Bestprofi Logo

Қаулы № 42 от 2015-02-05г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 42 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 42 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.03.2015 жылғы № 168 Қаулысымен (05.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)

2. «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 қаулысында:

көрсетілген қаулымен мақұлданған «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында:

кіріспедегі «Мемлекеттік жастар саясаты» деген сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Тұтастай алғанда, қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға, болашақ ұрпақтың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына арнайы жастар бағдарламалары ғана емес, сол сияқты бүгінде елімізде іске асырылып жатқан білім беруді, денсаулық сақтауды, тілдерді дамытудың, үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың ауқымды мемлекеттік бағдарламалары; «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламалары бағытталған.»;

«Қазақстан 2020: болашаққа жоқ» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру көзделетін нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі» деген 3-бөлімнің 8) тармақшасы алып тасталсын.

3. «Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қазандағы № 1092 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында:

«Тұжырымдаманы іске асыру болжанып отырған нормативтік-құқықтық актілер тізбесі» деген 3-бөлімнің 9-тармағы алып тасталсын.

4. «Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған шаралар кешенін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1289 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған шаралар кешенінде:

5. «Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1434 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелерінде:

«Қоныстандыру және өндіргіш күштерді орналастыру жүйесі» деген 1-бөлімнің «Демографиялық жағдайды жақсарту мен көші-қон процестерін реттеудің негізгі бағыттары» деген кіші бөлімінде:

жиырма үшінші бөліктің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) ҮИИДМБ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасымен және басқа да бағдарламалармен үйлестіре отырып, жұмыс күшіне тапшылықты сезінетін өңірлерге еңбекке қабілетті халықтың ішкі көші-қонын ынталандыру.»;

жиырма төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыс берушілердің жұмысқа орналастыру бойынша міндеттемелерін ескере отырып, тұрғын үй құрылысы мен халықты көшіру еңбек ресурстарына қажеттілігі бар өңірлерде ғана жүзеге асырылатын болады. Жұмыс берушінің қажеттілігін негізге ала отырып, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті көшуіне ықпал ету және жастардың бейімделуі үшін жағдай жасау есебінен іске асырылады.».

6. «Көші-қон проблемаларын шешу, шектес мемлекеттерден көші-қон ағындарын бақылауды күшейту, отандық білікті кадрлардың шетелдік еңбек нарығына шамадан тыс кетуін болдырмау үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1593 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген көші-қон проблемаларын шешу, шектес мемлекеттерден көші-қон ағындарын бақылауды күшейту, отандық білікті кадрлардың шетелдік еңбек нарығына шамадан тыс кетуін болдырмау үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарда:

«Қазақстан Республикасы үшін көші-қон саясатының моделін таңдау және қазіргі кездегі проблемаларды шешудің ұсынылатын жолдары» деген 3-бөлімнің «Ішкі көші-қон ағындарын есепке алу және болжауды жетілдіру» деген кіші бөліміндегі үшінші бөлік алып тасталсын.

7. «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының екінші кезеңін (2014 – 2015 жылдар) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 254 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының екінші кезеңінде (2014 – 2015 жылдар):

реттік нөмірі 28-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Аумақтарды дамыту бағдарламаларының шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып, мүгедектерді нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту»;

реттік нөмірі 34-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Аумақтарды дамыту бағдарламаларының шеңберінде паспорттаудан өткен объектілерді бейімдеу».

8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

8-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.01.2024 жылғы № 31 Қаулысына сәйкес (16.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)

9. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

9-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 767 Қаулысына сәйкес (30.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)

10. «Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша 2014 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 752 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша 2014 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:

11. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

11-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.12.2015 жылғы № 1136 Қаулысына сәйкес (31.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)

12. «Біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудың оқу орталықтарын өндірістік кәсіпорындар жанынан құруды және олардың ЖОО-лар мен колледждердің мамандар даярлауына қатысуын көздейтін дуальді білім беру жүйесінің жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 1093 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудың оқу орталықтарын өндірістік кәсіпорындар жанынан құруды және олардың ЖОО-лар мен колледждердің мамандар даярлауына қатысуын көздейтін дуальді білім беру жүйесінің жол картасында:

13. «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1159 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 42 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 39, 567-құжат).

3. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1548 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 81, 1057-құжат).

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 26, 212-құжат) 71-тармағы.

5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 44, 423-құжат) 3 және 4-тармақтары.

6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 540-құжат) 62-тармағы.

7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 1066 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 61, 572-құжат) 4-тармағы.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание