• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидасын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидасын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабы 24) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидасы бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К.Сейдахметов):
1) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;  
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркелгендігі туралы және бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жолдағаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің
2015 жылғы «____» ___________ №______
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағида
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағида (бұдан әрі — Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағида азаматтық авиацияда ұшу жұмысын ұйымдастыру тәртібін анықтайды және әуеде тасымалдауды және авиациялық жұмыстарды, жалпы мақсаттағы авиация мақсатында сертификатталған ұшып көтерілу массасы 5700 килограмм және одан да астам әуе кемелерімен және ұшып көтерілу массасынан тәуелсіз газтурбиналық қозғалтқыштары бар әуе кемелерімен ұшуды жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылар үшін міндетті болып табылады.
3. Ұшу жұмысын ұйымдастыру мыналардан тұрады:
1) ұшу жұмысын жоспарлау;
2) ұшу құрамының кәсіби даярлығы;
3) ұшу құрамына ұшуға рұқсат беру;
4) әуе кемелерінің экипаждарын қалыптастыру;
5) ұшу құрамын біліктілік тексерістері;
6) ұшу құрамын жаттықтыру;
7) ұшуды талдау;
8) ұшу жұмысын және ұшу қауіпсіздігін бақылау және талдау;
9) ұшу-әдістемелік жұмысы мен құжаттаманы жүргізу.
4. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) авиакомпания - азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;
2) авиация персоналы - арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдары мен авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке адамдар;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) алдын ала даярлық - оның процесінде материалдарды зерделеу, құжаттарды дайындау, іс-әрекеттерді пысықтау және ұшуға тапсырманы орындауға экипаждың даярлығын бақылау жүргізілетін экипажды ұшуға (ұшуға) дайындаудың негізгі түрі;
5) аса маңызды ұшу - Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының күзетілетін адамдарын әуемен тасымалдау кезінде әуе кемелерінің ұшуына, сондай-ақ олардың ұшатын маршруттарына (рейстеріне) беретін мәртебе;
6) әуе кемесінің командирі - белгіленген тәртіппен тиісті оқудан өткен, ұшқыштың куәлігі және аталған әуе кемесінің түрінде өз бетімен басқару құқығына рұқсаты бар, міндетіне ұшуды ұйымдастыру мен орындау жөніндегі экипаждың қызметін басқару кіретін жеке адам;
7) кабиналық экипаж мүшесі - қауіпсіздік мүддесіне орай  және жолаушыларға қызмет көрсету және (немесе) жүктерді тасымалдау мақсатында әуе кемесінің бортында пайдаланушы немесе әуе кемесінің командирі өзіне тапсыратын міндеттерді орындайтын, авиация персоналына жататын, бірақ ұшу экипажының мүшесі болып табылмайтын тұлға;
8) командалық-ұшу құрамы - инструкторлық жұмысқа рұқсаты және азаматтық авиацияның авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар командалық ұшу лауазымын атқаратын авиация персоналының лауазымды тұлғалары;
9) командалық-басқарушы құрам — азаматтық авиацияның авиация персоналының лауазымды тұлғалары;
10) лауазымды тұлға — ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді орындауға байланысты лауазымды тұрақты немесе уақытша атқаратын тұлға;
11) ұшу алдындағы даярлық — әуеаймақтық диспетчерлік пунктке (авиациялық жұмыс кезінде - жұмыс әуеайлағына) келген сәттен бастап әуе кемесінің қозғалтқышын ұшу үшін іске қосқан сәтке дейінгі операциялардан тұратын алдағы ұшуды орындауға экипажды дайындау кезеңі;
12) ұшу бөлімшесі - ұшу жұмысын ұйымдастыру, ұшуды дайындау мен орындау міндеті болып табылатын азаматтық авиация ұйымының құрылымдық бөлімшесі;
13) ұшу жаттығуы - ұшу жұмысының дағдыларын алу (қалпына келтіру) және қолдау мақсатында ұшу құрамын оқыту процесі;
14) Ұшу жұмысы — ұшу тапсырмаларын орындау бойынша ұшу құрамы жүргізетін жұмыс;
15) ұшу жұмысын ұйымдастыру - ұшудың қауіпсіздігін, тұрақтылығын және экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету үшін ұшу жұмысын жоспарлау және ұшу бөлімшелері мен азаматтық авиацияның әуе кемелерінің экипаждарын басқару бойынша іс-шаралар жүйесі;
16) ұшу жұмысын жоспарлау - азаматтық авиация ұйымдары ұшу құрамының перспективалы, ағымдағы және жедел жұмыс жоспарларын белгіленген мерзімдерде орындаудың тәртібін, кезектілігін және тиімді әдістерін әзірлеу;
17) ұшу қауіпсіздігі - ұшудың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралар кешені, бұл ретте адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру немесе мүлкіне залал келтіру тәуекелі шекті деңгейге дейін төмендетіледі және қауіптілік көздерін анықтаудың және тәуекел факторларын бақылаудың үздіксіз процесі арқылы осындай не бұдан да төмен деңгейде сақталады;
18) ұшу құрамы - арнайы даярлығы және аталған әуе кемесінің түрінде және (немесе) оның жабдығын ұшуға пайдалану құқығына куәлігі бар ұшу экипажының мүшелері;
19) ұшу-инструкторлық құрам — мамандығы, әуе кемесінің түрі бойынша инструкторлық жұмысқа рұқсаты және азаматтық авиацияның авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар инструктор лауазымын атқаратын азаматтық авиацияның авиация персоналының тұлғалары;
20) ұшу тексерісі — осы Қағидада белгіленген мақсатта және мерзімде экипаждың (экипаж мүшелерінің) білімі мен дағдыларының деңгейін айқындау процесі;
21) ұшу экипажының мүшесі — авиация персоналына жататын, авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар, ұшу уақыты ішінде әуе кемесін басқаруға байланысты міндеттер жүктелген тұлға;