• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Документ показан в демонстрационном режиме!
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 59 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 27 желтоқсанда № 3934 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8/74-VI "2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3919 шешіміне сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кентау қаласының 2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1 және 2 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:
      1) кiрiстер – 10 500 912 мың теңге, оның iшiнде:
      салықтық түсiмдер – 975 899 мың теңге;
      салықтық емес түсiмдер – 30 093 мың теңге;
      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 20 660 мың теңге;
      трансферттер түсiмi – 9 474 260 мың теңге;
      2) шығындар – 10 581 211 мың теңге;
      3) таза бюджеттiк кредиттеу – 1 996 мың теңге, оның ішінде:
      бюджеттік кредиттер – 3 404 мың теңге;
      бюджеттік кредиттерді өтеу – 1 408 мың теңге;
      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
      қаржы активтерін сатып алу – 0;
      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
      5) бюджет тапшылығы – -82 295 мың теңге;
      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 82 295 мың теңге, оның ішінде:
      қарыздар түсімі – 3 404 мың теңге;