• Мое избранное

Отправить по почте

«Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы » бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына және 94-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына жіберуді және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеге жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалауы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Т.А. Ахсамбиевке жүктелсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр                                        В. Школьник
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы «___»________
№ бұйрығымен
бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидалары
Жалпы ережелер
1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасында парниктік газдар шығарындыларына квота бөлу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) квоталанатын қондырғы операторының шоты - парниктік газдар шығарындыларын квоталау бойынша талаптарға жатқызылған, табиғат пайдаланушылар үшін ашылатын, Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі есепшоттың түрі;
2) қондырғы операторы - меншігінде немесе заңды пайдалануында Қазақстан Республикасының аумағындағы, жұмыс істеуі парниктік газдар шығарындыларын көздейтін, қондырғысы бар заңды тұлға;
3) қондырғы паспорты - парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асыратын қондырғының географиялық орналасқан жері, қызмет түрлері мен пайдаланылатын технологияның сипаттамалары, шығарындылардың базалық көлемі мен оларды есептеу әдістемесі, сондай-ақ мониторинг жоспары туралы деректерді және қондырғыларды есепке алу үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын құжат;
4) парниктік газдар шығарындыларының квотасы - парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудің ұлттық жоспарының (бұдан әрі - ұлттық жоспар) қолданылу кезеңіне табиғат пайдаланушыға бөлінген реттелетін парниктік газдар шығарындыларының сандық көлемі;
5) парниктік газдар шығарындыларын квоталау бойынша талаптарға жатқызылатын қондырғы - Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-2-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес парниктік газдар шығарындыларына квота белгіленетін қондырғы;
6) сертификат – табиғат пайдаланушыға парниктік газдар шығарындыларын азайту және көміртегі бірліктерінің саудасына қатысу жөніндегі өз міндеттемелерін орындау мақсатында берілетін парниктік газдар шығарындыларының рұқсат етілген көлемін белгілейтін құжат;
8) тәуелсіз аккредиттелген ұйым – верификация, валидация және парниктіктік газдарды түгендеу туралы есептерді растау бойынша қызметті жүзеге асыру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органымен (бұдан әрі – уәкілетті орган) аккредиттелген ұйым.
3. Парниктік газдар шығарындыларына квоталауға жататын табиғат пайдалашыларға Қазақстан Республикасында парниктік газдар шығарындыларына квота беру тиісті квота бірліктерін Қазақстан Республикасының көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі квоталанатын қондырғы операторының шотына, парниктік газдар шығарындыларына сертификат алғаннан кейін, енгізу арқылы жүзеге асырылады.
4. Табиғат пайдаланушының қондырғы бойынша алуына арналған парниктік газдар шығарындыларына квоталардың жалпы көлемі ұлттық жоспардың қолданылу мерзімі шегінде оның пайдаланылуының толық кезеңіне анықталады және уәкілетті органмен берілетін сертификатта көрсетіледі.
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру тәртібі
5. Табиғат пайдаланушы парниктік газдар шығарындыларына квота алу үшін уәкілетті органға, тәуелсіз аккредиттелген ұйыммен расталған мынадай құжаттарды қоса бере отырып, сертификат алуға өтініш береді:
1) есептік жылға арналған парниктік газдарды түгендеу туралы есеп;
2) қондырғы паспорты;
3) парниктік газдар шығарындыларын азайту бағдарламасы;
4) парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
6. Сертификат алуға өтініш уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша табиғат пайдаланушымен беріледі және ол мынадай ақпаратты қамтиды:
1) парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына жатқызылатын табиғат пайдаланушының атауы және оның байланыс деректері;
2) табиғат пайдаланушының қызметіне қатысты экономика секторын көрсету (парниктік газдар шығарындыларын квоталау бойынша талаптарға жатқызылатын қондырғы);
3) парниктік газдар шығарындыларына сұратылған квота көлемі;
4) парниктік газдар шығарындылары квотасына арналған уақыт кезеңі;
5) парниктік газдар шығарындыларына квота алу көзін көрсету (ұлттық жоспарға сәйкес квота, немесе қондырғы жаңа болғанда - ұлттық жоспардың квоталар көлемінің резерві).
7. Мониторинг жоспарын қамтитын қондырғы паспорты, Экологиялық кодекстің 1-бабы 1-тармағының 40) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес табиғат пайдаланушымен ресімделеді.
8. Ұлттық жоспарға енгізілген, қолданыстағы қондырғылар бойынша сертификаттар алуға арналған құжаттар ұлттық жоспардың қолданыстағы алғашқы жылының 1 мамырына дейін беріледі.  
9. Парниктік газдар шығарындыларын азайту бағдарламасы мен парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары табиғат пайдаланушымен еркін нысан бойынша әзірленеді және уәкілетті органына ұсынылады.
10. Егер қондырғылар бір өнеркәсіптік алаңда орналасқан және бір оператормен әрекет еткен жағдайда, табиғат пайдаланушы барлық қондырғылар бойынша бір өтініш және бір парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бағдарламасын ұсына алады.
11. Ұлттық жоспарға енгізілмеген жаңа қондырғылар бойынша сертификаттарды ресімдеуге өтініш, парниктік газдар шығарындыларын квоталау бойынша талаптарға жатқызылатын, жаңа қондырғының пайдалануға енгізілуіне дейін үш ай бұрын кешіктірмей беріледі.
12. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күнінен бастап бір ай мерзім ішінде сертификат береді.
13. Сертификат беруден мына жағдайларда жүргізіледі:
1) егер өтініш берілген қондырғы парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына жатқызылмаса;
2) қондырғының болмауы немесе өтініш берген сәтте қондырғының пайдаланудан мүлдем шығуы.
14. Парниктік газдар шығарындыларына сертификат уәкілетті органымен табиғат пайдаланушыға ұлттық жоспардың қолданылу кезеңіне беріледі.
15. Жаңа қондырғы бойынша ұлттық жоспардың квоталар көлемі резервінен квота беру жаңа қондырғы операторының қондырғы паспортын бекіткен күннен және парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
16. Уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылатын, Қазақстан Республикасының көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы уәкілетті органның квота беру туралы хабардар еткен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қондырғы операторларының шоттарына ұлттық жоспардың бірінші есептік жылына парниктік газдар шығарындыларына квоталар бірліктерін енгізуді жүргізеді.
17. Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы, табиғат пайдаланушы органнан квотаның күшін жою немесе аталған табиғат пайдаланушы өзіне тиесілі квоталар бірлігімен операциясын тоқтата тұру туралы тиісті ақпарат алмаған жағдайда, тиісті жылдың 15 наурызына дейін тиісті ұлттық жоспардың екінші және келесі жылдарына парниктік газдар шығарындыларына квоталар бірліктерін енгізуді жүргізеді.
18. Квотаның күшін жою туралы шешім тиісті кезеңге арналған ұлттық жоспарға сәйкес парниктік газдар шығарындыларына квота беру жүзеге асырылатын қызмет толық тоқтатылған жағдайда уәкілетті органымен қабылданады.
19. Квотаны тоқтата тұру туралы шешім, Парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оны бақылау қағидаларына сәйкес, табиғат пайдаланушы парниктік газдарды түгендеу туралы есепті бермеген, уақтылы бермеген, тәуелсіз аккредиттелген ұйымның парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауы болмаған, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы дәйексіз деректерді ұсыну фактілері анықталған жағдайларда уәкілетті органымен қабылданады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы «____» ___________ № ____бұйрыққа  АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ
  

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесі (мемлекеттік органның құзыреті

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-2-бабының 2-тармағына және 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, себептері және акті неге байланысты қабылданды)

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражігін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы»

2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтіру

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгертіл гені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

« Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 584 қаулысы

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығынд арының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме

Жоқ

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Жоқ

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау (тарату) туралы мәліметтер

www .energo .gov .kz сайтында орналастырылды

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты актілер үшін)

Жоқ

Заң қызмет департаментінің
директоры М.Хайруллин
  2015 жылғы «___»__________