• Мое избранное
Мемлекеттiк жастар саясаты туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 14

Мемлекеттiк жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V Заңы

Редакция 20.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
  • 1
Осы Заң мемлекеттік жастар саясаты саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын  негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жас маман – отыз бес жасқа толмаған, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және білім туралы құжатта көрсетілген мамандық бойынша үш жылдан аспайтын уақыт жұмыс істеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматы;
1-тармақша өзгертілді ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңымен (04.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 26.02.2023 жылдан бастап)
2) жас отбасы – ерлi-зайыптылардың екеуi де отыз бес жасқа толмаған отбасы не баланы (балаларды) отыз бес жасқа толмаған ата-ананың бiреуi тәрбиелейтін толық емес отбасы;
2-тармақша өзгертілді ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңымен (04.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 26.02.2023 жылдан бастап)
3) жастар – Қазақстан Республикасының он төрт жастан отыз бес жасқа дейiнгi азаматтары;
3-тармақша өзгертілді ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңымен (04.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 26.02.2023 жылдан бастап)
4) жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым – мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін қажетті объектілер (үйлер, құрылыстар, ғимараттар), сондай-ақ жас азаматтардың денсаулығын сақтау, оларға білім беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтік қызмет көрсету, дене бітімін, рухани және имандылық тұрғысынан дамыту, олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және олардың қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жүйесі;
4-1) жастарға арналған әлеуметтік көрсетілетін қызметтер – жастарды қолдауға бағытталған жобалар мен бағдарламаларды іске асырудағы ақпараттық-консультативтік көмек;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 06.05.2019 жылғы № 251-VІ  Заңына сәйкес (өзгерту 20.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (04.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 26.02.2023 жылдан бастап)
4-2) жастар еңбек жасақтары – уақытша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар шеңберіндегі жастар бірлестіктері;
1-бап 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 26.02.2023 жылдан бастап)
4-3) жастармен жұмыс жөніндегі маман – жастардың жеке адам ретінде және әлеуметтік дамуын қолдауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыратын, үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар маман;
1-бап 4-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 26.02.2023 жылдан бастап)
4-4) жұмыс істеп жүрген жастар – отыз бес жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары;
1-бап 4-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 26.02.2023 жылдан бастап)
5) «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасы – мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын талдауды және оны жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды қамтитын жыл сайынғы есеп;
5-1) Қазақстан Республикасындағы жастардың даму индексі (бұдан әрі – жастардың даму индексі) – іске асырылатын мемлекеттік жастар саясатын және мынадай негізгі: білім беру, денсаулық және саламаттылық, жұмыспен қамту және мүмкіндіктер, саяси қатысу, азаматтық қатысу, бос уақыт, қауіпсіздік бағыттары бойынша жастардың даму деңгейін талдауға арналған жиынтық индекс;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 26.02.2023 жылдан бастап)
6) мемлекеттiк жастар саясаты – мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі;
7) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік жастар саясаты саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) өңірлік жастар форумы – жергілікті атқарушы органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың өңірлік деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін жастар өкілдерінің форумы;
9) республикалық жастар форумы – жастар өкілдерінің мемлекеттік органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың жалпыұлттық деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін форумы;
9-тармақша өзгертілді ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңымен (04.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 26.02.2023 жылдан бастап)
10) уақытша бос жүрген жастар – жастардың уақытша жұмыс істемейтін, білім беру ұйымдарында білім алмайтын немесе кәсіптік даярлықтан, қайта даярлаудан өтпейтін, жұмыспен қамту және білім беру саласынан тыс бөлігі.
1-бап 10-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 26.02.2023 жылдан бастап)
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты, міндеттері және қағидаттары
1. Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаты жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау болып табылады.
2. Мемлекеттік жастар саясатының міндеттері:
1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;
3) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту болып табылады.
3. Мемлекеттік жастар саясаты:
1) мәдени, имандылық және рухани құндылықтардың басымдығы;
2) азаматтық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік;
3) конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылық;
4) ұрпақтар сабақтастығы, отбасылық тәрбиенің басымдығы;
5) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға жастардың қатысуы;
6) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға ғылыми, кешенді және дәйекті көзқарас қағидаттарына негізделеді.
4-бап. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары:
1) қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту;
2) денсаулықты сақтау және нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру;
3) жұмысқа орналасу мен жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасау;
4) жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау;
5) жас отбасылар және жұмыс істеп жүрген жастар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту;
5-тармақша өзгертілді ҚР 06.05.2019 жылғы № 251-VІ  Заңымен (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) жастардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (04.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 26.02.2023 жылдан бастап)
7) экологиялық мәдениетті қалыптастыру;
7-1) жастарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру;
4-бап 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 26.02.2023 жылдан бастап)
8) дарынды жастарды дамытуға жәрдемдесу;
9) мәдени оқу-ағарту мен бос уақыт үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
9-тармақша өзгертілді ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңымен (04.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 26.02.2023 жылдан бастап)
10) жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру;
4-бап 10-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 26.02.2023 жылдан бастап)