• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы құрметiне арналған мерекелiк медаль туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы құрметiне арналған мерекелiк медаль туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 1015 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-aқ Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығының құрметiне қаулы етемiн:
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелiк медалі тағайындалсын.
Мыналар:
1) «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары;
2) «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалiнiң сипаттамасы бекiтiлсiн.
Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президентi Н.НАЗАРБАЕВ.