Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 қаңтарда № 10156 тіркелді
Редакция 01.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 63-бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 30 маусым арасында туындайтын қатынастарға қолданылатын осы бұйрықтың 1-тармағының 26), 27), 28) және 29) тармақшалары мен 2015 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылатын осы бұйрықтың 1-тармағының 93), 94), 95) және 96) тармақшаларын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б. Сұлтанов