Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 862 бұйрығына 2-қосымша
Редакция 08.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары
1. Осы Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымдарында (бұдан әрі - оқу ұйымдары) механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді (бұдан әрі - жүргізушілер) даярлау тәртібін айқындайды.
1-1. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
2. Жүргізушілерді даярлау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «А», «В», «С», «D», «ВЕ», «СЕ», «DЕ», «Tm», «Tb» санаттарындағы және «A1», «В1», «С1», «D1», «С1Е», «D1Е» кіші санаттарындағы механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлаудың үлгі бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
«А», «В» санаттарындағы және «A1», «В1» кіші санаттарындағы механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлаудың үлгі бағдарламаларына сәйкес жүргізушілерді даярлауға рұқсат етіледі.
3. «А», «В», «С», «D», «ВЕ», «СЕ», «DЕ», «Tm», «Tb» санаттарындағы және «A1», «В1», «С1», «D1», «С1Е», «D1Е» кіші санаттарындағы механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау медициналық куәландырудан өткен және медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдардың қатарынан жүзеге асырылады.
4. Жүргізушілерді даярлау топтарына қабылданған, оқу ұйымдарындағы білім алушыларды есепке алу жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің автоматтандырылған кешенімен біріктіру мүмкіндігімен, автоматтандырылған ақпараттық жүйені пайдаланып жүргізіледі.
5. Жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу топтары саны кем дегенде отыз адамнан жасақталады.
5-1. Оқыту ұйымдарын есепке алуды және оқу топтарын тіркеуді жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Автомектеп» АЖ) арқылы жүзеге асырылады.
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға оқыту ұйымынан келіп түскен жұмысының басталғаны туралы хабарлама «Автомектеп» АЖ-да оқуды ұйымдастыруды тіркеу және есепке алу үшін негіздеме болып табылады.
Оқыту ұйымын «Автомектеп» АЖ-да тіркеу тиісті хабарлама келіп түскен күні жүзеге асырылады (хабарлама жұмыс уақытының 18.00 сағаттанкейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде «Автомектеп» АЖ-да оқу ұйымын тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Оқыту ұйымы «Автомектеп» АЖ-да тіркелгеннен кейін жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде оқыту ұйымдарына оқу топтарын тіркеу үшін «Автомектеп» АЖ-ғаавторизацияланған рұқсатты ұсынады.
«Автомектеп» АЖ-да оқу топтарын тіркеу оқыту ұйымының бұйрығы негізінде тиісті бұйрық шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
«Автомектеп» АЖ форматты-логикалық бақылауды көздейді, ол:
1) саны отыз адамнан асатын оқу топтарын тіркеуге;
2) бұрын тіркелген оқу топтарында білім алушыларды қосуға;
3) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламаларына сәйкес білім алушы толық оқу курсынан өтпеген жағдайда, сондай-ақ оқыту ұйымында қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша теріс баға алған кезде оқу курстарын аяқтағаны туралы куәлік алуға жол бермейді.
«Автомектеп» АЖ-ғабіріктірілген сервисі арқылы қосылатын көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктердің ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, оқу топтарын тіркеуді жүргізуге жол беріледі.
2-тарау. Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау тәртібі
6. Механикалық көлік құралдарын (бұдан әрі – МКҚ) жүргізушілерді даярлау мынадай тақырыптық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады:
1) «Құрылымы және техникалық қызмет көрсету»;
2) «Жол жүрісі қағидалары»;
3) «Көлік құралын басқару негіздері және қозғалыс қауіпсіздігі»;
4) «Жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі ‒ ЖКО) кезіндегі алғашқы көмек»;
5) «Механикалық көлік құралын жүргізу (тиісті санаттағы, кіші санаттағы)»
7. Жүргізушілерді даярлауға арналған кабинеттер (сыныптар) кабинеттің (сыныптың) оқу жабдықтарының барынша аз тізбесіне сәйкес немесе осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес МКҚ тиісті санатындағы жүргізушілерді даярлау үшін ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жабдықталады.
8. Оқытудың негізгі нысандары теориялық және практикалық сабақтар болып табылады.
Әрбір пән бойынша теориялық сабақтар күніне екі сағаттан, ал практикалық сабақтар - алты сағаттан аспайтындай жоспарланады.
Бір күн ішінде автомобиль жүргізу бойынша бір білім алушыға:
1) автотренажерда кемінде бір сағат;
2) оқу автомобилінде «Колоннада көлік жүргізу» жаттығуын, сондай-ақ төрт сағат ішінде пысықталатын, жүк тасымалдаумен байланысты жаттығуларды қоспағанда, кемінде екі сағат пысықтап үйренуге рұқсат етіледі.
9. Теориялық және зертханалық-практикалық оқу сабақтарының ұзақтығы – қырық бес минут, ал міндеттерді белгілеу, қорытынды шығару, құжаттама ресімдеу және оқитындарды ауыстыру уақытын қоса алғанда, автомобиль жүргізу бойынша практикалық сабақтардың ұзақтығы – бір сағат.
Практикалық сабақтарды үзіліссіз тоқсан минут ішінде өткізуге жол беріледі. Оқу уақытының ұзақтығы жұмыс күндері төрт сағаттан және демалыс күндері алты сағаттан аспауы тиіс.
10. Теориялық сабақтарды оқытушы, ал автомобиль құрылғылары мен оған техникалық қызмет көрсету бойынша зертханалық-практикалық сабақтарды оқытушы өндірістік үйрету шеберімен бірлесіп өткізеді, автомобиль жүргізу бойынша практикалық сабақтарды көлік жүргізуге үйрету шебері оқитын әр адаммен жеке жүргізеді.
Автомобильдердің құрылымы мен техникалық қызмет көрсету және ЖКО кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық сабақтар бір немесе бірнеше тақырып бойынша тиісті теориялық материалды зерделегеннен кейін жүргізіледі.
11. Автомобильді практикалық жүргізу басталғанға дейін оқитындар көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер және Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол жүрісіне қатысушылардың міндеттері бойынша даярлықтан өтеді.
12. Практикалық жүргізу сабақтары әрбір білім алушымен жеке автотренажерларда (олар болған жағдайда), автодромдарда (жүргізіп үйренуге арналған алаңдарда) және үш жылда кемінде бір рет жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық уәкілетті органда келісуден өткен оқу бағыттарында өткізіледі.
13. Практикалық жүргізуге оқыту жүргізуге үйрету шеберінің басшылығымен техникалық жағынан ақаусыз, Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің талаптарына сәйкес жабдықталған көлік құралдарында өткізіледі.
14. Әр пән бойынша оқитындардың деңгейін анықтау және оның білімін бағалау үшін қорытынды сабақтар өткізіледі, олардың нәтижелері бойынша әрбір оқитынның және жалпы топтың емтихандарға дайындығы, консультациялар тақырыптары, қосымша сабақтардың көлемі айқындалады, сондай-ақ емтихандарға өздігінен дайындалу үшін ұсынымдар беріледі, сондай-ақ қорытынды аттестаттау өткізіледі.
15. Тиісті санаттардағы және кіші санаттардағы механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлаудың үлгі бағдарламаларында көзделген жаттығуларды толық көлемде пысықтағаннан кейін МКҚ басқару тәсілдерін жеткілікті меңгермеген, оқитын адамдар үшін қорытынды сабақтың нәтижелері бойынша қосымша сабақтар өткізіледі.
16. Қорытынды аттестаттау оқыту ұйымында:
1) көлік құралының құрылғылары мен оған техникалық қызмет көрсету;
2) жол жүрісі қағидалары, қозғалыс қауіпсіздігі мен ЖКО кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету негіздері;
3) көлік құралын практикалық жүргізу бойынша емтихандар қабылдау түрінде өткізіледі.
17. Қорытынды аттестаттауда дәлелді себептермен (сырқаттану, іссапар) емтихан тапсыра алмаған оқитындар оларды жеке тәртіппен тапсыруға, ал қанағаттанарлықсыз баға алғандар қосымша өзіндік дайындықтан кейін, бірақ қорытынды аттестаттау өткізілген күннен бастап кемінде 5 жұмыс күні өткен соң қайта емтихан тапсыруға жіберіледі.
18. Оқу ұйымында қорытынды аттестаттау өткізу кезінде емтихандардың нәтижелері бойынша оң баға алған білім алушы адамдарға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқыту курсын бітіргені туралы куәлік (бұдан әрі ‒ куәлік) беріледі.
19. Куәлік МКҚ басқаруға құқық беретін құжат болып табылмайды, ол тиісті санаттағы және кіші санаттағы МКҚ басқару құқығына жүргізуші куәлігін алу үшін емтихандар тапсыру кезінде ұсынылады.