Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 40 қаулысы
Редакция 28.09.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға сәйкес «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен республикалық меншіктен жалпы теңгерімдік құны 67204135 (алпыс жеті миллион екі жүз төрт мың жүз отыз бес) теңге болатын «Алматы облысының Талдықорған қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту» инвестицияларының негіздемесі жөніндегі құжаттама Алматы облысының коммуналдық меншігіне, жалпы теңгерімдік құны 97202406 (тоқсан жеті миллион екі жүз екі мың төрт жүз алты) теңге тұратын «Атырау қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту» инвестицияларының негіздемесі жөніндегі құжаттама Атырау облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен және Алматы, Атырау облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға 1, 2 -қосымшаларда көрсетілген құжаттаманы қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 5 қаңтардағы
№ 40 қаулысына
1-қосымша
«Алматы облысының Талдықорған қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту» инвестицияларының негіздемесі жөніндегі құжаттама
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 5 қаңтардағы
№ 40 қаулысына
2-қосымша
«Атырау қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту» инвестицияларының негіздемесі жөніндегі құжаттама