• Мое избранное

Отправить по почте

1

Ауыл, орман және аңшылық, балық шаруашылығы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 67 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 қаңтарда № 10134 тіркелді

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) «Дәнді дақылдың түсімділігін зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0232104, индексі А-1 (түсімділік), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Түсімді жинау алдында ауылшаруашылық дақылының ылғалдылығын зертханалық анықтау бланкісі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1601104, индексі В-1, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Түсімді жинағаннан кейін ауылшаруашылық дақылының ылғалдылығын зертханалық анықтау бланкісі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1611104, индексі В-2, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Шағын шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 142203002, индексі А-008, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 29.11.2016 жылғы № 280 Бұйрығына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
5) «Шағын шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 142203002, индексі А-008, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 29.11.2016 жылғы № 280 Бұйрығына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
6) «Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0191101, индексі 24-аш, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;
7) «Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0191101, индексі 24-аш, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;
8) «Сүрек дайындау және орман өсіру мен орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 141112005, индексі 1-орман, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 29.11.2016 жылғы № 280 Бұйрығына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
9) «Сүрек дайындау және орман өсіру мен орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 141112005, индексі 1-орман, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 29.11.2016 жылғы № 280 Бұйрығына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
10) «Майлы дақылдар тұқымдарының қолда бары және қозғалысы туралы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0151102, индексі 3-аш, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес;
11) «Майлы дақылдар тұқымдарының қолда бары және қозғалысы туралы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0151102, индексі 3-аш, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес;
12) «Балық аулау және акваөсіру туралы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0111104, индексі 1-балық, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес;
13) «Балық аулау және акваөсіру туралы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0111104, индексі 1-балық, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 13-қосымшасына сәйкес;
14) «Себілген егістіктің қорытындысы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0161104, индекс 4-аш, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 14-қосымшасына сәйкес;
15) «Себілген егістіктің қорытындысы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0161104, индекс 4-аш, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 15-қосымшасына сәйкес;
16) «Астықтың қолда бары және қозғалысы туралы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 141101003, индексі 2-аш (астық), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 16-қосымшасына сәйкес;
16-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 29.11.2016 жылғы № 280 Бұйрығына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
17) «Астықтың қолда бары және қозғалысы туралы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 141101003, индексі 2-аш (астық), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 17-қосымшасына сәйкес;
17-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 29.11.2016 жылғы № 280 Бұйрығына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
18) «Ауыл шаруашылығы құралымының қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0131104, индексі 1-аш, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 18-қосымшасына сәйкес;
19) «Ауыл шаруашылығы құралымының қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0131104, индексі 1-аш, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 19-қосымшасына сәйкес;
20) «Ауылшаруашылық дақылдардың түсімін жинау туралы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0211104, индексі 29-аш, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 20-қосымшасына сәйкес;
21) «Ауылшаруашылық дақылдардың түсімін жинау туралы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0211104, индексі 29-аш, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 21-қосымшасына сәйкес;
22) «Шағын шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 142112004, индексі А-005, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 22-қосымшасына сәйкес;
22-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 29.11.2016 жылғы № 280 Бұйрығына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
23) «Шағын шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 142112004, индексі А-005, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 23-қосымшасына сәйкес;
23-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 29.11.2016 жылғы № 280 Бұйрығына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
24) «Аңшылық пен аулау туралы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0121104, индексі 2-аңшылық, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 24-қосымшасына сәйкес;
25) «Аңшылық пен аулау туралы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0121104, индексі 2-аңшылық, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 25-қосымшасына сәйкес;
26) «Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0201104, индексі 24-аш, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 26-қосымшасына сәйкес;
27) «Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0201104, индексі 24-аш, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 27-қосымшасына сәйкес;
28) «Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы құрылыстар мен имараттардың қолда бары» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1591112, индексі 49-аш, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 28-қосымшасына сәйкес;
29) «Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы құрылыстар мен имараттардың қолда бары» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1591112, индексі 49-аш, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 29-қосымшасына сәйкес;
30) «Ауыл шаруашылығы қызметтерін көрсету туралы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0171104, индексі 8-аш (қызмет көрсету), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 30-қосымшасына сәйкес;
31) «Ауыл шаруашылығы қызметтерін көрсету туралы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0171104, индексі 8-аш (қызмет көрсету), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 31-қосымшасына сәйкес;
32) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
32-тармақша алынып тасталды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 20.10.2015 жылғы № 161 Бұйрығымен (04.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
33) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
33-тармақша алынып тасталды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 20.10.2015 жылғы № 161 Бұйрығымен (04.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
34) «Сервистік – дайындау орталықтарының қызметі туралы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 2021102, индексі 1-СДО, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 34-қосымшасына сәйкес;
35) «Сервистік – дайындау орталықтарының қызметі туралы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 2021102, индексі 1-СДО, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 35-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 36-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркегеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында міндетті жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
6. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛIСIЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығының министрі
А. Мамытбеков________________
2014 жылғы «____»____________
1
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігінің Статистика
 комитеті төрағасының
 2014 жылғы 4 желтоқсандағы
 № 67 бұйрығына 1-қосымша