Toggle Dropdown
«Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының 41-56) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К.Сейдахметов):
1) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркелгендігі туралы 2 тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
инвестициялар және даму
Министрі Ә. Исекешев
| 201__ жылғы «___» ___________ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ______________ Е. Досаев «КЕЛІСІЛГЕН»
201__ жылғы «___» ___________ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ______________ Т. Дүйсенова «КЕЛІСІЛГЕН»
|
|
|
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
Министрінің 2014 жылғы «__ »
«________» № ___ бұйрығымен
Бекітілген
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар
1. Кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар (бұдан әрі - Сертификаттық талаптар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын тиісті халықаралық шарттарды ескере отырып, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
2. Сертификаттық талаптар әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстарды, сондай-ақ жалпы мақсаттағы авиация мақсатында ұшуды жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Пайдаланушы мынадай минимальды шарттарға жауап беруі тиіс:
1) заңды тұлғаның орналасқан жері – Қазақстан Республикасы;
2) табыс алмастан 3 (үш) ай ішінде мәлімделген қызметін бастау үшін жеткілікті қаржылық ресурстардың болуы және оған қол жетімділік.
4. Орындалатын ұшу көлемі мен күрделілігіне байланысты пайдаланушы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізу және қолдауды қамтамасыз етеді.
5. Осы Сертификаттық талаптарда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) пайдаланушы - әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға; Осы Азаматтық әуе
2) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау - ұшу қағидасын, ұшуды ұйымдастыруды, қамтамасыз етуді және орындауды регламенттейтін құжат;
3) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқау - осы пайдаланушының әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстардың уақтылы әрі қанағаттандырылған түрде орындалуын басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдаланушының рәсімдері сипаттауларын қамтитын құжат;
4) пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқаулық - ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар мен қағидалар кешені;
5) техникалық қызмет көрсету - әуе кемесін ұшуға дайындау кезінде, ұшудан кейін, сақтау және тасымалдау кезінде әуе кемесінің ұшу жарамдылығын (қалпында болуын, жұмысқа қабілеттілігін және дұрыс жұмыс істеуін) қолдау үшін авиациялық техникада орындалатын жұмыстар кешені;
6) нөмірлі құжаттама - ұшуға әуе кемесін мемлекеттік тіркеуді және оның жарамдылығын ресімдеуге, жасаушы зауытта белгілі бір нөмірмен тіркелген әуе кемесінің осы данасы үшін ғана жарамды әуе кемесінің жұмыс атқарымын және техникалық жай-күйін есепке алуға арналған құжаттама.
7) жауапты басшы – азаматтық авиация ұйымын жалпы басқаруға жауапты, реттеуге жатқызылған функцияларды орындауға қатысты және белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкес операциялық қызметті қамтамасыз ететін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның алдындағы жауапты адам ретінде тағайындалған тұлға;
8) тағайындалған басшы – азаматтық авиация ұйымының бөлімшесін басқаруға жауапты, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты, ұйым басшысы тағайындаған және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген тұлға;
9) экипажсыз әуе кемесін жалдау – әуе кемесін жалға алу шарты, оның негізінде әуе кемесі жалға алушы пайдаланушысының сертификатына/куәлігіне сәйкес пайдаланылады;
10) компания материалдары - (ағылшын тіліндегі аббревиатура - Company Materials (бұдан әрі - COMAT) – ИАТА Қауіпті жүктерді тасымалдау ережесінің жағдайларына сәйкес жүк және жолаушылар әуе кемесінде тасымалдауға рұқсат етілген, авиакомпанияның қызметтік материалдары (жарылқаушылық заттары және бөлшектері).
2. Пайдаланушының ұйымдық құрылымы
6. Пайдаланушы қызмет түріне, пайдаланылатын әуе кемелерінің үлгісіне қарай, ұйымдық құрылымға кіретін қажетті құрылымдық бөлімшелер мен қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді:
2) ұшуға жарамдылықты қолдау қызметі;
3) жердегі қызмет көрсету қызметі;
4) ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекция;
5) авиациялық қауіпсіздік қызметі;
7) персоналды даярлау қызметі;
8) сапаны бақылау қызметі;
9) ұшуды басқару және ұйымдастыру қызметі;
10) еңбекті қорғау қызметі немесе еңбекті қорғаудың жай-күйі үшін жауапты адам.
7. Шағын кәсіпкерліктің субъектісі болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты және тұрақты емес тасымалдауларды, сондай-ақ авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын пайдаланушы өзінің құрылымында ұшу қызметін және ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі қызметті, сондай-ақ мыналарға жауапты адамдарды көздейді:
1) жердегі қызмет көрсету;
3) авиациялық қауіпсіздік;
4) борт серіктерінің жұмысын ұйымдастыру (еген қолдануға келсе);
7) ұшуды ұйымдастыру және басқару;
8) еңбек қорғаудың жай-күйі.
8. Пайдаланушы өз күшімен немесе басқа ұйымдармен шарттардың негізінде мынадай жұмыс түрлерін жүргізуді қамтамасыз етеді:
1) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу;
2) ұшу ақпаратын өңдеу және талдау;
3) ұшуды медициналық қамтамасыз ету және медициналық куәландырудан өту;
4) метеорологиялық қамтамасыз ету;
5) аэронавигациялық қамтамасыз ету;
6) авиация персоналының біліктілігін арттыруды және тренажерда даярлануын қамтамасыз ету;
7) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
8) жерде қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
9) жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсету;
10) жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету;
11) борт тағамымен қамтамасыз ету;
12) ұшуды ұйымдастыруды және басқаруды қамтамасыз ету.
Басқа ұйымдармен белгілі бір жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге шарт жасасатын пайдаланушының азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес уағдаластық жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді орындау сапасы үшін барлық жауапкершілігі өзінде сақталады.
9. Пайдаланушы қызметтің мәлімделген көлемін орындау үшін қажетті, қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаттары бар әуе кемелерінің жеткілікті санының болуын қамтамасыз етеді.
Бір әуе кемесін екі және одан да көп пайдаланушының сертификатына бір мезгілде енгізуге жол берілмейді.
10. Пайдаланушы құрылымдық бөлімшелер туралы ережені бекітеді, онда қызметкерлер мен басшылардың пайдаланушы іске асыратын барлық мәселелер жиынтығы қамтылатын міндеттері мен функциялары көрсетілген.
11. Пайдаланушыда әуе кемелерінің ұшуын ұйымдастыру және жедел басқару, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау, ұшу ақпаратын талдау, авиациялық техниканың сенімділігі және ұшу қауіпсіздігі жөніндегі деректерді жинау және өңдеу, пайдалану-техникалық және әуе кемелерінің негізгі және жинақтаушы бұйымдарына арналған нөмірлі құжаттаманы есепке алу және сақтау үшін жабдықталған меншіктік немесе шарттық негіздегі өндірістік базасы болады.
12. Пайдаланушыда жұмыстардың болжамды көлемін жүзеге асыру үшін қажетті, білікті және даярланған ұшу персоналы, кабиналық және жердегі персоналы болады.
13. Пайдаланушы орындалмауы және есептің болмауы ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін пайдалану директивалары мен басқа да ақпаратты пайдаланушының мүдделі қызметтерінің бәріне дереу таратуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ пайдалану құжаттамасы мен басқа да құжаттамаға өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы енгізуді қамтамасыз етеді.
14. Шет мемлекеттердің аумағында коммерциялық әуе тасымалдарын немесе авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушы әуе тасымалдарын немесе авиациялық жұмыстарды жедел басқару және бақылау үшін әуе кемелерімен сенімді байланыс арналарын қамтамасыз етеді, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға орындалған рейстер, ұшу өңірлері және тасымалданатын жүктердің сипаттамасы туралы ай сайынға ақпаратты ұсынады.
15. Халықаралық ұшуды орындаған кезде пайдаланушы ұшу орындалатын мемлекеттердің заңнамасына сәйкес сақтандырудың міндетті түрлерін қамтамасыз етеді.
16. Пайдаланушы өздерінің әуе кемелері бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшқан кезде авариялық хабардар етуді қамтамасыз етеді.
17. Пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қаржы-экономикалық жағдай туралы ақпарат беруді қамтамасыз етеді.
3. Пайдаланушының басшы қызметкерлері
16. Пайдаланушы штатта мыналарға жауапты басшылардың лауазымдарын көздейді:
2) ұшуға жарамдылықты қолдау;
3) авиация персоналын даярлау;
5) авиациялық қауіпсіздік;
6) сапа менеджменті (бақылау) жүйесі;
7) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі.
17. Ұшу қауіпсіздігі үшін жауапты тағайындалған басшылардың, сондай-ақ Сертификаттық талаптардың 18-тармағында көрсетілген ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің және сапа менеджменті жүйесінің басшыларының кандидатуралары олардың біліктілігі тиісті лауазымға тағайындау үшін сәйкес келген кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
Тағайындалған басшылардың функциялары мен міндеттерің сипаттамасы олардың аттары және тегімен ұшу жүргізу жөніндегі басшылыққа кіргізіледі.
Пайдаланушы уәкілетті органға функцияларының кез келген өзгерістері және тағайындалған басшыларды ауыстыру туралы он күндік мерзімде хабарлайды және тағайындалған басшылар болмаған кезде тиісті салаларда тиісті бақылауды қамтамасыз етеді.
18. Қызметкерлерінің штат саны 50 адамнан аспайтын пайдаланушылар үшін бір адам азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бірден астам тағайындалған басшылардың лауазымын атқаруы мүмкін. Бұл жауапты басшының бір тағайындалған басшының лауазымын да атқару мүмкіндігіне жатады.
19. Коммерциялық әуе тасымалдауларын орындайтын пайдаланушының штат саны 20 қызметкерден кем құраған жағдайда тағайындалған басшылардың бірі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сыртқы аудиторды тарту жағдайында сапа жүйесі басшысының лауазымын атқаруы мүмкін.
20. Пайдаланушының штат саны 20 қызметкерден астам құраған жағдайда бір адамның коммерциялық әуе тасымалдауларын орындайтын басқа пайдаланушының тағайындалған басшыларының лауазымын қоса атқаруға жол берілмейді.
4. Пайдаланушының құжаттамалар жүйесі
21. Коммерциялық әуе тасымалдауларын авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушы:
1) авиацияда адам факторының әсерін есепке алатын қағидаттарды сақтаумен ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқауды;
2) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқауын;
3) жеңіл және аса жеңіл авиация пайдаланушыларын қоспағанда, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі құжаттама жүйесінің сипаттамасын қоса алғанда, ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі жөніндегі нұсқауды;
4) авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын;
5) техникалық қызмет көрсету бағдарламасын;
6) техникалық қызмет көрсету персоналы үшін оқыту жөніндегі нұсқауды әзірлеуді және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органда бекітуді қамтамасыз етеді.
әуе кемелерінің жаңа үлгілерін сатып алған (жалға немесе меншікке);
азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жаңа нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізген не пайдаланушының қызметін регламенттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізген жағдайда қайта қаралады және толықтырылады.
23. Пайдаланушы осы әуе кемесінде ұшуды жүргізуге және қамтамасыз етуге қатысты бөлігінде ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаудың және пайдаланушының техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі нұсқаудың тиісті бөлімдерінен экипаж және инженерлік-техникалық персонал үшін қажетті ақпараттың әуе кемесінің бортында болуын қамтамасыз етеді.
24. Пайдаланушылар бес мың килограмнан кем ең жоғары сертификаттық ұшу массасымен әуе кемелерін пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияның пайдаланушыларын қоспағанда, авиацияда адам факторының әсерін есепке алатын, пайдаланушының ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізеді.
Пайдаланушының құрылымында техникалық қызмет көрсету жөніндегі өз ұйымы болған кезде пайдаланушы техникалық қызмет көрсету кезінде қауіпсіздікті басқару жүйесін енгізеді.
5. Аэронавигациялық қамтамасыз ету
25. Пайдаланушы аэронавигациялық ақпарат қызметін құрады немесе аэронавигациялық қамтамасыз ету басқа ұйымдармен жасалған шарттар бойынша жүзеге асырылатын болса, жауапты адамды тағайындайды.
26. Пайдаланушы экипаждарды қолданыстағы аэронавигациялық ақпарат құжаттарымен, ұшу және борт карталарымен, ұшу алдындағы ақпарат бюллетеньдерімен немесе НОТАМ (аэронавигациялық жабдықтағы, қызмет көрсетудегі өзгерістер, рәсімдер туралы, ұшудағы ықтимал қауіптер туралы ұшқыштарға арналған хабарлама), ұшу үшін мәлімделген әуеайлақтарда ұшуды дайындау және орындау үшін қажетті алдын ала навигациялық есептермен және пайдалану минимумдарымен қамтамасыз етеді.
27. Пайдаланушы борттық аэронавигациялық дерекқорлары бар пилотаж-навигациялық кешендер мен навигациялық жүйелерді пайдалану кезінде жасалған шарттар (келісімшарттар) негізінде сертификаттық өнім берушілердің дерекқорларын қолдана отырып, олардың уақтылы ауыстырылуын (жаңартылуын) қамтамасыз етеді.
6. Пайдаланушылардың ұшу жұмысын ұйымдастыру
28. Пайдаланушының ұшу жұмысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.
29. Пайдаланушының ұшу қызметі:
1) ұшу және басшы құрамын даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсіби деңгейін қолдау мен арттыруды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды, ұшу құрамын (бортоператорлар мен бортсеріктерді қоса алғанда, егер олар ұшу қызметінің құрамына кірсе) ұшуға жіберуді;
2) ұшу құрамының ұшу жұмысын, жұмыс уақытын және тынығу уақытын жоспарлауды;
3) әуе кемелерінің экипаждарын қалыптастыруды;
4) ұшу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды, ұшу-штабтық құжаттаманы жүргізуді және іс жүргізуді;
5) әуе кемелері экипаждарының мүшелерін ұшуға жіберудің белгіленген қағидаларын және рәсімдерін сақтауды;
6) экипаждарды алдын ала және ұшу алдында дайындауды жүргізуді;
7) экипаждар қызметін жүйелі бақылауды және талдауды;
8) ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін талдауды;
9) ұшу ақпараты материалдарын талдауды;
10) авиациялық оқиғаларды немесе инциденттерді болдырмау бойынша профилактикалық іс-шараларды;
11) ұшу қызметін регламенттейтін нормативтік актілер мен басқа да құжаттарды өзекті етуді қамтамасыз етеді.
30. Пайдаланушының авиациялық персоналы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін, қолданыстағы куәліктермен (сертификаттармен) және қажетті біліктілік белгілері мен рұқсат берулері бар басқа да құжаттармен расталатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
7. Техникалық қызмет көрсетуді және ұшу жарамдылығын қолдауды ұйымдастыру
31. Пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық кызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін қолданыстағы сертификаты бар авиациялық техникаға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі өз ұйымының немесе авиация техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша басқа сертификатталған ұйымдармен шарт бойынша әуе кемелеріне қызмет көрсетуін және жөндеуін қамтамасыз етеді.
32. Пайдаланушы техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық персонал ӘК тіркеу мемлекеті үшін қолайлы және оған тапсырылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келетін бастапқы және келесі даярлықтардан өтуге шараларды қабылдайды.
33. Пайдаланушы коммерциялық әуе тасымалын жүзеге асырмайтын жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелеріне Заңның 54-бабына сәйкес берілген қолданыстағы куәліктері немесе шет мемлекет берген және Заңның 55-бабына сәйкес танылған куәліктері бар авиация персоналының техникалық қызмет көрсетуін және жөндеуін қамтамасыз етеді.
34. Пайдаланушы Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі нұсқаудың болуын және тиісті түзетулерді уақтылы енгізуді қамтамасыз етеді.
35. Барлық түзетулердің даналары техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы берілген барлық ұйымдар мен адамдарға дереу жіберіледі.
36. Пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және әуе кемесін тіркеу мемлекетіне техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауының даналарын барлық өзгерістерімен және/немесе қайта қарауларымен, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган және/немесе әуе кемесін тіркеу мемлекеті талап етуі мүмкін міндетті материалдарымен бірге ұсынады.
37. Пайдаланушы әуе кемесін тіркеу мемлекеті бекіткен әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламаларының болуын және оған өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы енгізуді қамтамасыз етеді.
38. Пайдаланушы техникалық қызмет көрсету бағдарламасын әзірлеу және қолдану кезінде адам факторы аспектілері ескеріледі. Көрсетілген бағдарламаға барлық түзетулер даналары әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы берілген барлық ұйымдар мен адамдарға дереу жіберіледі.
39. Әрбір ұшаққа техникалық қызмет көрсету бағдарламасы мынадай ақпараттарда қамтиды:
1) ұшақты болжамды пайдалануды ескере отырып, техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар және оларды орындау кезеңділігі;
2) қолдануға болатын кезде конструкцияның тұтастығын сақтау бағдарламасы;
3) осы тармақтың 1) және 2)тармақшаларында айтылған ұйғарымдарлы өзгерту немесе ӘК тіркеу мемлекеті бекіткен олардан ауытқу рәсімдері;
4) бұл қолданылатындай болғанда және ӘК тіркеу мемлекеті бекіткенде, әуе кемесінің жағдайын және жүйелерінің, агрегаттарының және қозғалтқыштарының сенімділігін қолдау бағдарламасын бақылау рәсімдерінің сипаттамасы.
40. Үлгі конструкцияны бекіткен кезде міндетті ретінде белгіленген немесе техникалық қызмет көрсету бағдарламасына бекітілген өзгерістердегі техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар және оларды орындау кезеңділігі осындай ретте көрсетіледі.
41. Техникалық қызмет көрсету бағдарламасы әзірлеушінің мемлекеті немесе үлгі конструкция үшін жауапты ұйым ұсынатын техникалық қызмет көрсету бағдарламасы туралы ақпаратқа және кез келген қосымша тиісті тәжірибеге негізделуі тиіс.
42. Пайдаланушы мынадай тіркелетін деректерді сақтауды қамтамасыз етеді:
1) қызмет мерзімі шектелген (сағаты, күнтізбелік мерзімі, циклдері) әуе кемесін және барлық агрегаттарды пайдаланудың жалпы уақыты;
2) ұшу жарамдылығын сақтау туралы барлық міндетті ақпараттарға сәйкес ағымдағы мәліметтер;
3) әуе кемелерінің түрлендірулері мен жөндеуі туралы деректер;
4) жөндеуаралық қызмет мерзімін міндетті сақтау арқылы әуе кемесінің немесе оның агрегаттарының соңғы күрделі жөндеуінен кейінгі пайдалану уақыты;
5) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы туралы ағымдағы мәліметтер;
6) техникалық қызмет көрсету туралы куәлікке қол қойған кезде барлық талаптардың орындалғаны туралы куәландыратын әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету туралы деректер.
Осы тармақтың 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген деректер әуе кемесін немесе тиісті агрегатты пайдаланудан түпкілікті алғаннан кейін 90 күн ішінде сақталады.
Осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген деректер техникалық қызмет көрсету туралы куәлікке қол қойғаннан кейін бір жыл ішінде сақталады.
43. Пайдаланушы ауыстырылған жағдайда тіркелген деректер жаңа пайдаланушыға беріледі.
44. Техникалық қызмет көрсету туралы куәлік ӘК тіркеу мемлекеті көздегендей, техникалық қызмет көрсету туралы жұмыстар техникалық қызмет көрсету бағдарламасына немесе ӘК тіркеу мемлекеті үшін қолайлы басқа деректер мен рәсімдерге сәйкес орындалғанын растау үшін ресәмделеді және қол қойылады.
45. Техникалық қызмет көрсету туралы куәлік мыналарды қамтитын растайтын деректерден тұрады:
1) орындалған техникалық қызмет көрсету туралы негізгі мәліметтер;
2) осындай техникалық қызмет көрсетуді аяқтау күні;
3) бұл қолданылуға болатындай жағдайда, техникалық қызмет көрсету бойынша бекітілген ұйымдар туралы деректер;
4) куәлікке қол қойған адам немесе адамдар туралы деректер.
46. Сертификатталған максимальды ұшу салмағы 5700 кг. асатын ұшақтың және (немесе) сертификатталған максимальды ұшу салмағы 5700 кг. асатын тікұшақтың пайдаланушысы ұшу жарамдылығын сақтау шеңберінде техникалық қызмет көрсету мен пайдалану тәжірибесін бақылайды, қорытындылайды және бағалайды және тіркеу мемлекеті ұйғарған ақпаратты ұсынады, сондай-ақ үлгі конструкциясына жауапты ұйымнан келіп түсетін, ұшу жарамдылығын сақтауға қатысты мәліметтер мен ұсынымдарды алады және бағалайды және тіркеу мемлекетіне қолайлы рәсімдерге сәйкес қажет деп есептейтін іс-қимылдарды жасайды.
47. Авиациялық оқиғалар туралы міндетті және ерікті хабардар ету жүйесі шеңберінде пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және әуе кемесінің үлгі конструкциясы мен ұшу жарамдылығын қолдауға жауапты ұйымға ұшу қауіпсіздігіне теріс әсер еткен немесе етуі мүмкін істен шығу, ақаулықтар, жарамсыздықтар және басқа да сәйкессіздіктер туралы ақпаратты береді. Ақпарат оқиға сәтінен бастап немесе пайдаланушы оқиға туралы ақпаратты алған сәттен бастап 72 (жетпіс екі) сағаттан кешіктірмей ұсынады.
48. Пайдаланушы әуе кемесін пайдаланатын үлгі сертификатты ұстайтын мемлекеттен ұшу жарамдығы директиваларын алу, бағалау және есепке алу жүйесін енгізеді.
49. Ұшу жарамдылығына тиісті талаптарға барлық түрлендірулер мен жөндеулерді үлгі конструкцияға жауапты ұйым бекітеді. Ірі түрлендірулер мен жөндеулер әуе кемесінің тіркеу мемлекетімен келісіледі. Пайдаланушы осындай деректердің сақталуын қамтамасыз етеді.
8. Коммерциялық әуе тасымалдары
50. Тұрақты коммерциялық әуе тасымалдарын орындайтын пайдаланушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 185 қаулысымен бекітілген Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауды орындауға рұқсат беру қағидаларында белгіленген біліктілік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
51. Халықаралық тұрақты коммерциялық әуемен тасымалдауды орындайтын пайдаланушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларында белгіленген біліктілік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
52. Тұрақты емес коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыру үшін пайдаланушыда сатып алу-сату, лизинг немесе экипажсыз жалға алу шартының негізінде алған кемінде бір әуе кемесі болады.
53. Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушы мыналардың болуын қамтамасыз етеді:
1) авиациялық жұмыстардың мәлімделген түрлерін орындауға арналған және жабдықталған әуе кемелері;
2) авиациялық жұмыстардың мәлімделген түрін орындауға жіберілген персонал;
3) авиациялық жұмыстардың мәлімделген түрін орындауға арналған сертификаттық техникалық құралдар.
54. Пайдаланушы авиациялық жұмыстардың нақты түрлерін орындау тәртібі, сондай-ақ уақытша әуеайлақтарды және олардың жабдығын жарамды жай-күйде пайдалану және қолдау тәртібін әзірлейді.
55. Пайдаланушы тиісті аумақтардың экологиялық ерекшеліктерімен немесе осы аумақта көлік құралдары мен адамдардың болуының ерекше режимімен байланысты авиациялық жұмыстарды орындауға шектеулер белгілейді.
11. Қауіпті жүктерді тасымалдау
56. Пайдаланушы қауіпті жүктерді тасымалдау құқығын алу үшін мыналардың:
1) қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі біліктілік деңгейін растайтын құжаты бар, сондай-ақ пайдаланушының атынан қауіпті жүктерді әуе тасымалына жіберу (жіберуден бас тарту) туралы және қауіпті жүктердің сыныбына (санатына) қарай оларды тасымалдау шарттары туралы шешім қабылдау құқығы берілген жауапты маманның;
2) қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша белгіленген тәртіппен оқытылған және қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберілгенін растайтын қолданыстағы құжаттары бар пилоттардың, бортинженерлердің, бортоператорлардың, бортсеріктердің;
3) багаж-жүк бөлмелері ұшуға жарамдылық нормаларының талаптарына сай келетін және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес қауіпті жүктердің қауіпсіз тасымалдануын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әуе кемелері.
57. Қауіпті жүктерді жүк есебінде тасымалдауға пайдаланушылық бекітілуі жоқ пайдаланушылар:
1) жағдайға байланысты, Техниқалық инструкцияның 1 бөлімі 4 тарауының және де мемлекеттік нормативтер жағдайларының талаптарына жарамды, ИКАО 18-Қосымшасы талаптарына жауапты, қауіпті жүктер бойынша оқулық бағдарламаларын әзірлеуді. Қауіпті жүктер бойынша оқулық бағдарламаларының нақты сипаттамасын пайдаланушының Ұшуды өндіру бойынша басшылығына енгізілуін;
2) кем дегенде, ИКАО 18-Қосымшасы, Техниқалық нұсқаулығы және мемлекеттік нормативтер жағдайларының талаптарын қанағаттандыру мақсатында өздерінің Ұшуды өндіру бойынша басшылығына қауіпті жүктер саласындағы саясат пен тәртіптерін орнатып, пайдаланушы құрамына келесі мүмқүншіліктерді беру үшін:
қауіпті жүктер деп классификацяланған, жәрияланбаған қауіпті жүктерді, бұған қоса компания (COMAT) материалдарын анықтау және қабылдамауды;
пайдаланушының және бұл жағдай болған мемлекеттің сәйкес өкілетті органдарына кез келген келесі: жүк пен пошта ішінде жәрияланбаған қауіпті жүктерді айқындау оқиғалары туралы; қауіпті жүктермен болған оқиғалармен оқыс оқиғалар туралы, ақпаратты хабарлауды қамтамасыз етеді.
58. Қауіпті жүктерді жүк есебінде тасымалдауға пайдаланушылық бекітілуін алу үшін пайдаланушы:
1) жағдайға байланысты, Техниқалық инструкцияның 1 бөлімі 4 тарауының 1-4 кестесіне және-де мемлекеттік нормативтер жағдайларының талаптарына жауапты, қауіпті жүктер бойынша оқулық бағдарламаларын әзірлеуді. Қауіпті жүктер бойынша оқулық бағдарламаларының нақты сипаттамасы пайдаланушының Ұшуды өндіру бойынша басшылығына енгізіледі.
2) кем дегенде, ИКАО 18-Қосымшасы, Техниқалық нұсқаулығы және мемлекеттік нормативтер жағдайларының талаптарын қанағаттандыру мақсатында өздерінің Ұшуды өндіру бойынша басшылығына қауіпті жүктер саласындағы саясат пен тәртіптерін орнатуды, пайдаланушы құрамына келесі мүмқүншіліктерді беру үшін:
қауіпті жүктер деп классификацяланған, жәрияланбаған немесе қате жәрияланған қауіпті жүктерді, бұған қоса компания (COMAT) материалдарын анықтау және қабылдамауды;
кез келген келесі: жүк пен пошта ішінде жәрияланбаған немесе қате жәрияланған қауіпті жүктерді анықтау оқиғалары туралы; қауіпті жүктермен болған оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы, пайдаланушының және бұл жағдай болған мемлекеттің сәйкес өкілетті органдарына ақпаратты ұсынуды;
кез келген келесі: Техниқалық инструкцияның 7 бөлімі 2 тарауының жағдайларына сәйкес жүк тиелмеген, айырылмаған, бөлінбеген немесе бекітілмеген; әуе кемесінің командиріне қауіпті жүктер туралы ақпарат берілмеген кезде, пайдаланушы мемлекетінің және жөнелтуші мемлекетінің сәйкес өкілетті органдарына анықталган қауіпті жүктерді тасымалдау оқиғасы туралы, ақпаратты ұсынуды;
қауіпті жүктер деп классификацяланған, жүк ретінде қауіпті жүктерді бұған қоса компания (COMAT) материалдарын қабылдау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, әуе кемесінің бортында тиеу және түсіру жұмыстарын атқаруды;
жүк ретінде тасымалдауға тиісті қауіпті жүктерге жазбаша немесе баспаша түріде әуе кемесінің командиріне дәл және анық оқылатын ақпаратты ұсынуды, қамтамасыз етеді.
12. Авиациялық қауіпсіздік
59. Тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның құрылымында авиациялық қауіпсіздік қызметі болады.
Ликвидациялық жұмыстарды және тұрақты емес әуе тасымалдарын орындайтын пайдаланушының құрылымында авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты тұлға болады.
60. Тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы, сондай-ақ тұрақты емес тасымалдарды және авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты тұлғасы ұлттық қауіпсіздік орманымен келісім бойынша тағайындалатын, авиакомпанияның бірінші басшысына тікелей бағынысты Қазақстан Республикасының азаматы ғана бола алады.
61. Пайдаланушы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а 2014 жылғы 3 маусымдағы № 347 бұйрығымен бекітілген Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы талаптарына сәйкес авиациялық қауіпсіздік жөніндегі авиация персоналын және басқа да қызметкерлерді даярлауды ұйымдастырады.
62. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 973 ҚБПҮ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулығында (бағдарламасында) белгіленген талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
13. Әуе кемелерін жалдау (лизинг)
63. Әуе кемесін жалдау кезінде пайдаланушы (жалға алушы) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқауға және пайдаланушының техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі нұсқауға жалға алынған әуе кемесін пайдалану мен техникалық қызмет көрсету ерекшеліктеріне және жалға беруші мен жалға алушының өзара іс-қимылына қатысты тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
64. Жалға алынған әуе кемелері (соның ішінде шетелде жалға алынған) оларды белгіленген тәртіппен пайдаланушы сертификатын пайдалану жөніндегі арнайы ережеге, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікке, жалпы мақсаттағы авиацияның ұшуын орындау құқығына арналған куәлікке енгізгеннен кейін ғана ұшуға жіберіледі.
65. Әуе кемелерінің экипажсыз пайдалану жөніндегі арнайы ережеге енгізілу мерзімі жалдау (лизинг) туралы келісімнің қолданылу мерзімінен аспайды. Жалдау (лизинг) туралы келісімнің қолданылуын ұзартқан кезде пайдалану жөніндегі арнайы ереже қайта ресімделеді және жалдаудың (лизингтің) қолданылу мерзіміне ұзартылады.
66. Пайдаланушы Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) мүше басқа мемлекетте тіркелген, жалға алынған экипажсыз әуе кемелерін пайдалану шеңберінде осы әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын сақтау үшін жауапкершілікке қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы мен басқа мемлекет арасындағы келісім немесе уағдаластық болған жағдайда қамтамасыз етеді.
14. Еңбек қорғау және экологиялық қауіпсіздік
67. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес персоналдың жұмыс жағдайын қамтамасыз етеді, еңбекті қорғау жөніндегі қажетті нормативтік актілері болады, еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақтау бойынша ұйымдастыру және техникалық іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады
68. Пайдаланушы әуе кемелерін пайдалану және техникалық қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
«Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы «___»____________ № ____ бұйрығына Анықтама-негіздеме
|
№
|
Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі
|
Мемлекеттік органның ақпараты
|
|
1.
|
Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
|
|
2.
|
Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау негізі (мемлекеттік органның құзыреті)
|
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының 41-56) тармақшасына сәйкес
|
|
3.
|
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)
|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру мақсатында
|
|
4.
|
Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 319 «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» қаулысы
|
|
5.
|
Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер
|
Жоқ
|
|
6.
|
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме
|
Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздемейді
|
|
7.
|
Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер
|
Көзделмейді
|
|
8.
|
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәлiметтердi
|
Жоба Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің mid.gov.kz электрондық адресі бойынша интернет-ресурсында және мемлекеттік органның интранет- порталында орналастырылған
|
|
9.
|
Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсiпкерлердiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң тiзiмiн қамтуы тиiс (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын актiлер үшiн)
|
жоқ
|
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрлігі Заң
департаментінің директоры А. Алиакпаров