• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2020 г

Отправить по почте

1

Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 144 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 желтоқсанда № 10065 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 02.06.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес 
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.09.2015 жылғы № 565 Бұйрығына сәйкес (28.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
_______________ М.Құсайынов
2014 жылғы 8 желтоқсан

 «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы
_______________ Е.Сағадиев
2014 жылғы 28 қараша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
2014 жылғы 25 қарашадағы
 № 144 бұйрығымен
 бекітілген
1
Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсаттар беру қағидалары
1. Осы Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабы 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртібін айқындайды.
2. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) алу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) мына құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беруге арналған өтінім;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінім берушінің штатында тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе тиісті арнайы орта білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, кемінде екі инженерлік-техникалық қызметкер – жауапты орындаушылардың бар екендігін растайтын құжаттарымен бірге мәліметтер нысанын;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама немесе заңды тұлға құрмай жұмыс істейтін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
*«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
3. Рұқсатты осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган береді.
4. Рұқсатты уәкілетті орган тиісті құжаттармен бірге өтінім берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Уәкілетті орган белгіленген мерзімдерде жауап ұсынбаған жағдайларда, рұқсат беру берілді деп есептеледі.
5. Өтінім берушіге рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауап мынадай жағдайларда:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 17.06.2016 жылғы № 251 Бұйрығына сәйкес (11.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) өтініш берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) өтініш берушінің рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;
3) өтініш берушіге қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) өтініш берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылғаны туралы көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімі болған жағдайда жіберіледі.
Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.
6. Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсат үш күнтізбелік жыл мерзімге беріледі.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 17.06.2016 жылғы № 251 Бұйрығына сәйкес (11.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
7. Уәкілетті орган берілген рұқсаттардың есебін «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізеді.  
Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып
 жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды
бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге,
 монтаждауға, оған қызмет көрсетуге
 рұқсаттар беру қағидалары
 1-қосымша
1
Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсат беруге арналған
ӨТІНІМ
      (өтінім беруші ұйымның атауы немесе дара кәсіпкерлер Т.А.Ә.)
    (өтінім беруші ұйымның мекенжайы немесе тұрғылықты мекенжайы)
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар
жүргізу, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды
жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету туралы мәлімдейді
Озон қабатын бұзатын заттармен жұмыс жүргізу бойынша кәсіптік
Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып
 жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды
бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге,
 монтаждауға, оған қызмет көрсетуге
 рұқсаттар беру қағидалары
 2-қосымша
1
Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсат алу үшін талаптарға өтініш берушінің сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
         1. Озон қабатын бұзатын заттарды қайта өңдеу және алу жөніндегі жабдықтың техникалық паспорты:
1) өндірістік үй-жайларды сатып алу/сату, жалға алу шартының нөмірі және күні;
3. Жабдықтарды пайдалануды, оларға техникалық қызмет көрсетуді, озон қабатын бұзатын заттарды есепке алуды және тасымалдауды қамтамасыз ететін қызмет:
4. Міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі:
5) шетел білім беру ұйымдарымен берілген білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктің нөмірі және берілген күні;
Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып
 жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды
бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге,
 монтаждауға, оған қызмет көрсетуге
 рұқсаттар беру қағидалары
 3-қосымша
Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге арналған рұқсат
озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар
жүргізу, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды
облыстардың атаулары мен мекенжайларын көрсете отырып, озон қабатын
жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен озон
қабатын бұзатын заттармен жұмыс істеу жөніндегі есептілікті ұсынуға