• Мое избранное
Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 қаңтарда № 10087 тіркелді

Редакция 05.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2018 жылғы № 185 Бұйрығына сәйкес (21.10.2016 ж. редацияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.07.2020 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (16.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.03.2021 жылғы № 91 Бұйрығына сәйкес (03.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.11.2021 жылғы № 339 Бұйрығына сәйкес (25.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.С. Исаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2014 жылғы 26 қарашадағы
№ 3-2/615 бұйрығымен
бекітілген
Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.10.2016 жылғы № 446 Бұйрығымен (26.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2018 жылғы № 185 Бұйрығына сәйкес (21.10.2016 ж. редацияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 19.10.2018 жылғы № 428 Бұйрығына сәйкес (04.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.08.2019 жылғы № 299 Бұйрығымен (19.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.07.2020 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (16.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңделген өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялар) тәртібін, сондай-ақ «Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.11.2021 жылғы № 339 Бұйрығына сәйкес (25.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;
1-1) «е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «е-Қаржымині» ИААЖ) – субсидиялар төлеу үшін көрсетілетін қызметті алушының базалық өлшемшарттарға сәйкестігіне автоматты түрде тексеру жүргізілетін ақпараттық жүйе;
2-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.06.2024 жылғы № 209 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 05.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) кепілдендірілген сатып алу бағасы – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен дайындаушы ұйымдардан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жүзеге асырылатын, өзіндік құны мен рентабельділігі ескеріле отырып белгіленетін баға;
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз);
3-тармақша алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 жылғы № 438 Бұйрығымен (22.11.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз);
4-тармақша алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 жылғы № 438 Бұйрығымен (22.11.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) нақты сатып алу бағасы – өңдеуші кәсіпорындар ауыл шаруашылығы өнімі үшін бір өтінім шеңберінде шот-фактураларға сәйкес нақты төлеген орташа баға;
6) өтінім – өңдеуші кәсіпорындардың тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға субсидиялар алуға арналған электрондық өтінім;
7) өтінім беруші/көрсетілетін қызметті алушы – ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алуды жүзеге асыратын өндеуші кәсіпорын;
8) сатып алу бағасы – бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін ауыл шаруашылығы өніміне өңдеуші кәсіпорындар ұсынуы мүмкін баға;
9) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СМАЖ) – «электрондық үкіметтің» веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, субсидия алуға арналған өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімнің базалық өлшемшарттарға және «е-Қаржымині» ИААЖ-бен интеграцияланған субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 жылғы № 438 Бұйрығына сәйкес (22.11.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.06.2024 жылғы № 209 Бұйрығына сәйкес (14.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – СМАЖ веб порталы) – субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 жылғы № 438 Бұйрығына сәйкес (22.11.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтер жиынтығы және СМАЖ-да көрсетілген өзге де мәліметтер;
11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 жылғы № 438 Бұйрығына сәйкес (22.11.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 477 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19856 болып тіркелген) бекітілген кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесіне (бұдан әрі – өнімдер тізбесі) сәйкес өндеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алуға жұмсайтын шығындары субсидиялауға жатады.
4. Субсидиялар кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы арасындағы айырманы өтеуді болжайды.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2023 жылғы № 229 Бұйрығына сәйкес (23.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 30.06.2024 жылдан бастап)
Субсидиялар өңдеуші кәсіпорындарға дайын өнімді өндіру және өткізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен дайындаушы ұйымдардан ауыл шаруашылығы өнімдерін ағымдағы жылы және алдыңғы жылдың төртінші тоқсанына сатып алуға кеткен шығындары үшін төленеді.
5. Субсидияларды есептеу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті мен өнімдер тізбесіне сәйкес сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері (бұдан әрі – субсидиялар нормативі) ескеріле отырып, өнімдер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
6. Субсидиялар нормативін айқындау үшін құрамында облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдігінің, сондай-ақ салалық қоғамдық бірлестіктердің, өңдеуші кәсіпорындардың, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарының өкілдері бар комиссия құрылады. Комиссия құрамы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен айқындалады және бекітіледі.
Комиссия төрағасы облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімінің орынбасары болып табылады.
7. Комиссия құрамы жыл сайын қалыптастырылады және 9 (тоғыз) адамнан кем болмауы тиіс.
8. Комиссия ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің алдыңғы жылғы орташа бағалары бойынша статистикалық деректер талдауының қорытындылары бойынша (статистикалық деректер болмаған кезде жақын маңдағы өңірлердің деректері пайдаланылуы мүмкін) жылдық инфляция деңгейін есепке ала отырып, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша ағымдағы жылға кепілдендірілген сатып алу бағасын (Бкеп.сат) айқындайды. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша алдыңғы жылғы статистикалық деректер болмаған кезде жақын маңдағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) деректері пайдаланылады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2023 жылғы № 229 Бұйрығына сәйкес (23.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 30.06.2024 жылдан бастап)
9. Комиссия алдыңғы жылғы өңдеуші кәсіпорындардың дайын өніміне қалыптасқан нарықтық бағалар бойынша жиналған деректер негізінде ағымдағы жылға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңдеуші кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу бағасын айқындайды.
10. Ауыл шаруашылығы өнімінің сатып алу бағасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.03.2021 жылғы № 91 Бұйрығына сәйкес (03.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2023 жылғы № 229 Бұйрығына сәйкес (23.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 30.06.2024 жылдан бастап)
Бсат = ((Бнар*Ииф) – ҚҚС – Рөңдеу – Шөңдеу)/Кқ
мұнда:
Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм;
Бнар – алдыңғы жылғы өнім бірлігінің нақты қалыптасқан нарықтық бағасы, теңге/килограмм (өңдеуші кәсіпорындардың деректері немесе Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – ҚР СЖРА ҰСБ) қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат);
Ииф – инфляция деңгейі, % (алдыңғы жылы ресми статистикалық ақпарат);
ҚҚС – қосылған құн салығы (12%);
Рөңдеу – өңдеудің рентабельділігі (10%);
Шөңдеу – тікелей өңдеуге жұмсалған шығындар, теңге/килограмм;
Кқ – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті.
Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы негізінде субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша айқындалады:
Нсуб = Бкеп.сат – Бсат
мұнда:
Нсуб – өнім бірлігіне арналған субсидиялар нормативі, теңге/килограмм;