• Мое избранное
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 264 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 қаңтарда № 10160 тіркелді

Редакция 24.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 10.09.2024 жылғы № 323 Бұйрығына сәйкес (15.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса берiлiп отырған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»:
 Қазақстан Республикасы
   Ұлттық экономика министрі
   ______________ Е. Досаев
   2014 жылғы 26 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
 2014 жылғы 12 желтоқсандағы
 № 264 бұйрығымен
 бекітілген
  • 2
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігі
1. Жалпы ережелер
         1. Осы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігі (бұдан әрі – тетік) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Бұл тетікте мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 жылғы № 718 Бұйрығына сәйкес (12.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) энергетикалық аудит (бұдан әрі – энергия аудиті) энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;
2) энергетикалық тиімділік (бұдан әрі – энергия тиімділігі) – ұсынылған көрсетілетін қызметтер, жұмыстар, шығарылған өнімдер (тауарлар) немесе өндірілген энергетикалық ресурстар көлемінің осыған жұмсалған бастапқы энергетикалық ресурстарға сандық қатынасы;
3) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру;
4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыретінің шегінде іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың қызметі бағалау объектісі болып табылады.
2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігі
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірмей уәкілетті органға осы тетікке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі қызмет туралы есепті электрондық жеткізгіштерде ұсынады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 жылғы № 718 Бұйрығына сәйкес (12.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Уәкілетті орган ЖАО қызметін бағалау үшін ұсынылған есептерге мынадай өлшемшарттар бойынша талдау жүргізеді:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 жылғы № 718 Бұйрығына сәйкес (12.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасының іс-шараларын іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерінің сақталуына мониторингті жүзеге асыру;
3) мемлекеттік мекемелердің энергия аудитін жүргізуді ұйымдастыру;
4) мемлекеттік мекемелерді терможаңғыртуды жүргізуді ұйымдастыру;
5) мемлекеттік мекемелер үшін энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату;
6) мемлекеттік мекемелер үшін жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін сатып алу және орнату;
7) энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябақ пен көше жарығын жаңғыртуды қамтамасыз ету;
8) халық арасында пайдаланылған құрамында сынап бар энергия үнемдейтін шамдарды кәдеге жаратуды ұйымдастыру.
6. Энергия үнемдеу мәселелері бойынша ЖАО қызметін бағалауды уәкілетті орган осы тетіктің 7-тармағына сәйкес өлшемдердің балдары бойынша 40-балдық шкалалық жүйе бойынша жүзеге асырады.
Әрбір өлшем бойынша көрсеткіштер анықталады, оларға сәйкес тиiстi балдар шығарылады.
7. ЖАО қызметін бағалау өлшемшарттарының көрсеткіштері:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 жылғы № 718 Бұйрығына сәйкес (12.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасы іс – шараларының пайыздық орындалуы (0-20% - 1 балл, 21-40% - 2 балл, 41-60% - 3 балл, 61-80% - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);
2) мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерінің сақталуына мониторингті пайыздық қамту (0-20% - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);
3) мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан пайыздық мәнде мемлекеттік мекемелердің жыл сайынғы өткізілген энергия аудиттерінің саны (0-10 % - 1 балл, 11-20 % - 2 балл, 21-35 % - 3 балл, 36-50 % - 4 балл, 51-100 % - 5 балл);
4) мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан пайыздық мәнде мемлекеттік мекемелерді жыл сайынғы терможаңғырту саны (0-10 % - 1 балл, 11-20 % - 2 балл, 21-35 % - 3 балл, 36-50 % - 4 балл, 51-100 % - 5 балл);
5) мемлекеттік мекемелер үшін белгіленген энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарының саны мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан пайыздық мәнде (0-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);
6) мемлекеттік мекемелер үшін жылу тұтынуды реттеудің белгіленген автоматты жүйелерінің саны мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан пайыздық мәнде (0-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);
7) саябақ пен көше жарықтандырудың жалпы санынан энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, жаңғыртылған саябақ және көше жарықтандыруының үлесі (0-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);
8) есепті кезеңде жоспарланған көлемнен халық арасында пайдаланылған құрамында сынап бар энергия үнемдейтін кәдеге жаратылған шамдардың үлесі (0-50 % - 1 балл, 51-65 % - 2 балл, 66-85 % - 3 балл, 86-95 % - 4 балл, 96-100 % - 5 балл).
8. ЖАО қорытынды бағасы барлық өлшемдер бойынша алынған есеп нәтижелерін қосу арқылы анықталады.
Қорытынды баға:
1) ең жоғары балдың 60 %-ынан төмен немесе соған тең болса «төмен»;
2) ең жоғары балдың 61-85 % аралығында болса «орташа»;
3) ең жоғары балдың 86 %-ға тең немесе одан жоғары болса «жоғары» болып саналады.
9. Бағалау нәтижесі бойынша уәкілетті орган жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың 30 наурызынан кешіктірмей, осы тетікке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша қызметін бағалау нәтижелері туралы қорытынды дайындайды.
10. ЖАО энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша бағалау нәтижелері уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
Энергия үнемдеу және
энергия тиімділігін арттыру
мәселелері бойынша жергілікті
атқарушы органдардың
қызметін бағалау тетігіне
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 жылғы № 718 Бұйрығына сәйкес (12.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 10.09.2024 жылғы № 323 Бұйрығына сәйкес (15.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің (https://www.gov.kz/memleket/entities/mps?lang=kk).
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі қызмет туралы есеп.
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: 1-ОДЭПЭ
Кезеңділік: жылдық.
 Есепті кезең: ________ жыл.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 қаңтарына дейін.

р/с№

Іс-шараның атауы

Іс-шаралар / жалпы саны (дана,%)

Оның ішінде

Есепті кезеңде орындалған жұмыс туралы ақпарат

Есепті кезең үшін

Барлығы

1

2

3

4

5

6

1

Жол картасында және өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шаралар мен міндеттерді, белгіленген іс-шаралардан мемлекеттік саясатты орындау


 


 


 


 

2

Өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерінің сақталуына мониторинг жүргізу


 


 


 


 

3

Мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан мемлекеттік мекемелердің энергия аудитін жүргізу


 


 


 


 

4

Мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан мемлекеттік мекемелерге терможаңғырту жүргізу


 


 


 


 

5

Мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан мемлекеттік мекемелер үшін энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарын орнату


 


 


 


 

6

Мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан мемлекеттік мекемелер үшін жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін орнату


 


 


 


 

7

Саябақ пен көше жарығының жалпы санынан энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябақ пен көше жарығын жаңғырту


 


 


 


 

8

Есепті кезеңде жоспарланған көлемнен халықтың пайдалануында болған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін шамдарды кәдеге жарату


 


 


 


 

Ескертпе: Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада  
келтірілген.
 Атауы ____________________________     Мекенжай_________________________
 __________________________________    __________________________________
Телефоны  
 _____________________________________________________________________
 Электрондық пошта мекенжайы__________________________________________
 Орындаушы____________________________________________  _____________
                         тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)    қолы, телефон
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың  
жергілікті атқарушы органдарының басшылары немесе есепке қол қоюға  
уәкілетті және жауапты тұлғалар
 _______________________________________________________   _____________
           тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)                           қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
 ____________________________
«Энергия үнемдеу және
энергия тиімділігін арттыру
мәселелері жөніндегі қызмет
туралы есеп» әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі қызмет туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (1-ОДЭПЭ, жылдық)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсініктеме (бұдан әрі – Түсініктеме) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі қызмет туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі-нысан) толтыру бойынша бірыңғай тәртіпті айқындайды.
2. Нысан «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысан жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей уәкілетті органға электрондық тасығыштарда ұсынылады.
4. Нысанға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының басшылары немесе есепке қол қоюға уәкілетті адамдар мен жауапты тұлға қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1) «1» бағанда нөмір «№» реті бойынша толтырылады;
2) «2» бағанда іс-шаралардың атауы толтырылады;
3) «3» бағанда:
- «1» жолда – сол немесе өзге іс-шаралар;
- «2» жолында - мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерінің сақталуына мониторингті пайыздық қамту;
- «3» жолында - мемлекеттік мекемелердің өткізілген энергия аудиттерінің саны;
- «4» жолында - мемлекеттік мекемелерге жүргізілген терможаңғырту саны;
- «5» жолында - мемлекеттік мекемелер үшін орнатылған энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарының саны;
- «6» жолында - мемлекеттік мекемелер үшін жылу тұтынуды реттеудің орнатылған автоматты жүйелерінің саны;
- «7» жолында - энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, жаңғыртылған саябақ және көше жарығының үлесі;
- «8» жолында - тұтынуда болған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін шамдардың кәдеге жаратылған үлесі;
4) «4-5» бағанда меншік құқығында жылжымайтын мүлкі және тиісті көрсеткіштер бойынша нақты деректері бар әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік мекемелерінің саны көрсетіледі;
5) «6» бағанда есепті кезеңде орындалған жұмыс туралы ақпарат толтырылады;
Энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру мәселелері
 бойынша жергілікті атқарушы
 органдар қызметін
 бағалау тетігіне
 2-қосымша
7-жолда-әкімшілік-аумақтық бірліктегі саябақ және көше жарығының жалпы саны.
Нысан
 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері
бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау
нәтижелері туралы қорытынды
_______________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
 __________________
(есепті кезең)
 

Р/с №

Бағалау өлшемдері

Әрбір өлшемді бағалау балдары

1

2

3

1

Өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты және тиісті аумақты дамыту бағдарламасына енгізілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;





2

Өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асыру;





3

Мемлекеттік мекемелерде энергия аудитін өткізуді ұйымдастыру;





4

Мемлекеттiк мекемелердi терможаңғыртуды өткізуді ұйымдастыру;





5

Мемлекеттік мекемелер үшін энергетика ресурстарын есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату;





6

Мемлекеттік мекемелер үшін жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін сатып алу және орнату;





7

Энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябаққа және көшеге жарық беруді жаңғыртуды қамтамасыз ету;





8

Тұрғындарда пайдалануда болған, құрамында сынап бар энергия үнемдеу шамдарын кәдеге жаратуды ұйымдастыру.





Жалпы бағалау:





Жалпы бағалаудың мәні:





Бағалау өлшемдері бойынша жергілікті атқарушы орган қызметінің тиімділігін талдау:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Қорытындылар мен ұсынымдар: ________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Уәкілетті
органның басшысы _____________ _______________________
                   (қолы)      (қолының толық жазылуы)
Уәкілетті органның
тиiстi құрылымдық
бөлiмшесiнің басшысы _____________ _______________________
                        (қолы)     (қолының толық жазылуы)
 20 ___ жылғы «____» ______________