Bestprofi Logo

Нормативтік қаулы № 3 от 2014-12-24г./Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Жоғары Төрелiк соты Пленумының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Жоғары Төрелiк соты Пленумының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3 Нормативтік қаулысы

Қазақстан Республикасының заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасында сот билігі туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» 1998 жылғы 14 мамырдағы № 1 нормативтік қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 8, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге):

бірінші абзацта «Конституциясы» деген сөзден кейін «(бұдан әрі - Конституция)» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші абзацтың үшінші сөйлемінде «Қазақстан Республикасы» деген сөздер алып тасталсын, «Конституциясының» деген сөз «Конституцияның» деген сөзге ауыстырылсын;

«Конституциялық Кеңеске» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне» (бұдан әрі - Конституциялық Кеңес)» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі 322-бабының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі (бұдан әрі - ҚПК) 342-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;

«кәнігі түрде» деген сөздер алып тасталсын;

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 362-бабы» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 430-бабы (бұдан әрі - ҚК)» деген сөздермен ауыстырылсын;

бірінші абзацтағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 513-бабы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 653-бабы» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Қылмыстық кодексінің 342-бабы» деген сөздер «ҚК-тің 410-бабы» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 541-бабының» деген сөздер «ӘҚБтК-нің 684-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 327-бабының» деген сөздер «ҚПК-нің 346-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 513-бабында» деген сөздер «ӘҚБтК-нің 653-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқықтың құрамына енгізіледі, жалпыға міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.»;

2) «Сот актілерін әдейі орындамағаны үшін жауаптылық туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 12 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге):

тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша «әдейі» деген сөз алып тасталсын;

бүкіл мәтін бойынша «әкімшілік немесе» деген сөздер алып тасталсын;

бүкіл мәтін бойынша «хабарламада», «Хабарламаға», «хабарламасын» деген сөздер «ұсынымда», «Ұсынымға», «ұсынымын» деген сөздермен тиісінше ауыстырылсын;

бүкіл мәтін бойынша «сот актілерін» деген сөздерден кейін «және атқарушы құжаттарды» деген сөздермен толықтырылсын;

бірінші абзацтағы «Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай — ҚІЖК) 131, 449» деген сөздер «Қылмыстық процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 127, 472» деген сөздермен тиісінше ауыстырылсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Заңды күшіне енген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісі мен атқару құжатын орындамау, сондай-ақ олардың орындалуына кедергі келтіру заңда көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.»;

бірінші абзацтағы «170, 305» деген цифрлар «171, 325» деген цифрлармен тиісінше ауыстырылсын;

«3. Жауапкерлерден ақшалай немесе өзге де өндіріп алулар туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін заңда көзделген жағдайларда соттар атқару парағын уақтылы жазуы, сот актісінің мөрмен куәландырылған көшірмесін немесе одан үзіндіні, жауапкердің орналасқан жерін көрсетіп, талап қоюды қамтамасыз ету үшін тыйым салынған мүліктің тізілімін қосуы және осы құжаттарды жауапкердің жазбаша өтініші бойынша өндіріп алушыға беруі және осы құжаттарды «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 52-бабында көзделген талаптарға сәйкес атқарушылық іс жүргізудің тиісті органына жіберуі қажет.»;

«Санкциялануға жататын атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулыны сот орындаушысы атқарушылық әрекеттер жасалған орны бойынша сотқа ұсынады. Қаулыға құжаттардың көшірмелерін жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында қосып, атқарушылық іс жүргізу материалдары қоса беріледі. Қаулы материалдар түскен күні соттың қарауына жатады. Қаулыда ол шығарылған күн, соттың атауы, судьяның тегі, аты, әкесінің аты, заң нормалары, қаулыда көрсетілген шараларды қабылдаудың уәждері мен негіздері көрсетіледі.

Санкцияны беруден бас тартылған жағдайда, сондай-ақ, егер қаулы АІЖК-нің 240-7-бабының 1-бөлігінің талаптарына сай келмесе, судья бас тартудың себептерін көрсете отырып, дәлел келтірілген ұйғарым шығарады.

Санкция беру туралы қаулыға, санкцияны беруден бас тарту туралы ұйғарымға АІЖК-ның 240-7 бабында көзделген тәртіппен шағымдануға және наразылық келтіруге болады.

Санкция беруден бас тарту туралы ұйғарымға атқарушылық өндіріске қатысушылар шағымдануға құқылы. Атқарушылық өндірістің қатысушылары Заңның 14-бабында көрсетілген тұлғалар болып табылады.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Сот орындаушылары атқару құжаттарын алған кезде сот актілерін орындауды қамтамасыз етуге бағытталған заңда көзделген шараларды қабылдауға тиіс.

Банктік шоттарды белгілеу, оларда ақшаның болуы, сондай-ақ борышкердің банктерде сақтаулы осы және басқа мүлігіне тыйым салу қажет болған жағдайда жоғарыда көрсетілген іс-қимылдарды санкциялау туралы шараларды дереу қабылдауы тиіс.

Сот орындаушыларының банктерден жеке тұлғаларға қатысты ақпаратты талап ету, банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен ақша қозғалысы туралы, сондай-ақ оның банктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлкінің сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер туралы қаулыларын санкциялау заңда көзделмеген («Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы»Жаңартылған Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы).

Жеке тұлғаларға қатысты мұндай мәліметтерді сот орындаушысы сотқа АІЖК 240-4-бабының тәртібімен ұсыным беріп жүгінген кезде ала алады.»;

бірінші абзацтағы «немесе қаржы полициясы органдары» деген сөздер «органдары немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, экономикалық тергеу қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзацта «мекенжай бюросының анықтамасын» деген сөздер «мекенжай анықтамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Борышкерге іздеу салу жөніндегі шығыстар атқарушылық әрекеттер болып табылады және борышкерден мемлекет пайдасына өндіріліп алынуға жатады. Мемлекеттік бюджетке өндіріп алынуға жататын борышкерге іздеу салуға шығындалған соманы Заңның 45-бабы 3-тармағына сәйкес іздеу салуды жүзеге асыратын органдардың арызының негізінде сот айқындайды.»;

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Қылмыстық қудалау органы ҚПК-нің 179, 180, 181, 185-баптарына сәйкес сот орындаушысының ұсынымын немесе өндіріп алушының арызын қарауға міндетті, бұл қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері бар мән-жайларды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау үшін негіз болып табылады немесе бұл хабарламаларды ҚПК-нің 186-бабына сәйкес тергеулігі бойынша беруге міндетті.»;

«12. Заңды күшiне енген сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актiсiн не атқарушылық құжатты орындамау, сол сияқты оларды орындауға кедергi жасау заңның жалпы нормасында да (ҚК-тің 430-бабы), сол сияқты арнайы нормаларда да (ҚК-тің 139, 152, 346, 431-баптары) көзделген.

Сот істі қараған кезде жалпы және арнайы нормалардың бәсекелестігін ескере отырып, Қылмыстық кодекстің тиісті баптары диспозицияларының ережелерін сақтауға тиіс.

ҚК-тің 430-бабына сәйкес жауаптылық заңды күшiне енген сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актiсiн не атқарушылық құжатты алты айдан астам орындамауды, сол сияқты оларды орындауға кедергi жасауды анықтаған кезде ғана туындайды.

ҚК-тің 430-бабында көзделген алты ай мерзімі сот актісі заңды күшіне енген кезден бастап есептелуге тиіс.

Сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау әрекет немесе әрекетсіздік нысаны ретінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау деп борышкердің сот актісін орындауға шаралар қабылданбауы, өндіріп алу жүргізілуі мүмкін жалақыны және басқа да мүлікті жасырып қалуды, жұмыс орны туралы, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысудан түсетін кірістер туралы ақпарат бермеуді, міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару жөнінде мәмілелер жасауды, сондай-ақ ақшалай қаражат пен мүлікті басқа да мақсаттарға пайдалануға байланысты өзге де іс-қимылдарды санауға болады.

Міндеттемені толық көлемде орындау мүмкіндігі бола тұрып, борышкердің сот актісін орындаудан жалтару мақсатында мардымсыз ақшалай соманы төлеуі орындамау деп бағалануға тиіс.

Жазалау түрі туралы мәселені шешкен кезде соттардың ҚК-тің 430-бабына ескертуді басшылыққа алғаны жөн.»;

14-тармақтағы «136, 140-баптары» деген сөздер «139-бабы» деген сөздермен ауыстырылсын;

15-тармақтағы «162» деген цифрлар «166» деген цифрлармен ауыстырылсын;

3) Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

3-тармақ күшін жойды ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 1 Нормативтік қаулысымен (25.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

4) «Соттардың мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін еріксіз иеліктен шығару жөніндегі заңдарды қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 8 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 2 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге):

кіріспедегі «, соның ішінде сатып алу арқылы» деген сөздер алып тасталсын;

«(сатып алу)» деген сөз алып тасталсын;

«(бұдан әрі - Жер кодексі),» деген сөздерден кейін «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңынан (бұдан әрі - «Мемлекеттік мүлік туралы» Заң),» деген сөздермен толықтырылсын;

«, Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы», «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» деген сөздер алып тасталсын;

бірінші абзацтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте Жер кодексінің 88-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 65-бабының 7-тармағына және 69-бабының 4-тармағына сәйкес, егер:

меншiк иесi немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін сатып алуға байланысты өзiнен жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшiн еріксіз иеліктен шығаруды бастау туралы қаулымен келіспесе;

сатып алынатын жер учаскесiнің құны туралы немесе сатып алудың басқа да шарттары туралы меншiк иесiмен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушымен келiсiмге келмесе;

сондай-ақ сатып алынатын мүлікке қатысты құқықтары еріксіз иеліктен шығарған кезде тоқтатылатын немесе шектелетін тұлғалармен мүлікті беру туралы келісімге келмесе, жергілікті атқарушы орган сотқа тиісті талап қоя алатынын соттар назарда ұстаулары қажет.»;

«шешімі» деген сөз «қаулысы» деген сөзбен ауыстырылсын;

«заңдармен» деген сөз «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабының 2-тармағымен» деген сөздермен ауыстырылсын;

«, сондай-ақ мемлекеттік және өңірлік бағдарламалармен көзделген құрылыс нысандарының және мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық мәні бар мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жобалардың» деген сөздер алып тасталсын;

«4) бағалау туралы есеп, құқық белгілеуші құжат (сату-сатып алу, сыйға тарту шарты және т.б.), немесе жер учаскесі мен онда орналасқан жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын немесе азаматтық-құқықтық шартта жер учаскесінің бағасы болмаған жағдайда кадастрлық (бағалау) құнын растайтын өзге де құжат;»;

5-тармақтағы «87-бабының 3-тармағының» деген сөздер «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 67-бабы 6-тармағының» деген сөздермен ауыстырылсын;

бірінші абзацтағы «сатылып алынатынын» деген сөздер «иеліктен шығарылатынын» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші абзацтағы «шешіміне» деген сөз «қаулысына» деген сөзбен ауыстырылсын;

«соның ішінде сатып алу арқылы иеліктен шығару,» деген сөздер алып тасталсын;

екінші және үшінші сөйлемдер алып тасталсын;

бесінші абзацтағы «шешімі», «шешімді» деген сөздер «қаулысы», «қаулыны» деген сөздермен ауыстырылсын;

«сатылып алынатын жер учаскесінің бағасы немесе сатып алудың басқа да шарттары туралы» деген сөздер «алынатын мүлік құрамы бойынша жер учаскесін не өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттың жобасы бойынша аталған мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін адамдар және өтеуге жататын залалдың мөлшері бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(сатып алу)» деген сөздер алып тасталсын;

11-тармақтағы «(сатып алынатын)» деген сөздер алып тасталсын;

бірінші абзацтағы «тәртібі» деген сөзден кейін «, стандарты» деген сөзбен толықтырылсын;

екінші сөйлем «көрсетпейтіндіктен,» деген сөзден кейін «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 67-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

бірінші абзац «бұл орайда» деген сөздерден кейін «, Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 67-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Иеліктен шығарылатын жер учаскесінің бағасы туралы мәселені зерттей отырып, соттар Мемлекеттік мүлік туралы заңның 67-бабының ережелерін ескеруге тиіс. Объектілердің нарықтық бағасын анықтау кезінде Мемлекеттік мүлік туралы заңның 67-бабының 3-тармағын, 208-бабын, «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңын және бағалауды жүргізуге, пайдаланылатын тәсілдер мен әдістерге, бағалау туралы есептердің мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды белгілейтін басқа да бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу керек.»;

төртінші абзацтағы «жер учаскесін сатып алу туралы шешім» деген сөздер «жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін еріксіз иеліктен шығару туралы қаулы» деген сөздермен ауыстырылсын;

бесінші абзацтағы «егер кондоминиумға қатысушылардың келiсiмiмен өзгеше анықталмаса,» деген сөздер алып тасталсын;

бірінші абзацтағы «сатып алу жолымен» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

«Меншік иесі ақшалай өтемақыны алудан жалтарған жағдайда, тұрғын үйден шығару және оны бұзу бөлігіндегі соттың шешімін орындау мәселесі меншік иесін ақшалай қаражаттың атқарушы іс жүргізу органының бақылау қолма-қол ақша шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына түскені туралы тиісінше хабардар еткеннен кейін шешілуге тиіс.»;

5) «Соттардың авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі кейбір заң нормаларын қолдануы туралы» 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 қаулысы:

үшінші абзацтағы «184-1-бапқа Ескертудегі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодесінің 3-бабының 2) және 38) тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

26-тармақтың бірінші абзацындағы «АІЖК» деген сөз «Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК)» деген сөздермен ауыстырылсын;

32-тармақтың екінші абзацындағы «, сондай-ақ табыс немесе шығынның орнына өтемақы төлеу» деген сөздер алып тасталсын;

6) «Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы» 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5, 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге):

20-тармақтағы «524» деген цифрлар «669» деген цифрлармен ауыстырылсын;

7) Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

7-тармақ күшін жойды ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 1 Нормативтік қаулысымен (25.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

8) «Соттардың азаматтық істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару тәжірибесі туралы» 2010 жылғы 25 маусымдағы № 1 қаулы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге):

8-тармақтың бірінші абзацындағы «520» деген цифрлар «664» деген цифрлармен ауыстырылсын;

9) «Іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолданудың кейбір басқа да мәселелері туралы» 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 1 қаулысы:

«618, 1-2» деген цифрлар «785, 1,2» деген цифрлармен тиісінше ауыстырылсын;

«әкімшілік құқық бұзушылық жасалған» деген сөздерден кейін «, адамдардың өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіпті, аварияны немесе техногендік апатты болдырмаған жерде» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Қамтамасыз ету шаралары әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғанға дейін (жеке тексеріп қараудан, жеке адамның заттарын тексеріп қараудан басқа), іс бойынша өндіріс кезінде және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны орындау сатысында қолданылуы мүмкін.»;

үшінші абзацтағы «618» деген цифрлар «785» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«шаралар қолданылған күннен бастап он күн ішінде» деген сөздер алып тасталсын;

«633-бабымен» деген сөздер «44-тарауымен» деген сөздермен ауыстырылсын;

«1)-6)» деген цифрлар «1), 3), 4), 5), 7)» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«619» деген цифрлар «786» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«6)» деген цифр «8)» деген цифрмен ауыстырылсын;

«619» деген цифрлар «786» деген цифрлармен ауыстырылсын;

екінші абзацтағы «620» деген цифрлар «787» деген цифрлармен ауыстырылсын;

төртінші абзацтағы «622» деген цифрлар «789-бабымен» деген сөздермен ауыстырылсын, «және 623-баптарымен» деген сөздер алып тасталсын;

бірінші сөйлемдегі «жеке адамды немесе заңды тұлғаның» деген сөздерден кейін «заңды» деген сөз алып тасталсын;

«, қаржы полициясы органдары» деген сөздер «органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі, экономикалық тергеу қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;

«немесе сот приставтары (ӘҚБтК-нің 584-бабының 4-бөлігі)» деген сөздер алып тасталсын;

бірінші абзацтағы «Аталған қамтамасыз ету шарасын» деген сөздер «Аталған қамтамасыз ету шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы қамтамасыз ету шараларын ӘҚБтК-нің 787-бабында көрсетілген лауазымды адамдар ӘҚБтК-нің 791 және 792-баптарының талаптарын сақтай отырып қолданады.»;

бірінші абзац «істің мән-жайына қарай сол» деген сөздерден кейін «көлік құралдары,» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші абзацтағы «627-2» деген цифрлар «794» деген цифрлармен ауыстырылсын;

8-тармақтың екінші абзацындағы «628, 632» деген цифрлар «795, 799» деген цифрлармен тиісінше ауыстырылсын;

«Көлік құралын,» және «көлiк құралын,» деген сөздерден кейін «кемені, оның ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;

«629» деген цифрлар «796» деген цифрлармен ауыстырылсын;

бірінші абзацтағы «630» деген цифрлар «797» деген цифрлармен ауыстырылсын;

бірінші, үшінші және төртінші абзацтардағы «көлiк құралдарын,», «Көлiк құралын,», «Көлік құралын,» деген сөздерден кейін «кемелерді, оның ішінде», «кемені, оның ішінде», «кемені, оның ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші абзацтағы «алаңдарға немесе тұрақтарға» деген сөздер «алаңдарға, тұрақтарға немесе көлікті бақылаудың тұрақты бекетінің жанындағы алаңдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;

«618» деген цифрлар «785» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«631 - 632-1» деген цифрлар «798 - 801» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«79-1, 79-5, 111-1, 112, 332, 355-1» деген цифрлар «73, 128, 131, 436, 442, 461» деген цифрлармен тиісінше ауыстырылсын;

«Занының» деген сөздің алдында «29 сәуір 2010 жылғы № 271-IV ЗРК» деген сөздермен толықтырылсын;

«534» деген цифрлар «669» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«қылмыстық жазаланатын іс-әрекет» деген сөздер «қылмыстық құқық бұзушылық» деген сөздермен ауыстырылсын;

15-тармақтағы «163» деген цирлар «282» деген цифрлармен ауыстырылсын;

бірінші абзацтағы «кезден бастап» деген сөздер «күннен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;

«69» деген цифрлар «62» деген цифрлармен ауыстырылсын;

екінші және үшінші абзацтар алып тасталсын;

бірінші абзацтағы «55-бабының 3-бөлігіне» деген сөздер «50-бабының 2-бөлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзацтағы «ӘҚБтК-нің 55-бабының 3-бөлігінің және 581-бабының негізінде» деген сөздер алып тасталсын;

үшінші абзацтағы «102-3» деген цифрлар «109» деген цифрлармен ауыстырылсын;

төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«қоғамдық орындарда тиісу (449-баптың 3 бөлігі)»;

бесінші абзацтағы «375-бап» деген сөздер «490-баптың 3 бөлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;

алтыншы абзацтағы «380-бап» деген сөздер «495-баптың 2 бөлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;

сегізінші абзацтағы «391-бап» деген сөздер «513-баптың 2-бөлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;

тоғызыншы абзацтағы «391-1-бап» деген сөздер «514-баптың 2-бөлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;

оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы (517-бап)»;

он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып, шетелдік жұмыс күшін және еңбек иммигранттарын тартуы, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы (519-баптың 4-бөлігі);»;

мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:

«Әскери қызметші Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді атқарған кезде оның заңды өкіміне немесе талабына бағынбау (516-баптың 2-бөлігі).»;

7-тармақтың екінші абзацындағы «56» деген цифрлар «51» деген цифрлармен ауыстырылсын;

бірінші абзацтағы «651» деген цифрлар «822» деген цифрлармен ауыстырылсын;

екінші абзацтағы «(ӘҚБтК-нің 394-1-бабы, ҚК-нің 330-1-бабы)» деген сөздер алып тасталсын;

бірінші абзацтағы «56» деген цифрлар «51» деген цифрлармен ауыстырылсын;

екінші абзацтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «ӘҚБтК-нің 8-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар, әкімшілік жаза шаралары, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті қамтамасыз ету шаралары және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары тек қана ӘҚБтК-мен анықталады.»;

«66» деген цифрлар «61» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«77-бабының 7-бөлігі» деген сөздер «79-бабының 9-бөлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Тиеу және беру кезінде өнімдер мен тауарлардың сақталмауы мен жеткіліксіздігіне байланысты дауларды шешу кезінде заңнаманың қолданылу практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Төрелік соты Пленумының 1993 жылғы 23 желтоқсандағы № 4 қаулысы;

2) «Төрелік шешімдердің орындалуы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Төрелік соты Пленумының 1995 жылғы 4 тамыздағы № 3 қаулысы;

3) «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы»Жаңартылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы № 18 нормативтік қаулысы;

4) «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы»Жаңартылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы № 18 нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 1 нормативтік қаулысы;

5) «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы»Жаңартылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы № 18 нормативтік қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 7 нормативтік қаулысы;

6) «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы»Жаңартылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы № 18 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 24 нормативтік қаулысы;

7) «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы»Жаңартылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы № 18 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 2 нормативтік қаулысы.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқықтың құрамына енгізіледі, жалпыға міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ. Мәми Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, жалпы отырыстың хатшысы Қ. Шаухаров

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание