• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Құрметті Аслан Бәкенұлы, менің ұлым дарынды балаларға арналған лицейдің 11 сыныбында үздік оқушыларының бірі. Арманы ұшқыш болу. Осы мақсатына жету үшін астрономия және физика бағытында ғылыми жобамен екі жылдан бері дайындалып жүр. Алайда, халықаралық байқауға іріктеу ережелеріне еңгізген соңғы өзгерістерге байланысты, халықаралық дәрежедегі байқауға жіберілмей отыр. Бұл өзгерістерге сәйкес халықаралық байқауға тек облыстық олимпиядаларға қатысушылар қатыса алады екен. Ол өзгерістер жөнінде бізге Байқоңырда болатын байқауға іріктеу жүргізу барысында белгілі болды. Сол себептен баламыздың іріктеуге қатыса алмайтындығы бізге және біздің баламыздың екі жылғы еңбегінің босқа кететіні жанына қатты батуда. Бұл хатты біз мектеппен білім беру басқармаларын кінәлау үшін емес, біздің ұлымызға өзінің арманына жету үшін Байқоңыр қаласында биылғы жылдың сәуір айының 2-4 аралығында өтетін Халықаралық деңгейдегі байқауға қатысуына рұқсат беруіңізді өтініп сұраймыз. Өтініш иесі: Қанат Темірханұлы, Қызылорда қаласы.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ на вопрос от 24 февраля 2014 г. № 252852