«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 5-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қаңтарда № 10080 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 22 қаңтардан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 29.12.2015 жылғы № 12 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 5-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қоса берілген тізілімге сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтары күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлық профилактикасы департаменті (Ә.А. Көмекбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Қ. Қожамжаров
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптары
1. Жалпы ережелер
1. Осы үлгілік біліктілік талаптары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарының (бұдан әрі - үлгілік біліктілік талаптары) A, В, С, D, Е санаттары топтарына белгіленген және оларға қатысты лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.
2. Үлгілік біліктілік талаптары:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 22.06.2015 жылғы № 189 Бұйрығына сәйкес (11.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.08.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) білімі бойынша талаптарды;
2) жұмыс тәжірибесі бойынша талаптарды;
3) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары;
4) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары;
5) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.
2. Білімі және жұмыс тәжірибесі бойынша үлгілік біліктілік талаптары
3. А-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда не олардың құрылымдық бөлімшелерінде басшылық немесе олардың орынбасарлары лауазымдарында немесе А-3 және В-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда (бұдан әрі - мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда) бір жылдан кем емес;
2) жоғары білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес;
3) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
6) ғылым кандидаты немесе ғылым докторы немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша докторы ғылыми дәрежелер (бұдан әрі - ғылыми дәреже) болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
4. А-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жоғары білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында бір жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес;
6) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
5. А-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 22.06.2015 жылғы № 189 Бұйрығына сәйкес (11.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.08.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
жоғары білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
2) жоғары білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы.
6. А-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 22.06.2015 жылғы № 189 Бұйрығына сәйкес (11.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.08.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
жоғары білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |