Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 862 бұйрығына
3-қосымша
Toggle Dropdown
1
Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидалары
Toggle Dropdown
Редакция 28.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер.
Toggle Dropdown
1. Осы Емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жол жүрісі туралы заң) 73-бабының 1-тармағымен белгіленген әртүрлі санаттағы және оларға кіретін кіші санаттағы көлік құралдарын басқару құқығына емтихандарды қабылдау, Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға жүргізуші куәліктерін беру тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Емтихандарды қабылдау рәсімдерін ұйымдастырушылық-технологиялық сүйемелдеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Ұлттық жүргізуші куәлігі он жыл мерзімге беріледі, ол өткеннен кейін жүргізуші куәлігі жарамсыз деп танылады.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының тек қана бір ұлттық жүргізуші куәлігін алуға рұқсат етіледі.
Toggle Dropdown
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2-тарау. Емтихандар қабылдау
Toggle Dropdown
6. Емтихандарды тапсыруға «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабында белгіленген жасқа толған және:
Toggle Dropdown
1) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 073/е нысаны бойынша берілген көлікті басқаруға жіберу туралы медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 21579 құқықтық актілер) (бұдан әрі – медициналық анықтама);
Toggle Dropdown
2) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы берген курстарды аяқтау туралы куәлік ұсынған адамдарға емтихандар тапсыруға рұқсат беріледі.
Toggle Dropdown
Шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және мемлекеттік не орыс тілдерін білмейтін өзге де адамдар теориялық емтихан тапсыруға білікті аудармашылардың қатысуымен жіберіледі, олар туралы мәліметтер емтихан комиссиясының хаттамасына енгізіледі.
Toggle Dropdown
7. Трамвайды немесе троллейбусты басқарудың практикалық емтиханын оқыту ұйымы қабылдайды.
Toggle Dropdown
8. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
9. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
10. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
11. Емтихандар мынадай ретпен тапсырылады: алдымен теориялық, содан кейін - практикалық.
Toggle Dropdown
Жүргізуші куәлігін алғысы келетін адам (бұдан әрі – жүргізушілікке үміткер) теориялық емтихан тапсырмаса практикалық емтиханға жіберілмейді.
Toggle Dropdown
Жүргізушілікке үміткер бірнеше санаттағы жүргізуші куәлігін алу кезінде бір теориялық емтихан тапсырады, бұл ретте практикалық емтихан әрбір санат бойынша жеке тапсырылады.
Toggle Dropdown
11-1. Теориялық немесе практикалық емтихандарды тапсыру үшін жүргізушілікке үміткерлер электрондық үкімет порталы (бұдан әрі - ЭҮП), ақпараттандыру объектілері (екінші денгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері) (бұдан әрі – ақпараттандыру объектілері) арқылы немесе көрсетілетін қызметтер операторына жүгіну арқылы өтініш береді.
Toggle Dropdown
Жүргізушілікке үміткер ЭҮП, ақпараттандыру объектілері арқылы жүгінген кезде адамның биометриялық деректерін мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтермен салыстыра тексеру арқылы сәйкестендіруден өтеді. Бұдан кейін жүргізушілікке үміткердің «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы статус көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Қызмет операторына жүгінген кезде емтихан алушы жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (бұдан әрі – электрондық құжат) ұсынады.
Toggle Dropdown
Қызмет операторының қызметкері жеке басты куәландыратын құжатты немесе электрондық құжатты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтермен салыстырады (сәйкестендіру үшін).
Toggle Dropdown
Тікелей емтихан өткізер алдында, оның ішінде биометриялық салыстыра тексеру жолымен емтихан тапсыратын адамды сәйкестендірудің теріс нәтижесі болған жағдайларда ақпараттық жүйеге тиісті мәліметтерді енгізе отырып, Мемлекеттік корпорация белгілеген нысан бойынша жеке бастың сәйкестендіруден өтпегені туралы акті жасалады.
Toggle Dropdown
Жүргізушілікке үміткерге көрсетілген актіні ресімдеген күннен бастап 6 ай ішінде жеке басын сәйкестендіруден өтпегені туралы акт негізінде теориялық немесе практикалық емтихандарды одан әрі тапсырудан бас тартылады.
Toggle Dropdown
11-2. Жүргізушілікке үміткер теориялық немесе практикалық емтихандарды тапсыру үшін бос орындардың бар болуына сүйене отырып, оны өткізген күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей және осы тармақта белгіленген мерзімдерді ескере отырып, теориялық немесе практикалық емтихандарды тапсыру орнын, күнін және уақытын таңдайды.
Toggle Dropdown
Теориялық және практикалық қайталама емтихан алдыңғы өткен күннен бастап келесі жұмыс күніне тағайындалады.
Toggle Dropdown
Теориялық емтиханды тапсырудың екі теріс нәтижесі болған кезде, әрбір келесі теориялық емтихан теріс нәтиже болған жағдайда кемінде бір айдан кейін өткізіледі.
Toggle Dropdown
Практикалық емтиханды тапсырудың екі теріс нәтижесі болғанкезде келесі практикалық емтихан кемінде бір айдан кейін өткізіледі.
Toggle Dropdown
Практикалық емтиханды тапсырудың үш теріс нәтижесі кезінде теориялық емтиханды тапсыру нәтижелері жойылады (талпыныстар саны нөлге тең). Теориялық емтихан тапсыруға жүргізушілікке үміткер кемінде екі айдан кейін жіберіледі.
Toggle Dropdown
Жергілікті әскери басқару органдарының жолдамалары бойынша оқудан өткен адамдар күнтізбелік жеті күннен кейін қайта емтиханға жіберіледі.
Toggle Dropdown
12. Теориялық емтихан:
Toggle Dropdown
1) кезекті басқаруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешенмен (бұдан әрі - АБК);
Toggle Dropdown
2) жүргізушілікке үміткеріні сәйкестендіруге және кездейсоқ сандарды генерациялау әдісімен алынған оның автоматтандырылған жұмыс орнының (бұдан әрі – АЖО) нөмірін көрсетуге арналған АБК-мен;
Toggle Dropdown
3) жүргізушілікке үміткеріні адамның биометриялық деректерін мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтермен салыстыра тексеру арқылы емтихан алушыны сәйкестендіру жүйесімен;
Toggle Dropdown
4) металл детекторымен;
Toggle Dropdown
5) байланыс сигналдарын басу АБК-мен;
Toggle Dropdown
6) ахуалдық орталыққа қосылған бейнебақылау АБК-мен;
Toggle Dropdown
7) IP жалпы бақылау камераларымен;
Toggle Dropdown
8) Ахуалдық орталыққа қосылған прокторинг жүйесімен;
Toggle Dropdown
9) коммутациялық жабдықпен;
Toggle Dropdown
10) бұлтты орталық серверге қосылған оператордың АЖО-мен;
Toggle Dropdown
11) бұлтты орталық серверге қосылған клиенттің АЖО-менжабдықталған емтихан сыныбында өткізіледі.
Toggle Dropdown
Бұл ретте жүргізушілікке үміткердің әрбір АЖО монитормен, веб-камерамен, IP-камерамен, пернетақтамен және тінтуірмен жабдықталады.
Toggle Dropdown
13. Теориялық емтиханды өткізу нысаны – жеке.
Toggle Dropdown
Тестілеу басталғанға дейін емтихан алушы емтихан алушыға нұсқама береді және туындаған сұрақтарға жауап береді.
Toggle Dropdown
Өзін нашар сезініп тұрған жүргізушілікке үміткер теориялық емтихан тапсырар алдында бұл туралы операторға хабарлайды. Бұл жағдайда мұндай жүргізушілікке үміткерден емтиханды қабылдау осы күннің ішінде басқа уақытта немесе кестеге сәйкес басқа күні жүргізіледі.»;
Toggle Dropdown
14. Теориялық емтихан тапсыру залына кірер алдында жүргізушілікке үміткер биометриялық деректерді мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтермен салыстыра тексеру арқылы сәйкестендіруден өтеді.