• Мое избранное
«Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2010 жылғы 1 қазандағы № 341 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2010 жылғы 1 қазандағы № 341 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 157 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 31 желтоқсанда № 10052 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 жылғы № 214 Бұйрығына сәйкес
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2010 жылғы 1 қазандағы № 341 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6524 тіркелген, 2010 жылдың 10 қазанында № 270(26331) «Казахстанская правда» және 2010 жылдың 9 қарашасында № 461-468(26311) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы ереже Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияның (бұдан әрі - Ереже) міндеттерін, функцияларын, құқықтарын, пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияның құрамын (бұдан әрі - БИОК), көмірсутек шикізаты, уран және көмір кенорындарын іздеу, бағалау және игеру жөніндегі материалдарды және құжаттарды жинау мен сақтау тәртібін айқындайды.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. БИОК құрамын Қазақстан Республикасының Энергетика министрі бекітеді. БИОК құрамына, келісім бойынша, мүдделі мемлекеттік органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ, мұнай-газ, уран және көмір саласындағы тәжірибелі мамандар кіреді.
4. БИОК қызметін ұйымдастыру, іс жүргізу, БИОК материалдардары мен құжаттарын жинау мен сақтау жұмыстарын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту және көмір өнеркәсібі департаменті жүзеге асырады.
Ережеде қолданылытын атаулар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы заңымен белгіленген мағынада пайдаланылады.(бұдан әрі - Заң)»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. БИОК мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) көмірсутек шикізаты, уран және көмір кенорындарын барлау және игеру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын жобалау құжаттарын, оларға толықтырулар мен өзгерістерді бекіту не бекітуден бас тарту жөніндегі ұсыныстарды қарайды және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға енгізеді;
2) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға мұнай, газ және газконденсатты кенорындарына сынамалы пайдалану, сондай-ақ, уран мен көмір тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобаларын жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы ұсыныстар жібереді;
3) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жобалаушы ұйымдар мен жер қойнауын пайдаланушылар үшін көмірсутек шикізаты, уран және көмір кенорындарын ұтымды әрі кешенді пайдалануды арттыру бойынша ұсыныстар жібереді;
4) жобалау құжаттарында көмірсутек шикізаты, уран және көмір кенорындарын барлау және игерудің анағұрлым тиімді әдістері мен технологияларын қолдануды қамтамасыз етеді;
5) ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдары мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану, көмірсутек шикізаты, уран және көмір кенорындарын анық есепке алу, ұтымды әрі кешенді пайдалану мәселелері жөніндегі әзірлемелерін қарайды;
6) ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарынан және жер қойнауын пайдаланушылардан жер қойнауын пайдалану, көмірсутек шикізаты, уран және көмір кенорындарын ұтымды әрі кешенді пайдалану мәселелері бойынша анықтамалық және басқа да материалдарды сұрайды;
7) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жер қойнауын пайдаланушылардың өз құзыреті шегінде ұсынылатын жобалау құжаттарына ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мемлекеттік органдарда қосымша сараптамалар жүргізу қажеттігі туралы ұсыныстар жібереді;
8) жобалау ұйымдары мен жер қойнауын пайдаланушыларға ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарының және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану, көмірсутек шикізаты, уран және көмір кенорындарын дұрыс есепке алу, ұтымды әрі кешенді пайдалану мәселелері бойынша жаңа нысандар мен әдістер қолдануды ұсынады.»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. БИОК-ке мынадай құжаттар:
1) іздеу жұмыстарының, бағалау жұмыстарының, сынамалы пайдалану және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жұмыстарының жобаларын;
2) тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру, игерудің технологиялық схемасы, өнеркәсіптік игеру жобаларын тапсырылады.
9. Көмірсутек шикізаты бойынша іздеу, бағалау жұмыстарының, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобалары БИОК-та жобаның БИОК-қа келіп түскен күнінен бастап бір ай ішінде қаралады және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган БИОК-тан ұсыныстар түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бекітеді.
Сынамалық пайдалану жобасын БИОК жобаның БИОК-қа келіп түскен күнінен бастап үш ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен бекітіледі.
Ереженің 8-тармағы 1-тармақшасында көрсетілген жобаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобалары БИОК-қа келіп түскен күнінен бастап бір ай ішінде қаралады және бекітіледі.
Егер Заңның 64 және 65-бабының 2-тармақшасында көрсетілген сараптамалардың бірінде теріс қорытынды бар болса, Ереженің 8-тармағы 1-тармақшасында көрсетілген жобаларға жер қойнауын пайдаланушыға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге рұқсат берілмейді.
БИОК уран және көмір кенорындарының өнеркәсіптік игеру жобасы БИОК-қа келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган БИОК-қа ұсыныстар келген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бекітеді.
БИОК тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасын, игерудің технологиялық схемасына, өнеркәсіптік, тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану жобаларын келіп түскен күннен бастап үш ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган БИОК-қа ұсыныстар келген күнінен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күні ішінде бекітеді.
Ереженің 8-тармағы 2-тармақшасында көрсетілген жобаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобалары БИОК-қа келіп түскен күнінен бастап бір ай ішінде қаралады және бекітіледі.
Заңның 66-бабында көрсетілген негіздер бойынша Ереженің 8-тармағы 2-тармақшасында көрсетілген жобаларға жер қойнауын пайдаланушыға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге рұқсат берілмейді.».
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға бұқаралық ақпараттық құралдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник