• Мое избранное

Отправить по почте

Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 86 бұйрығы

«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 5-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ. Хаиров) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықты орындауды бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
 № 86 бұйрығымен бекітілген
1
Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер
1. Осы Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген.
2. Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес - арнайы экономикалық аймақтар құрудың немесе оларды таратудың орындылығы мәселесін қарау үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және тарату саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) жанынан құрылатын ведомствоаралық консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі - сарапшылық кеңес).
3. Сарапшылық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Сарапшылық кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
4. Сарапшылық кеңестің міндеті арнайы экономикалық аймақтарды (бұдан әрі - АЭА) құрудың және таратудың орындылығы мәселелерін қарау болып табылады.
5. Сарапшылық кеңес осы міндетті орындау үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) АЭА-ны құру тиісті тұжырымдамаларымен бірге ұсынылған АЭА-ны құру туралы ұсыныстардың Қазақстан экономикасын жаңғырту және индустриялық-инновациялық дамыту міндеттер мен мақсаттарына сәйкестігін қарау және уәкілетті органға АЭА-ны құрудың орындылығы не орынсыздығы туралы қорытынды беру;
2) мақсатты индикаторларға қол жеткізбеудің шиеленіскен деңгейін айқындау мақсатында АЭА-ның жұмыс істеу тиімділігіне талдау жүргізу және АЭА-ның одан әрі жұмыс істеуінің орынсыздығы туралы уәкілетті органға тиісті қорытынды беруі;
6. Сарапшылық кеңес, оған жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген ұйымдарының мамандарын тартады.
1) сарапшылық кеңестің жұмысына басшылық жасайды, сарапшылық кеңеске жүктелген міндеттерді орындауға жауапты болады;
3) сарапшылық кеңестің жұмыс жоспарын және күн тәртібін бекітеді, қажет болған кезде сарапшылық кеңестің отырысын шақырады;
4) сарапшылық кеңес отырыстарының хаттамаларына және қорытындыларына қол қояды.
Сарапшылық кеңестің қызметін қамтамасыз етуді өзінің жанынан сарапшылық кеңес құрылатын уәкілетті орган жүзеге асырады.
8. Сарапшылық кеңес жұмыс органының функциясын өзінің шешіммен айқындаған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті жүзеге асырады.
9. Сарапшылық кеңестің жұмысын ұйымдастыруды, оның отырыстарын өткізуге дайындықты, сарапшылық кеңес отырыстарының тиісті құжаттарын, материалдарын және одан кейін хаттамаларын ресімдеуді және қол қоюды сарапшылық кеңестің хатшысы жүзеге асырады.
10. Сарапшылық кеңестің шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшін сарапшылық кеңестің қатысушы мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда сарапшылық кеңестің төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Сарапшылық кеңестің шешімімен келіспеген жағдайда сарапшылық кеңестің мүшесі жазбаша түрде баяндалуы және сарапшылық кеңес отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс ерекше пікір білдіруге құқылы. Өндірістік немесе басқа себеп бойынша сарапшылық кеңестің мүшесі болмаған жағдайда сарапшылық кеңес отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі.
11. Сарапшылық кеңестің отырыстары сарапшылық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.
12. Сарапшылық кеңес отырыстарының шешімдері хаттамалық шешім және қорытынды түрінде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.