Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялық және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 қаңтарда № 10069 тіркелді
Редакция 06.06.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрық заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін oн жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы А. Рау
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2014 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 247 бұйрығымен бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесі
21. Астана – Айсары – Арқалық.
30. Астана – Көкшетау – Саумалкөл.
31. Астана – Бурабай Курорты.
32. Астана – Қызыл-Ту – Петропавл.
35. Астана – Павлодар – Семей.
42. Қарағанды – Жезқазған – Маңғыстау.
44. Қарағанды – Қостанай.
45. Қарағанды – Петропавл.
46. Көкшетау – Астана – Ерейментау.
48. Қызылорда – Көкшетау.
49. Қызылорда – Павлодар.
50. Қызылорда – Петропавл.
55. Өскемен – Жаланашкөл – Достық.
56. Павлодар – Пресногорьков.
57. Павлодар – Түркістан.
Әлеуметтік маңызы бар қатынас қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал ететін және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін қатынас болып танылады:
1) мемлекеттік маңызы – мемлекетаралық байланыстарды дамыту, Қазақстан Республикасының астанасы мен облыс орталықтарын Қазақстан Республикасымен айтарлықтай қоғамдық, сауда немесе өзге де өзара қатынастары бар мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық бірліктерінің астаналарымен және басты қалаларымен қосу;
2) баламасыздығы – ұзақтығы үлкен әрі тармақталуы aз болғанда қайта отырғызусыз қатарлас қатынастардың болмауы, ауа райы жағдайларына тәуелсіздігі, барлық маусымдылығы, жолаушыларды біржолғы жаппай тасымалдау;
3) әлеуметтік маңызы – халықтың жан басына шаққандағы табысында жол жүруге арналған шығысының қолжетімді деңгейінің сақталуы;
4) қолжетімділігі – азаматтардың қолжетімді балама көлік түрлері жоқ бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еркін орын ауыстыру, оның шегінен тыс шығу және кедергісіз қайтып келу мүмкіндігін қамтамасыз ету.