айырмашылығымен сатып алу және сату |
72. |
7035 |
Клиенттің не оның нұсқауы бойынша нәтижесінде бұл бағалы қағаздардың (қаржы құралдарының) бенефициарлық меншік иесі өзгермейтін бағалы қағаздармен (қаржы құралдарымен) мәмілелер жасау |
73. |
7036 |
Түрлі адамдардан зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының түсуі |
74. |
7037 |
Шетелдіктің не азаматтығы жоқ не шарт жасаған кезде шекті жасқа жеткен немесе соған жақындаған адамның атына жеке зейнетақы шотын аша отырып оған кейіннен ерікті зейнетақы жарналары түрінде едәуір сома аудару |
|
|
5. Сақтандыру саласында қызмет көрсету кезінде |
75. |
1020 |
Өмірді жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандырылушыны және пайда алушыны ауыстыру жөнінде операциялар жасау |
76. |
1021 |
Клиент оның денсаулығы жағдайы мен жас шамасын ескере отырып, сақтандыру шартының қолайсыз талабын қабылдайды |
77. |
7026 |
Клиенттің ірі сомаға жасаған ерікті сақтандыру шартын ол жасалғаннан кейін шамалы уақыт аралығы өткен соң сақтандыру сыйлықақысын оның ішінде үшінші тұлғаның пайдасына қайтарумен мерзімінен бұрын бұзуы |
78. |
7027 |
Клиенттің жинақтаушы сақтандыру шартына сәйкес көзделген сатып алу сомасы шегінде ол жасалғаннан кейін шамалы уақыт аралығы өткен соң қарыз алуға әрекеттенуі не алуы |
79. |
7028 |
Клиенттің жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге қолма-қол ақша беруге әрекеттенуі не беруі |
80. |
7029 |
Жасалған жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін тиісінше ұлғайта отырып, сақтандыру сомасының мөлшерін өзгерту |
81. |
7030 |
Клиенттің оның қажеттілігінен асатын сомаға сақтандыру полисін не мәлімделген кіріс деңгейіне жауап бермейтін сақтандыру сыйлықақысын сатып алуы |
82. |
7038 |
Сақтандыру дәнекерінің (сақтандыру брокерінің, сақтандыру агентінің) қызметі үшін үшінші тұлғаға сақтандыру дәнекерінің нұсқауы бойынша сыйақының бәрін не бөлігін төлеу |
83. |
7039 |
Сақтандыру дәнекеріне (сақтандыру брокеріне, сақтандыру агентіне) қызметтің осы түріне лайық мөлшерден анағұрлым асатын мөлшерде сыйақы төлеу |
|
|
6. Ақша аударымдарына пошталық қызметтер көрсету кезінде |
84. |
1022 |
Бір немесе бірнеше жеке тұлғалардың атына пошталық ақша аударымдарын бірнеше дүркін жүзеге асыру |
|
|
7. Нотариаттық, аудиторлық қызметтер көрсету кезінде |
85. |
1015 |
Қаржылық жалға беру шарты (лизинг) бойынша шарттың тиімсіз, экономикалық орынсыз талаптары бойынша мүлікті алу және/немесе беру (нотариустер) |
86. |
1024 |
Нақ сол бір мәміле заты сатылатын және сатып алынатын қаржы операцияларын жүйелі түрде жүзеге асыру |
87. |
1030 |
Жақын туыстық немесе жекжаттық, асыраушылық, қамқоршылық және қорғаншылық қатынастарда болмаған мәмілеге (операцияға) қатысушылар арасында мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы және/немесе өзге де мүлікті сыйға беру |
88. |
1032 |
Мәміле мәнінің шарты мен шын мәніндегі құнының анық сәйкес келмеуі |
|
|
8. Ойын бизнесі саласында қызметтер көрсету кезінде |
89. |
1031 |
Құмар ойындар және/немесе құмар ойындардың ставкалары бойынша ұтыс ретінде ойын мекемесінен ірі мөлшерде қаражатты бірнеше дүркін алу (төлеу) |
|
|
9. Лизинг қызметтерін көрсету кезінде |
90. |
1038 |
Егер қолда бар ақпарат борышты қаржыландыру көзін анықтауға мүмкіндік бермесе, бұрын міндеттеменің орындалу мерзімінің өтуіне жол берген клиенттің лизинг шарты бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеуі |
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |