Toggle Dropdown
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 155 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 қаңтарда № 10164 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 28 сәуірден бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.04.2019 жылғы № 96 Бұйрығына сәйкес
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;
3) ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың:
1) «Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 46 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде № 6876 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) жарияланды);
2) «Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң 2011 жылғы 14 наурыздағы № 46 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 226 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде № 8845 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде 2013 жылғы 6 қарашадағы № 247 (28186) жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы және спорт министрі А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсан № 155 бұйрығымен бекітілген
Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) фильмге прокаттау куәлігін беру тәртібін белгілейді (бұдан әрі – прокаттау куәлігі).
2. Фильмге прокаттау куәлігі фильм туралы техникалық мәліметтер, фильмнің жасаушылары, фильмнің индексі мен жанры туралы ақпарат көрсетілетін, оны прокаттауға негіз болып табылатын электрондық құжат нысанында берілетін құжат.
3. Прокаттау куәлігі фестивальдарда, семинарларда, ретроспективада және басқа да іс-шараларда демонстрациялау үшін әкелінетін (жеткізілген), сондай-ақ бұрынғы КСРО кинематографиялық ұйымдары шығарған фильмдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында шығарылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасына прокаттау және көпшілікке көрсету (демонстрациялау) үшін әкелінген (жеткізілген) фильмдерге беріледі.
2. Фильмге прокаттау куәлігін беру тәртібі
4. Прокаттау куәлігін алу үшін өтініш беруші мәдениет саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) канцеляриясына немесе «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz арқылы (бұдан әрі – портал) мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
4-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 жылғы № 53 Бұйрығына сәйкес (29.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш немесе Порталда өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
1-1) жеке басты куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде заңды тұлғаның сенімхаты немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат (жеке тұлға үшін) (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
4-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 жылғы № 53 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) өтініш берушінің фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттары (авторлық шарттардың және (немесе) лицензиялық келісімдердің көшірмелері); шет тіліндегі құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариатта куәландырылған көшірмесі қоса беріледі. Егер нотариус тиісті тілдерді білмейтін болса, аударманы аудармашы жасап, қойған қолының түпнұсқалығын нотариус куәландырады.
3) фильмнің аннотациясы;
4) отандық немесе бірлесіп түсірілген фильмдерде пайдаланылатын туындылар туралы мәліметтер.
Портал арқылы өтініш берген жағдайда осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар сканерден өткізілген көшірмелер түрінде электрондық құжат нысанындағы сұрауға қоса бекітіледі.
5. Прокаттау куәлігін алуға өтініш уәкілетті органға түскен күнінен бастап жеті жұмыс күн ішінде қаралады.
6. Прокаттау куәлігі, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12460 болып тіркелген, «Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 366 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша беріледі. Прокаттау куәлігі уәкілетті орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанында рәсімделеді, өтініш берушінің порталдағы жеке кабинетіне жолданады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 жылғы № 184 Бұйрығына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
7. Уәкілетті орган прокаттау куәлігін беру жөніндегі қызметті тегін көрсетеді.
8. Прокаттау куәліктері берілген фильмдер Фильмдердің мемлекеттік тізілімінде тіркеледі.
9. Уәкілетті орган өтініш берушіге фильмді прокаттау куәлігін беруден мынадай негіздер бойынша:
1) өтініш беруші дәйексіз немесе бұрмаланған ақпарат берсе;
2) өтініш беруші осы Қағиданың 4-тармағының талаптарына сай келмейтін құжаттарды табыс етсе;
2-1) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
9-тармақ 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 жылғы № 53 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3) егер фильмнің мазмұны Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, ұлттық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған жағдайда бас тартуы мүмкін.
10. Өтініш беруші уәкілетті органға прокаттау куәлігін қағаз тасығышта алуға өтініш білдірген жағдайда, уәкілетті органның канцеляриясы арқылы бас тартылады, ал электрондық нысанда портал арқылы.
11. Егер уәкілетті орган белгіленген мерзімде прокаттау куәлігін бермеген не прокаттау куәлігін беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзімі өткен күннен бастап прокаттау куәлігі берілді деп есептеледі.
Уәкілетті орган прокаттау куәлігін беру мерзімі өткен сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық нысанда тиісті прокаттау куәлігін береді.
12. Прокаттау куәлігін беру үшін бұдан бұрын негіз болған фильм туралы ақпараттың дәйексіздігі және (немесе) бұрмаланғандығы анықталған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 28-2-бабына сәйкес прокаттау куәлігін сот тәртібімен кері қайтарады.
13. Прокаттау куәлігін сот тәртібімен қайтарып алған жағдайда, заңды күшіне енген сот шешімін алған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде, сот шешімі мен оның күшіне ену мерзімі көрсетілген прокаттау куәлігін қайтару туралы жазба Фильмдердің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасына қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 жылғы № 184 Бұйрығына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Нысан
_____________________________________________ (фильмге прокаттау куәлігін беретін органның толық атауы, орган басшысының тегі, аты, жөні (болған жағдайда)
_____________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, заңды тұлға басшысының тегі, аты, жөні (болған жағдайда) немесе жеке тұлғаның тегі, аты, жөні (болған жағдайда)
Өтініш
Сізден фильмге прокаттау куәлігін беруді сұраймын: ____________
(фильмнің атауы)
_____________________________________________________________________
Фильм қоюға негіз болған әдеби туындының атауы және авторы:
_____________________________________________________________________
Фильмді шығарған ел: ________________________________________________
Фильмді шығарушы- студия: ___________________________________________
Фильмнің шыққан жылы: _______________________________________________
Фильмнің форматы: ___________________________________________________
Фильмнің хронометражы: ______________________________________________
Сценарий авторы: ____________________________________________________
Қоюшы-режиссер: _____________________________________________________
Қоюшы-оператор: _____________________________________________________
Қоюшы-суретші: ______________________________________________________
Музыкалық шығарманың авторы: ________________________________________
Фильм серияларының саны: ____________________________________________
Фильмнің жанры: _____________________________________________________
Фильмнің тілі, фильмді дубляждау тілдері (болған жағдайда): _________
Шығарушы ел берген көрермендердің жас шегі бойынша ақпарат:
_____________________________________________________________________
Өтініш берушінің деректемелері ______________________________________
(заңды мекенжайы, пошталық индексі, электрондық поштасы,
телефоны, факс)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлға үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлға үшін
– жеке сәйкестендіру нөмірі)
Өтініш берілген күн: ________________________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, жөні (болған жағдайда) __________________
(қолы)
Мөр oрны