• Мое избранное

Отправить по почте

7

Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығы

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-7) тармақшасына, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 жылғы № 303 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.04.2022 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес (19.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев) мыналарды:
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың 
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек 
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 3 ақпан
Қазақстан Республикасы Инвестициялар
​және даму министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 23 қаңтардағы
№ 51 бұйрығымен бекітілген
1
Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.06.2015 жылғы № 733 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (өзгеріс 31.12.2015 жылға дейін әрекет етеді) 15.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.04.2017 жылғы № 245 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.07.2017 жылғы № 441 Бұйрығымен (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 жылғы № 465 Бұйрығымен (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.08.2019 жылғы № 661 Бұйрығымен (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.11.2019 жылғы № 825 Бұйрығымен (22.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 жылғы № 303 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Iшкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ішкі су көлігі туралы Заң) 9-бабы 1-тармағының 26-7) тармақшасына, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі суда жүзетін кемені және «өзен - теңіз» суларында жүзетін кемені және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, «Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу», «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркеу», «Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу», «Кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу», мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.04.2022 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес (19.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қағидалар барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.
1) өздігінен жүретін шағын көлемді кеме - шағын көлемді кемені қозғалысқа механикалық қондырғымен, сондай-ақ желкенді;
2) өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кеме - өздігінен қозғалуға арналған механикалық қондырғысы жоқ шағын көлемді кеме;
3) Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi - кемелер (жолаушы, жүк-жолаушылар, мұнай құйылатын, сүйреткіш кемелер, құрғақ жүк кемелері, қалқымалы крандар және техникалық флот кемелері, сондай-ақ шағын көлемді кемелер болып табылмайтын кемелер) мен оларға құқықтар тiркелетiн құжат;
4) жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмi – осы заңның 24-бабының 11-тармағында және 26-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін шетелдік кемелер тіркелетін құжат.
5) Кеме кiтабы – шағын көлемді кемелер және оларға құқықтар тiркелетiн құжат;
4. Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде, жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнде және Кеме кiтабында Ішкі су мен «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемені, сондай-ақ шағын көлемді кемені және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 16.08.2024 жылғы № 282 Бұйрығына сәйкес (02.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.01.2023 жылғы № 1 Бұйрығына сәйкес (05.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
6. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеуді келіп түскен күні жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу мерзімін көрсете отырып өтінішті қабылдау туралы хабарлама жіберіледі.
8. Жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
9. Кемелерді мемлекеттік тіркеуге берілетін құжаттарға қойылатын талаптар:
2) ресми шетелдік құжаттар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде заңдастырылады.
3) егер ұсынатын құжаттар шет тілінде жасалған жағдайда, оларға мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі;
4) құжаттардың мәтіндері анық, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелері – қысқартусыз жазылған болуы тиіс.
2-тарау. Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу және «Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде жолаушы, жүк-жолаушылар, мұнай құйылатын, сүйреткіш кемелер, құрғақ жүк кемелері, қалқымалы крандар және техникалық флот кемелері, сондай-ақ шағын көлемді кемелер болып табылмайтын кемелер тіркеледі.
11. Қазақстан Республикасынан тыс жерден сатып алынған кеменi Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне тiркеу осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
12. Кемелерді жеке тұлғалардың атына мемлекеттік тіркеу жеке тұлғаның тіркелген орны бойынша жүзеге асырылады.
Кемелерді заңды тұлғалардың атына мемлекеттік тіркеу заңды тұлғаның не оның филиалының немесе өкілдігінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
13. Мемлекеттік кеме тізілімін жүргізуді көрсетілетін қызметті беруші қағаз және электронды тасымалдағыштарда жүзеге асырады.
14. Шетел мемлекеті кемелері тізілімінде тіркелген кеме Мемлекеттік кеме тізілімінде меншік иесінің шетел мемлекеті кемелер тізілімінен шығарылғандығы туралы үзіндіні ұсынғаннан кейін ғана тіркеледі.
15. Кемеге тіркеу нөмірін беру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі – Нөмір беру бойынша қосымша).
16. Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен:
3) қайта жасау немесе кез келген басқа өзгерiстер нәтижесiнде кеме сапасын жоғалтқан;