• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 16.12.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 5

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 қаңтарда № 10204 тіркелді

Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.09.2020 жылғы № 120 Қаулысына сәйкес 
Редакция 24.03.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен  кассалық операциялар жүргізуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Қ. Келімбетов
  • 1
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
 № 247 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының күші жойылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 467 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2685 тіркелген, 2004 жылғы 7 ақпанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 29 (23667) жарияланған).
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 467 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 42 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3596 тіркелген, 2005 жылғы 13 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 103-104 (24062) жарияланған).
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 27 тамыздағы № 90 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4936 тіркелген, 2007 жылғы 24 қазанда «Заң газеті» газетінде № 163 (1192) жарияланған) 2-тармағы.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоса атқаруы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 86 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5804 тіркелген, 2009 жылғы 30 қазанда «Заң газеті» газетінде № 166 (1589) жарияланған).
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 467 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 25 маусымдағы № 61 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6351 тіркелген, 2010 жылғы 8 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» газетінде № 364-365 (26208) жарияланған).
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 20 тамыздағы № 76 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6534 тіркелген, 2010 жылғы 21 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 435 (26278) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 9-тармағы.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 1 шілдедегі № 65 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7122 тіркелген, 2011 жылғы 15 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 133 (1949) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 9-тармағы.
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 467 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 256 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7973 тіркелген, 2012 жылғы 28 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 778-784 (27855) жарияланған).
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 247 қаулысымен бекітілген
  • 1
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 жылғы № 248 Қаулысына сәйкес (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу тәртібін белгілейді.
Ұлттық Банкте жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу тәртібіне касса жұмысын ұйымдастыру, кассалық операциялар жасау, банкноттар мен монеталарды сұрыптау және орау, кем шығулармен, артық шығулармен, бүлінген, күмәнді және төлем қабілеті жоқ, сондай-ақ қолдан жасалған және банкноттармен және монеталармен және ақау белгілері бар ақша белгілерімен жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығында (филиалына) (бұдан әрі – Ұлттық Банктің Орталығы) кассалық операциялар жасау ерекшеліктері кіреді.
2. Қағидалар Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына (бұдан әрі – Ұлттық Банктің филиалдары) және Ұлттық Банктің Орталығына, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдарына, Ұлттық Банктің Орталығына қолма-қол ақша енгізетін (тапсыратын) және (немесе) алатын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) айналым кассасы – Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының кіріс, шығыс, кіріс-шығыс кассалары, қайта санау кассасы, ұсақтау (айырбастау) кассасы және кешкі касса кіретін кассасы;
2) артық шығу – банкноттардың немесе монеталардың орауында көрсетілген қолма-қол ақша сомасының және осы ораудағы нақты банкноттар мен монеталар сомасының арасындағы асып кеткен айырма;
3) заңды тұлға – екінші деңгейдегі банктер, олардың филиалдары, Ұлттық почта операторы, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру бойынша қызметті қоса атқара отырып банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар және олардың уәкілетті өкілдері;
4) инкассация бөлімшесі – Ұлттық Банк Орталығының қолма-қол ақшаны инкассациялау шарты негізінде Ұлттық Банктің филиалдары, сондай-ақ Ұлттық Банктің Орталығы және заңды тұлғалар арасында қолма-қол ақшаны және құндылықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын бөлімшесі;
5) қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі (бұдан әрі – ҚААТЖ) – жіберілетін құжаттамаға рұқсатсыз кіруден қажетті қорғанышы бар арнайы байланыс арнасы;
6) қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесі – Ұлттық Банк орталық аппаратының бөлімшесі;
7) касса модулі – Ұлттық Банктің автоматтандырылған банктік ақпарат жүйесінің эмиссиялық-кассалық операцияларының модулі;
8) кем шығу – банкноттардың немесе монеталардың орауында көрсетілген қолма-қол ақша сомасының және осы ораудағы нақты банкноттар мен монеталар сомасының арасындағы кем шыққан айырма;
9) күмәнді банкноттар және монеталар – бүлінген, төлем қабілетін және түпнұсқалығын анықтау үшін сараптама жүргізу қажет болатын банкноттар мен монеталар;
10) қолма-қол ақша айналысы бөлімшесі – Ұлттық Банк орталық аппаратының бөлімшесі;
11) мемлекеттік мекеме – Ұлттық Банктің қызмет көрсетуі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері және олардың уәкілетті өкілдері;
12) филиалдың бухгалтериясы – Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының бухгалтерлік есепке алу бөлімшесі;
13) ішкі аудит бөлімшесі – Ұлттық Банк орталық аппаратының бөлімшесі.
2-тарау. Касса жұмысын ұйымдастыру
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 жылғы № 248 Қаулысына сәйкес (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында кассалық операциялар бүкіл операциялық күн ішінде жүргізіледі. Касса жұмысының басталу және аяқталу уақыты, сондай-ақ касса жұмысының ерекшеліктері Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы басшысының не оның орнындағы адамның бұйрығымен белгіленеді.
5. Операциялық күн ішінде заңды тұлғадан және мемлекеттік мекемеден түскен қолма-қол ақшаны Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы олардың сомасын сол операциялық күні заңды тұлғаның және мемлекеттік мекеменің тиісті банк шоттарына есепке ала отырып айналым кассасына қабылдайды.
Операциялық күн ішінде Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының кассасынан заңды тұлғаға және мемлекеттік мекемеме берілген қолма-қол ақша сол операциялық күні заңды тұлғаның және мемлекеттік мекеменің тиісті банк шоттарынан есептен шығарылады.
6. Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы төлем үшін тек төлем банкноттары мен монеталарын ғана қабылдайды.
Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы қабылдайтын және айырбастайтын тозған банкноттардың төлем қабілеті Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2689 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау ережесіне сәйкес айқындалады.
7. Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы банкноттар мен монеталарды қолдан жасау фактісіне байланысты хабарларды (шағым-талаптарды) қарайды. Қолдан жасалған және төлем қабілеті жоқ банкноттар немесе монеталар жеке тұлғаға, заңды тұлғаға, мемлекеттік мекемемеге қайтарылмайды және айырбасталмайды. Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы анықталған қолдан жасалған банкноттарды және монеталарды аумақтық құқық қорғау органдарына өткізеді.
3-тарау. Кассалық операцияларды жасау
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 жылғы № 248 Қаулысына сәйкес (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-параграф. Кіріс кассасының қолма-қол ақшаны қабылдау жұмысын ұйымдастыру
8. Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының кіріс кассасы (бұдан әрі – кіріс кассасы) жеке тұлға, заңды тұлға, мемлекеттік мекемеме енгізген (тапсырған) қолма-қол ақшаны қабылдауды жүзеге асырады.
9. Кіріс кассасының Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында немесе қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) бар заңды тұлғалардан қолма-қол ақшаны қабылдауы Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы және көрсетілген заңды тұлғалар арасында жасалған кассалық қызмет көрсету шарттары негізінде жүзеге асырылады.
10. Кіріс кассасының Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында немесе қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) жоқ жеке тұлғалардан, заңды тұлғалардан қолма-қол ақшаны қабылдауы кассалық қызмет көрсету шартын жасамастан банкноттарды парақтап және монеталарды бір-бірлеп санай отырып жүзеге асырылады.
11. Кіріс кассасының Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында немесе қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) жоқ мемлекеттік мекемеден қолма-қол ақшаны қабылдау кассалық қызмет көрсету шартын жасамастан банкноттарды парақтап және монеталарды бір-бірлеп санай отырып жүзеге асырылады.