• Менің таңдаулыларым
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 13.05.2025 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 577 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 қаңтарда № 10101 тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес 
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынандай өзгерістер енгізуді БҰЙЫРАМЫН:
1) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 нөмірімен тіркелген):
көрсетілген бұйрықтың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енетін Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджеттік түсімдер сыныптамасының 1 «Салықтық түсірімдер» санаттарын қоспағанда, оны мемлекеттік тіркеген күнінен бастап қолданысқа енеді.»;
2) «Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 нөмірімен тіркелген):
көрсетілген бұйрықтың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енетін Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджеттік түсімдер сыныптамасының Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінің 1 «Салықтық түсірімдер» санатын қоспағанда, оны мемлекеттік тіркеген күнінен бастап қолданысқа енеді.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б.Сұлтанов