• Мое избранное
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылы 21 қаңтардағы № 993 жарлығы

Осы Жарлыққа түсініктемені қараңыз
Осы Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 24.03.2020 жылғы № 292 Жарлығына сәйкес (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.08.2022 жылғы № 977 Жарлығына сәйкес (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 06.05.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктері үшін Мемлекеттік сыйлық беру жүйесін жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлығы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы тағайындалсын.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 24.03.2020 жылғы № 292 Жарлығына сәйкес (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.08.2022 жылғы № 977 Жарлығына сәйкес (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2. Мыналар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 24.03.2020 жылғы № 292 Жарлығына сәйкес (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.08.2022 жылғы № 977 Жарлығына сәйкес (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1) осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ереже;
2) осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереже;
3) осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже;
4) осы Жарлыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның құрамы;
5) осы Жарлыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы;
6) осы Жарлыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің сипаттамасы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 993 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Оң жақ жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.08.2022 жылғы № 977 Жарлығына сәйкес (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 30.10.2018 жылғы № 782 Жарлығымен (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 28.11.2018 жылғы № 793 Жарлығымен
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 24.03.2020 жылғы № 292 Жарлығымен (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 04.12.2020 жылғы № 462 Жарлығымен (17.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 01.07.2022 жылғы № 952 Жарлығымен (22.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.08.2022 жылғы № 977 Жарлығына сәйкес (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрі – Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық), Қазақстан Республикасының А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрі – А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлық) және Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрі – Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық) ғылым, техника, әдебиет және өнер қайраткерлерінің еңбегін қоғам мен мемлекет алдында жоғары тану болып табылады.
2. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтар Қазақстан Республикасының азаматтарына:
1) ұлттық және/немесе халықаралық деңгейде әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуға ықпал еткен ғылыми жаңалықтары;
2) білімнің жаңа салаларын және/немесе білімнің бір саласында жаңа бағытты ашқан монографиялар мен ғылыми жұмыстары;
3) мемлекеттік саясатта өзгерістерді қамтамасыз еткен ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелері;
4) техниканың, материалдар мен технологиялардың экономикалық және (немесе) әлеуметтік әсерді қамтамасыз еткен жаңа түрлерін әзірлегені және өндірісін ұйымдастырғаны, оларды жүргізілген зерттеулер негізінде экономиканың әртүрлі салаларына енгізгені;
5) экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтер қамтылатын түбегейлі жаңа бұйымдарды, технологиялық процестерді әзірлегені және жасағаны;
6) ғылыми білімдерді коммерциялық өнімдерге, экономикалық және әлеуметтік артықшылықтары бар процестерге немесе көрсетілетін қызметтерге инновациялық түрлендіргені;
7) басым әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуді және ішкі және сыртқы нарықтарда Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз еткен технологияларды өндіріске енгізу бойынша инновациялық қызметтің расталған нәтижелері үшін беріледі.
Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдіктерге Қазақстан мәдениетінің дамуына ерекше бағалы үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік туындылары үшін беріледі.
3. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықты және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті береді.
Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы екі мемлекеттік сыйлық, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы бір мемлекеттік сыйлық және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы екі мемлекеттік сыйлық екі жылда бір рет беріледі.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген шектеулер Әбу Насыр әл-Фарабидің, Ахмет Байтұрсынұлының және Абай Құнанбайұлының мерейтойларын халықаралық және республикалық деңгейде мерекелеу жылдары мемлекеттік сыйлықтарды беруге қолданылмайды.
4. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықты және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған жұмыстарды Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссиялар (бұдан әрі –комиссиялар) қарайды.
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 06.05.2024 жылғы № 541 Жарлығымен (26.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссиялардың құрамы мен олар туралы ережелер Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның қызметін, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
5. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлық және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы
5-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 06.05.2024 жылғы № 541 Жарлығымен (26.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)
мемлекеттік сыйлық ақшалай сыйақыдан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломынан және төсбелгісінен тұрады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреаты дипломының және төсбелгісінің сипаттамасы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
Комиссиялар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының ақшалай сыйақы мөлшерлерін олар берілетін жылы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген сомалар шегінде айқындайды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломдары мен төсбелгілерін дайындауға байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қаражаты есебінен қаржыландырылады.
6. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарды алуға ұсынылатын ғылыми еңбектер – жариялануға, ал техниканың жаңа түрлері, материалдар мен технологиялар Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарды алуға ұсынылған кезге қарай кемінде екі жыл бойы өндірісте игерілуге тиіс. Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты алуға жұмыстарды қабылдау аяқталғанға дейін бес жылдан аспайтын уақытта және кемінде бір жыл бұрын жария айналым үшін орындалған бір автордың немесе авторлар ұжымының жұмыстары ұсыныла алады.
Жұмыс Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықты және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты алуға бір рет ұсынылады.
Бұрын Қазақстан Республикасының сыйлықтарына ие болған жұмыстар Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықты және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты алу конкурстарына қатысуға жіберілмейді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы осы сыйлықтың лауреатына жаңа жетістігі үшін қайтадан, бірақ көрсетілген сыйлық алдыңғы берілгенінен кейін кемінде бес жылдан соң берілуі мүмкін.
Бір автор немесе авторлар ұжымы Мемлекеттік сыйлықты алуға қатарынан екі рет ұсыныла алмайды. Авторлар құрамы алдыңғы құрамының 2/3-сінен астамы ауысқан кезде авторлар ұжымы жаңартылған болып саналады.
7. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарға ұсынылатын авторлар ұжымы 8 адамнан аспауға тиіс.
Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа ұсынылатын авторлар ұжымы 5 адамнан аспауға тиіс.
Бір ізденушінің кандидатурасы Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлыққа, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлыққа және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа екі және одан да көп жұмыстар бойынша ұсыныла алмайды.
Мемлекеттік сыйлықтарға ұсынылатын авторлар ұжымына жұмысты орындау процесінде тек әкімшілік және/немесе ұйымдастыру функцияларын жүзеге асырған тұлғаларды қосуға жол берілмейді.
8. Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беруге ұсынылған жұмыстарды түпкілікті іріктеу қорытындылары бойынша оны авторлармен қатар шығармашылық ұжымға беруді ұсынуы мүмкін.
9. Жұмыстарды Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықты және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынуды ғылыми, оқу ұйымдарының ғылыми, ғылыми-техникалық, ғалымдар кеңестері мен басқа да алқалы органдары, шығармашылық одақтар мен ұжымдар жүргізеді.
10. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықты және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты алуға жұмыстарды қабылдау туралы хабарландырулар, сондай-ақ оларды ресімдеу жөніндегі талаптар бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.