Toggle Dropdown
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 ақпанда № 10195 тіркелді
Редакция 03.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандары, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандары:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлға өтiнiшінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлға өтiнiшінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 2-1-қосымшаға сәйкес білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлға өтінішінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлға өтiнiшінің нысаны;
5) осы бұйрыққа 3-1-қосымшаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға арналған лицензияны алуға арналған өтініштің нысаны;
6) осы бұйрыққа 3-2-қосымшаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнімді импорттауға арналған лицензияны алуға арналған өтініштің нысаны;
7) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлға өтiнiшінің нысаны;
8) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлға өтiнiшінің нысаны;
9) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес лицензия нысаны;
10) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес лицензияға қосымшаның нысаны;
11) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшаның нысаны;
12) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес объектіге арналған лицензия нысаны;
13) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес объектіге арналған лицензияға қосымшаның нысаны;
14) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы саласындағы қызметке лицензияның нысаны;
15) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметке арналған лицензияға қосымшаның нысаны;
16) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес ойын бизнесі саласындағы қызметке лицензияның нысаны;
17) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға арналған лицензияның нысаны;
18) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнімді импорттауға арналған лицензияның нысаны;
19) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және (немесе) импорттауға арналған лицензияға қосымшаның нысаны;
20) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және (немесе) импорттауға арналған лицензияны алуға арналған өтініштің нысаны;
21) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметке лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлға өтiнiшінің нысаны;
22) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметке лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлға өтiнiшінің нысаны;
23) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметке лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлға өтiнiшінің нысаны;
24) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметке лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлға өтiнiшінің нысаны;
25) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес I кіші түрдегі қызметпен айналысуға – меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы бар цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштің нысаны;
26) осы бұйрыққа 22-1-қосымшаға сәйкес II кіші түрдегі қызметпен айналысуға – меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ және цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығында орналастырылған, өзіне меншік құқығында тиесілі цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштің нысаны;
27) осы бұйрыққа 22-2-қосымшаға сәйкес І кіші түрдегі қызметпен айналысуға – меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы бар цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініштің нысаны;
28) осы бұйрыққа 22-3-қосымшаға сәйкес II кіші түрдегі қызметпен айналысуға – меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ және цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығында орналастырылған, өзіне меншік құқығында тиесілі цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштің нысаны;
29) осы бұйрыққа 22-4-қосымшаға сәйкес цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған І кіші түр лицензиясының нысаны;
30) осы бұйрыққа 22-5-қосымшаға сәйкес цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған ІІ кіші түр лицензиясының нысаны;
31) осы бұйрыққа 22-6-қосымшаға сәйкес меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы бар цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған I кіші түр лицензиясының қосымша нысаны;
32) осы бұйрыққа 22-7-қосымшаға сәйкес – меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ және цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығында орналастырылған, өзіне меншік құқығында тиесілі цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған II кіші түр лицензиясының қосымша нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 3 бұйрығына
1-қосымша
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_______________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан орны, бизнес-сәйкестендіру нөмірі,
заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің
бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________