• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 08.03.2020 г

Отправить по почте

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 126 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 қаңтарда № 10124 тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 жылғы № 757 Бұйрығына сәйкес (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 8 наурыздан бастап ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 19.02.2020 жылғы № 68/НҚ Бұйрығына сәйкес
Редакция 17.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 жылғы № 757 Бұйрығына сәйкес (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
2. Мыналардың:
1) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8622 тіркелген, 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 339 (27613) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
2) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9432 тіркелген, 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 187 (27808) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті (А.С. Биахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрі
_____________ Ә. Исекешев
2014 жылғы 12 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
 2014 жылғы 3 желтоқсандағы
 № 126 бұйрығымен
 бекітілді
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидалар
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 жылғы № 757 Бұйрығына сәйкес (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 жылғы № 757 Бұйрығына сәйкес (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді стандарттау мен регламенттеудің мақсаттары:
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету;
көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қызметінің ашықтығын және есеп беруін қамтамасыз ету;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді одан әрі оңтайландыруды және автоматтандыруды қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылармен кері байланысты қамтамасыз ету; 
«бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қызметін мониторингілеу және реттеу болып табылады.
3. Осы Қағидалар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарттары мен регламенттерін әзірлеуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне өзгерістер енгізуге қойылатын белгіленген бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын әзірлеу тәртібі
         4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын орталық мемлекеттік органдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін әзірлейді.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары әрбір мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін әзірленеді.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.06.2016 жылғы № 264 Бұйрығына сәйкес (09.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілген немесе оған толықтырулар енгізілген күннен бастап үш ай ішінде әзірленеді және бекітіледі.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес қысқа және қолжетімді нысанда жазылады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын әзірлеу тетігі осы Қағидаларға 1-қосымшада сызба түрінде ұсынылған.
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауды өткізу тәртібі:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын әзірлеуші орталық мемлекеттік орган мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының жобасын «электрондық үкімет» веб-порталында, өзінің интернет-ресурсында және (немесе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы аудан әкімінің, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында жария талқылау үшін орналастырады, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының жобасы туралы көрсетілетін қызметті алушыларды өзге тәсілдермен хабардар етуді қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының жобасын жария талқылау оны жария талқылау үшін орналастырылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының жобасын жария талқылаудың қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының жобасын әзірлеуші орталық мемлекеттік орган «электрондық үкіметтің» веб-порталында, өзінің интернет-ресурсында және (немесе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің интернет-ресурстарында орналастырылуға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есеп жасайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есеп осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады;
4) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобасына 2) тармақшада көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен ескертулері мен ұсыныстары қарауға жатпайды.
Жария талқылау нәтижелері бойынша пысықталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының жобасы мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есеп мүдделі орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне келісуге жіберіледі;
5) бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобалары осы тармақта белгіленген тәртіпте міндетті түрде жария талқылауға жатады.
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобасы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанын және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
9-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 жылғы № 757 Бұйрығына сәйкес (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік орган әзірлейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісіледі.
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мынадай бөлімдерден тұрады:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 жылғы № 757 Бұйрығына сәйкес (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1) жалпы ережелер;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі;
3) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі;
4) мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар.