• Мое избранное
Бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасасу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасасу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 34 қаулысы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 61-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан Абай учаскесінде көмірсутек шикізатын бірлесіп барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасассын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2015 жылғы 5 ақпандағы
 № 34 қаулысына
 қосымша
 

Жер қойнауы учаскесінің атауы

Орналасқан жері

1

2

Абай

Каспий теңізі

45 о 52' с.е. 51 о 14' ш.б.