Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту және "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 82 қаулысы
Редакция 25.04.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«2015–2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бюджет қаражатының уақтылы және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
3. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 6, 64-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 19 ақпандағы
№ 82 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің мынадай:
1) 100 «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер стандарттарын енгізу»;
2) 101 «Үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру» кіші бағдарламаларын қоспағанда, 043 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.
3. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер – өмірде қиын жағдайға тап болған адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және олардың қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған көрсетілетін қызметтер кешені;
2) ассистенттер – шартты ақшалай көмек алу үшін кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) жүгінген үміткермен консультациялар өткізу, әңгімелесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шарт негізінде тартатын адамдар;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар – шартты ақшалай көмек алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінген үміткермен консультациялар өткізу, әңгімелесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шарт негізінде тартатын, халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы органдары мен ұйымдарының және өзге де ұйымдардың мамандарымен өзара іс-қимыл жасайтын адамдар;
4) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысатын және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
5) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) жүгінген күні – барлық қажетті құжаттармен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне шартты ақшалай көмек тағайындауға өтініш берілген ай;
7) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем;
8) облыстың уәкілетті органы – «Өрлеу» жобасын іске асыруды үйлестіруді және оның мониторингін жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;
9) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені;
10) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – «Өрлеу» жобасына қатысу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
11) отбасының жиынтық табысы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда № 5757 болып тіркелген) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес есептелетін, шартты ақшалай көмек тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда ақшалай, сол сияқты заттай нысанда алынған табыстың жалпы сомасы;
12) «Өрлеу» жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы;
13) өтініш беруші – «Өрлеу» жобасына қатысу үшін өз атынан және отбасы атынан өтініш білдірген адам;
14) республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шараларды қаржыландыруды және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыратын денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы орталық уәкілетті орган;
15) уәкілетті орган – шартты ақшалай көмек тағайындауды, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын әзірлеуді, жасасуды және сүйемелдеуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;
16) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;
17) үміткер – «Өрлеу» жобасына қатысу үшін өз атынан және отбасы атынан жүгінген адам;
18) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем.
5. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мынадай бюджеттік кіші бағдарламалар бойынша пайдаланылады:
1) 103 «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру» (бұдан әрі – 103 кіші бағдарлама);
2) 104 «Өрлеу жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу» (бұдан әрі – 104 кіші бағдарлама);
3) 105 «Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтіру бойынша қызмет көрсету» (бұдан әрі – 105 кіші бағдарлама).
6. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі белгіленген тәртіппен бекітілген 043 бюджеттік бағдарлама мен 103, 104 және 105 кіші бағдарламаларды қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді.
2. 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының облыстық (бұдан әрі – ШАК) бюджеттерінің «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізуге
пайдалану тәртібі
7. Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының бюджеттеріне «Өрлеу» жобасы бойынша ШАК-ті енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттердің қызметтеріне ақы төлеуге;
3) баспасөз өнімдерін, оның ішінде ақпараттық-түсіндірмелік сипаттағы өнімдер дайындауға пайдаланылады.
8. Облыстың уәкілетті органы келіп түсетін нысаналы трансферттерді 047 «Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттер» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша қарастырады және оған сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне аударуды жүргізеді.
9. Уәкілетті орган келіп түсетін нысаналы трансферттерді 025 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша қарастырады. Аталған бағдарлама бойынша осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген шығыстар жүргізіледі.
ШАК төлеу осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мөлшерде 025 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу» жергілікті бюджеттік бағдарламасының тиісті кіші бағдарламалары бойынша жүргізіледі.
10. ШАК еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) беріледі.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын және ШАК төленетін кезеңде атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.