Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 862 бұйрығына 1-қосымша
Toggle Dropdown
Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидалары
Toggle Dropdown
Редакция 28.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарын тiркеудің және есепке алудың бiрыңғай тәртiбін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Қағидалар халықаралық қозғалысқа қатысатын, басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген және Қазақстан Республикасына бір жылдан аспайтын мерзімге әкелінген көлік құралдарына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлері мен әскери құрылымдарының механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне қолданылмайды.
Toggle Dropdown
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдармен және/немесе олардың өкілдіктерімен, консулдық мекемелермен және Қазақстан Республикасында аккредиттелген олардың қызметкерлерімен жұмыс жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы;
Toggle Dropdown
2) жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (бұдан әрі – МТНБ) – жеке және заңды тұлғалардың автомобильдеріне арналған:
Toggle Dropdown
010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 цифрлық белгідегі;
Toggle Dropdown
бірдей әріптік белгілері бар 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 цифрлық белгідегі;
Toggle Dropdown
100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 цифрлық белгідегі;
Toggle Dropdown
бірдей әріптік белгілері бар 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 цифрлық белгідегі;
Toggle Dropdown
001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 цифрлық белгідегі;
Toggle Dropdown
бірдей әріптік белгілері бар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 цифрлық белгідегі;
Toggle Dropdown
бірдей әріптік белгілерімен;
Toggle Dropdown
3) жол қозғалысының шетелдік қатысушылары – 1961 жылғы «Дипломатиялық қатынастар туралы» Вена конвенциясына және 1963 жылғы «Консулдық қатынастар туралы» Вена конвенциясына сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерге ие, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар және/немесе оның өкілдіктері, консулдық мекемелер және Қазақстан Республикасында аккредиттелген олардың қызметкерлері, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетел қатысуымен заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
Toggle Dropdown
4) көлік құралын тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – КҚТК) – көлік құралының жол қозғалысына қатысуға жіберілгенін растайтын құжат;
Toggle Dropdown
5) көлік құралын мемлекеттік тіркеу, оның ішінде көлік құралын бастапқы тіркеу – құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексергеннен, КҚТК мен МТНБ бере отырып, көлік құралының сәйкестендіру нөмірлерін салыстыра тексергеннен кейін уәкілетті орган жүзеге асыратын, көлік құралының жол қозғалысына қатысуына рұқсат беру рәсімі;
Toggle Dropdown
6) көлік құралын бастапқы тіркеу ‒ Қазақстан Республикасының аумағында алғаш жүзеге асырылатын, көлік құралын мемлекеттік тіркеу.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу көлік құралын бастапқы тіркеу болып табылмайды;
Toggle Dropdown
7) көлік құралын есептен шығару – көлік құралын жоғалтумен, басқа адамның иелігіне шығарумен, сондай-ақ кәдеге жаратумен немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты болуға әкетумен байланысты немесе өзге де мән-жайларға сәйкес көлік құралын мемлекеттік тіркеуді тоқтатумен байланысты іс-әрекеттер;
Toggle Dropdown
8) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – БАЖ) – «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 1-тармағында көзделген, сондай-ақ тіркеу әрекетінде жасалған көлік құралын міндетті тіркеу деректері бойынша көлік құралдары және олардың иелері туралы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететін, уәкілетті органның мемлекеттік ақпараттық жүйе;
Toggle Dropdown
9) көлік құралдарын тіркеудегі өзгерістер – көлік құралының міндетті тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Toggle Dropdown
10) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі – БАЖ-да көлік құралын сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін, көлік құралын шығарушы берген, тізбектелген әріптік-цифрлық символдар түрінде көрсетілген көлік құралының жеке сериялық нөмірі;
Toggle Dropdown
11) көлік құралының иесі – көлік құралының меншік иесі, сондай-ақ көлік құралын шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не өзге де заңды негізде (жалға алу құқығы, көлік құралын басқару құқығына сенімхат, көлік құралын осы адамға беру туралы тиісті органның өкімі) иеленетін адам. Көлік құралын өзінің қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындау үшін, оның ішінде көлік құралының меншік иесімен немесе өзге де иесімен еңбек және азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде басқаратын адам көлік құралының иесі болып табылмайды;
Toggle Dropdown
12) қайта жабдықтау – жол жүрісі қауіпсіздігіне ықпал ететін, көлік құралының конструкциясында көзделген құрамдас бөліктер мен жабдық бұйымдарын алып тастау немесе көзделмегендерді орнату;
Toggle Dropdown
13) МТНБ – мемлекеттің меншігі болып табылатын және жеке әріптік-цифрлық белгіні қамтитын, механикалық көлік құралына берілетін және ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес жасалған бұйым. Бұл түсінік «Транзит» МТНБ-ге таралады;
Toggle Dropdown
14) нөмірлік агрегат – көлік құралының шанағы, шассиі, рамасы, оларға өндіруші сәйкестендіру нөмірін басқан;
Toggle Dropdown
15) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
15-1) тіркеу әрекеттері – көлік құралдарын тіркеумен, оларды есептен шығарумен, көлік құралдарының тіркеу деректеріне өзгерістер енгізумен, сондай-ақ тіркеу әрекеттерін жасауға тыйым салулар мен шектеулерді тіркеумен және шешумен байланысты қызмет;
Toggle Dropdown
16) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
17) МТНБ телнұсқасы – бұл белгіленген тәртіппен тіркелген көлік құралына МТНБ орнына берілетін МТНБ;
Toggle Dropdown
18) жеткізуші – жүргізуші куәліктерін, КҚТК, МТНБ дайындау бойынша қызметтерді, жұмыстарды, тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындаушы;
Toggle Dropdown
19) кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау мақсатында кәдеге жарату төлемі енгізілгенін растайтын электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
Toggle Dropdown
20) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жасалған және электрондық құжаттың түпнұсқалығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Toggle Dropdown
2-тарау. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу
Toggle Dropdown
4. Көлік құралдары жеке тұлғалардың атына олардың Қазақстан Республикасында тіркелген заңды мекенжайы (бұдан әрі – тұрғылықты жері) бойынша тіркеледі.
Toggle Dropdown
Көлік құралдарын заңды тұлғалардың атына тіркеу олардың тіркелген заңды мекенжайы бойынша, ал филиалдар мен өкілдіктерінің атына – олардың Қазақстан Республикасында тіркелген жері бойынша жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне сәйкес Көлік құралын тіркеуге құжаттарды қабылдау және дайындарын беру көлік құралы иесінің жүгіну орны бойынша жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
5. Көлiк құралының иесi бiрлескен меншiк құқығы туралы куәлiктi ұсынған жағдайда КҚТК-нің «Ерекше белгiлер» бөліміне: «Тең иесі» деген жазба енгізіледі.
Toggle Dropdown
6. Көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару, оның меншік иелері он төрт жасқа жетпеген кәмелетке толмаған азаматтар болған жағдайда олардың атынан заңды өкілі, ал меншік иелері он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған болған жағдайда жазбаша түрде рәсімделген және нотариуспен куәландырылған немесе ЭЦҚ куәландырылған электронды құжат үлгісінде заңды өкілдің келісімімен осы адамдар жасайды.
Toggle Dropdown
Кәмелетке толмағанның меншігіндегі көлік құралын тіркеуді оның заңды өкілдерінің бірі жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Егер заңды өкілдері бірнеше болған жағдайда, онда олардың біреуінің атына көлік құралын тіркеу жазбаша түрде рәсімделген және нотариуспен куәландырылған немесе ЭЦҚ куәландырылған электронды құжат үлгісінде басқа заңды өкілдердің келісімімен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
КҚТК арнайы белгілерінде көлік құралының иесі болып табылатын кәмелетке толмағанның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі және «Иесі» деген жазба көрсетіледі.
Toggle Dropdown
7. Дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және/немесе оның өкілдіктерінің, Қазақстан Республикасында тіркелген консулдық мекемелердің және Қазақстан Республикасында аккредиттелген олардың қызметкерлерінің көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйым арқылы жүргізіледі.
Toggle Dropdown
8. Көлік құралдарын, ондағы жеңіл автокөліктерден (өтімділігі жоғары автокөліктерден басқа) және мотороллерлерден басқа тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 155 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағында мобилизация, әскери жағдай және әскери уақыттағы мерзімде әскери-көліктік міндеттеме қағидаларының 7-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 33362 болып тіркелген) жүргізіледі.
Toggle Dropdown
9. Көлік құралдарын тіркеу, тіркеуге өзгерістер енгізу, есептен шығару кезінде барлық қажетті деректер БАЖ-ға енгізіледі. Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерден келген көлік құралдарын тіркеген кезде КҚТК-ның ерекше белгілерінде жазба көрсетіледі: Ресей Федерациясынан ‒ РФ КҚ, Армения Республикасынан ‒ АР КҚ, Беларусь Республикасынан ‒ БР КҚ, Қырғыз Республикасынан ‒ Қырғыз Республикасы КҚ.
Toggle Dropdown
Басқару органдары сол жақта орналасқан, Қазақстан Республикасының азаматтарына Армения Республикасының уәкілетті органдарында тіркелген және Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген көлік құралдарын тіркеу кезінде КҚТК-ның ерекше белгілерінде «Өзге адамға тіркеуге жатпайды» деп көрсетіледі.
Toggle Dropdown
10. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)