Весь документ
-
Продукты:
Судебная практика










Судебная практика
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 139-ө бұйрығына 9-қосымша
«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 21 шілдеден бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.05.2015 жылғы № 407 Бұйрығына сәйкес
Редакция 11.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Жалпы ережелер
1. «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 217 қаулысымен бекітілген «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау рәсімін белгілейді.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 11.12.2014 жылғы № 313 Бұйрығымен (01.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (жарияланбаған)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
көрсетілетін қызметті беруші;
мүгедектікті растау туралы ақпарат алу бөлігінде www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және/немесе қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті алушыға мүгедектік белгіленген жағдайда – мүгедектік туралы анықтама;
көрсетілетін қызметті алушыға оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОБЖ) әзірленген жағдайда – мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы картасынан үзінді көшірме;
көрсетілетін қызметті алушыға жалпы еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда – жалпы еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесі туралы анықтама;
көрсетілетін қызметті алушыға кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда – кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама және кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамадан үзінді көшірме;
зардап шеккен қызметкердің көмектің қосымша түрлеріне және күтімге мұқтаждығы айқындалған жағдайларда – зардап шеккен қызметкердің көмектің қосымша түрлеріне және күтімге мұқтаждығы туралы қорытынды;
кезекті куәландыру кезінде мүгедек деп танылмаған көрсетілетін қызметті алушыға – толық оңалғандығы туралы хабарлама;
порталға жүгінген кезде – мүгедектікті растау туралы не ақпараттық жүйенің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында мүгедектік туралы мәліметтердің болмауы туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш берілген күні сараптамалық қорытынды шығарады.
Диагнозды және организм функцияларының бұзылу дәрежесін қосымша тексеру, емдеу және/немесе куәландырылатын адамды және/немесе куәландырылатын адамның құжаттарын медициналық-әлеуметтік сараптаманың (бұдан әрі – МӘС) әдіснама және бақылау бөліміне жіберу арқылы нақтылау қажеттілігі туындаған жағдайларда, сараптамалық қорытынды он жұмыс күні ішінде шығарылады.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы және кемінде екі бас маманы 45 минут ішінде:
көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауды және деректерін автоматтандырылған ақпараттық жүйенің дерекқорына тіркеуді жүргізеді;
ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және басқа да деректерді) қарайды;
куәландырылатын адамды тексеріп-қарауды жүргізеді;
медициналық айғақтар, негізгі организм функциялары бұзылушылықтарының және тыныс-тіршілігі шектелуінің сыныптауышы негізінде организм функцияларының бұзылу және тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесін бағалауды жүргізеді;
организмнің жай-күйін кешенді бағалауға және тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесіне қарай:
сараптамалық қорытынды шығарады;
қосымша тексеру және емдеу арқылы диагноз бен организм функцияларының бұзылу дәрежесін нақтылау қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыны медициналық ұйымға жібереді;
МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің консультациялық қорытындысы қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыны және/немесе көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын МӘС әдіснама және бақылау бөліміне жібереді.
Егер көрсетілетін қызметті алушы толық тексерілуге, емделуге, консультацияға жіберілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жүгінбесе, онда көрсетілетін қызметті беруші сараптамалық қорытындыны тексеріп-қарау мен анализ деректерінің, бұрын ұсынылған медициналық құжаттардың негізінде шығарады.
Куәландырылатын адамның деректері МӘС актілері, хаттамалар журналдары мен құжаттар, оның ішінде осы Регламенттің 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері қалыптастырылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйенің дерекқорына енгізіледі.
Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу/белгілемеу және/немесе әлеуметтік қорғаудың қажетті шараларын айқындау туралы алқалы сараптамалық қорытынды осы кезеңдегі мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелеріне бөлім басшысы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға береді.
2) көрсетілетін қызметті берушінің МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы және МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің кемінде екі бас маманы 45 минут ішінде:
ұсынылған құжаттарды қарайды және/немесе көрсетілетін қызметті алушыны тексеріп-қарауды, организм функцияларының бұзылу және тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесін бағалауды жүргізеді;
құжаттарды қарау және/немесе тексеріп-қарау нәтижелері бойынша консультациялық қорытынды шығарады;
қосымша тексеру және емдеу арқылы диагноз бен организм функцияларының бұзылу дәрежесін нақтылау қажет болған кезде көрсетілетін қызметті алушыны медициналық ұйымға жібереді.
Тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесі туралы алқалы консультациялық қорытынды осы кезеңдегі мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:
көрсетілетін қызметті берушінің МӘС бөлімінің басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің МӘС бөлімінің бас мамандары;
көрсетілетін қызметті берушінің МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |