«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасарлары және оның аумақтық департаменттерінің басшылары мен басшы орынбасарларының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жауапты хатшысының м.а. 2014 жылғы 6 қарашадағы № 218 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Жауапты хатшысының 12.04.2016 жылғы № 276 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасарлары және оның аумақтық департаменттерінің басшылары мен басшы орынбасарларының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Персоналды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрағасы А.М. Құрмановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Жауапты хатшының міндетін атқарушы Ж. Омаров
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жауапты хатшысының м.а. 2014 жылғы 6 қарашадағы № 218 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасары (1 бірлік), С-1 санаты, 24-1-2
Критерийлер | Талаптар |
Білімі | Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласындағы жоғары білім (жалпы медицина, стоматология, медицина, қоғамдық денсаулық сақтау), ғылыми дәреженің бар болуы |
Кәсіби біліктілігі | 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», 1995 жылғы 18 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы», 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы(», 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы», 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы», 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан - 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу. |
Практикалық тәжірибесі | Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5084 тіркелген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілі біліктілік талаптарға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы басшы қызметінде жұмыс тәжірибесінің болғаны дұрыс, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс дағдысы; компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйелерімен, Outlook Express, Internet Explorer жұмыс істеу білу. |
Функциялық міндеттері | Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер көлемін бақылау мәселелері бойынша Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмысына басшылық ету және ұйымдастыру; Стационарлық және стационарды алмастыратын көмектің сараптамалық жұмысын үйлестіру; ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүргізудің уақтылы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету; Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің медициналық қызметтерін сараптау әдістемесін әзірлеуді және жетілдіруді жүзеге асыру; Емделіп шыққан науқастардың дерекқоры негізінде өңірлер мен қызметтер берушілер бөлінісіндегі сараптамалық жұмыстың нәтижелеріне мониторинг жүргізу; Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың базасында кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша қаржыландыруды бағалауға мониторинг жүргізу; Медициналық көмек көрсетудің деңгейлері бойынша жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызуды көрсетуге бағалау жүргізу; Ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тұрақты мониторинг пен бақылау жүргізу; Нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерді, стандарттарды, нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу; құзыреті шегінде БҰДЖ енгізу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу, оның ішінде өңірлерге бару. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасары (1 бірлік), С-1 санаты, 24-1-3
Критерийлер | Талаптар |
Білімі | Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім (экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару), ғылыми дәреженің бар болуы |
Кәсіби біліктілігі | 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», 1995 жылғы 18 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы», 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы», 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы», 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан - 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу. |
Практикалық тәжірибесі | Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5084 тіркелген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілі біліктілік талаптарға сәйкес қаржы және стратегиялық жоспарлау саласында, талдамалы және ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуде басқару тәжірибесінің, жұмыс тәжірибесінің, нормативтік құқықтық актілерді және кәсіби оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша дағдысының болғаны дұрыс; компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйелерімен, Outlook Express, Internet Explorer-мен жұмыс істеу білу. |
Функциялық міндеттері | Құзыреті шегінде ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және республикалық бюджет қаражатының есебінен оның шығындарын өтеу, Комитет жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша ТМККК қызметтерін мониторингілеу және ақы төлеу мәселелері бойынша, сондай-ақ өз құзыреті шегінде БҰДЖ шеңберіндегі бағдарламалардың іске асырылуын талдау және бағалау бойынша Комитеттің және аумақтық бөлімшелерінің жұмысына басшылық ету және ұйымдастыру. Бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Жоспарлау және қаржыландыру мәселелері бойынша Комитеттің аумақтық департаменттерінің қызметін үйлестіруді жүргізу. Комитет жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын нысаналы пайдалануды және оны игеруді қамтамасыз ету. ТМККК-нің медициналық қызметтеріне арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін әзірлеуге және жетілдіруге қатысу; Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көлемдерінің орындалуына мониторинг пен талдау жүргізу; ТМККК көрсету мен қаржыландыруды жетілдіруге бағытталған кеңестерді, семинарларды, конференцияларды және басқа да іс-шараларды жүргізуге қатысу; құзыреті шегінде БҰДЖ енгізу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу, оның ішінде өңірлерге шығу. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаментінің басшысы (16 бірлік), С-О-1 санаты, 24-2-1
Критерийлер | Талаптар |
Білімі | Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласындағы жоғары білім (жалпы медицина, стоматология, медицина, қоғамдық денсаулық сақтау) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім (экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару). |
Кәсіби біліктілігі | 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», 1995 жылғы 18 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы», 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы», 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы», 2007 жылғы 12 қақтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан - 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу. |
Практикалық тәжірибесі | Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5084 тіркелген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2008 жылғы 9 қақтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілі біліктілік талаптарға сәйкес денсаулық сақтауды ұйымдастыру саласындағы басшы қызметінде жұмыстың болғаны дұрыс, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс дағдысының болуы; компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйелерімен, Outlook Express, Internet Explorer жұмыс істеу білу. |
Функциялық міндеттері | Комитеттің аумақтық департаментінің қызметіне жалпы басшылық ету; кадрды іріктеу және орналастыру; ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерге ақы төлеу, БҰДЖ-ны қаржыландыру және ақпараттық-талдамалы сүйемелдеу механизмін жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, мемлекеттік кәсіпорындармен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ведомстволарының аумақтық бөлімшелерімен, ғылыми және ақпараттық орталықтармен, меншік нысанына қарамастан медициналық кәсіпорындармен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; ТМККК қызметтер берушісін таңдау жұмысын ұйымдастыру; республикалық бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде ТМККК көлемдеріне және медициналық қызметтерге ақы төлеуге сараптама жүргізу; қызметтер берушілерге экономикалық ықпал ету шараларын қолдану, бөлінген бюджет қаражатын нысаналы пайдалануды және игеруді қамтамасыз ету; Комитетке талдамалы және басқа да есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаментінің басшы орынбасары (16 бірлік), С-О-2 санаты, 24-2-2
Критерийлер | Талаптар |
Білімі | Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім (экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласындағы жоғары білім (жалпы медицина, стоматология, медицина, қоғамдық денсаулық сақтау) немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы жоғары білім (математика, информатика, физика, ядролық физика, химия) немесе технологиялар және техникалық ғылымдар саласындағы (жоғары білім (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік үлгілеу, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) |
Кәсіби біліктілігі | 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», 1995 жылғы 18 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы», 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы», 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы», 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан - 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу. |
Практикалық тәжірибесі | Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5084 тіркелген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілі біліктілік талаптарға сәйкес мемлекеттік бюджетті жоспарлау, қаржы менеджменті саласында басшы қызметінде жұмыстың болғаны дұрыс, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс дағдысы; компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйелерімен, Outlook Express, Internet Explorer жұмыс істеу білу. |
Функциялық міндеттері | Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша алдағы кезеңге жоспарланып отырған бюджет қаражатын облыстық денсаулық сақтау басқармаларымен келісу; жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалардың міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастыруға қатысу; ТМККК шеңберіндегі медициналық қызметтер берушілерін уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз ету; ТМККК шеңберіндегі қызметтер берушіні таңдау жұмысын ұйымдастыруға және республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын стационарлық пен стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде медициналық қызметтерге ақы төлеуге қатысу; бөлінген бюджет қаражатын нысаналы пайдалануды және игеруді қамтамасыз ету; ТМККК көлемдеріне сараптама жүргізу; денсаулық сақтау субъектілеріне экономикалық ықпал ету шараларын қолдану, жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатының уақтылы игерілуін болжамдау; өңір бөлінісінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландыру нәтижесі бойынша медициналық-экономикалық талдау жүргізу. Бастапқы медициналық құжаттама мен емделіп шыққан науқастардың дерекқоры негізінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемдеріне бақылау жүргізу; ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерге ақы төлеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, мемлекеттік кәсіпорындармен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ведомстволарының аумақтық бөлімшелерімен, ғылыми және ақпараттық орталықтармен, меншік нысанына қарамастан медициналық кәсіпорындармен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменті басшының орынбасары (2 бірлік), С-О-2 санаты, 24-2-3
Критерийлер | Талаптар |
Білімі | Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласындағы жоғары білім (жалпы медицина, стоматология, медицина, қоғамдық денсаулық сақтау) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім (экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару) |
Кәсіби біліктілігі | 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», 1995 жылғы 18 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы», 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы», 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы», 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан - 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу. |
Практикалық тәжірибесі | Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5084 тіркелген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілі біліктілік талаптарға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы басшы қызметінде жұмыстың болғаны дұрыс, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс дағдысы; компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйелерімен, Outlook Express, Internet Explorer жұмыс істеу білу. |
Функциялық міндеттері | Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау жұмысы мен медициналық қызметтерге ақы төлеуді ұйымдастыруға қатысу; мемлекеттік органдармен, мемлекеттік кәсіпорындармен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ведомстволарының аумақтық бөлімшелерімен, ғылыми және ақпараттық орталықтармен, меншік нысанына қарамастан медициналық кәсіпорындармен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; Комитетке есептер мен талдауды уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету, бастапқы медициналық құжаттама мен емделіп шыққан науқастардың дерекқоры негізінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемдеріне бақылау жүргізу; тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің ақауларына құрылымдық талдаудың жүзеге асырылуын бақылау; өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. |
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |