• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 242 қаулысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 ақпанда № 10230 тіркелді

Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 257 Қаулысына сәйкес
Редакция 30.05.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрi – Тізбе) бекітілсін.
2. Мыналарды:
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын Тізбенің 1-тармағының үшінші – алпысыншы абзацтарын, алпыс үшінші – алпыс алтыншы абзацтарын, сексен үшінші абзацын, Тізбенің 3-тармағының үшінші – елу сегізінші абзацтарын, жетпіс төртінші абзацын;
2014 жылғы 24 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын және 2015 жылғы 30 маусымға дейін қолданылатын Тізбенің 1-тармағының жетпіс төртінші – сексен бірінші абзацтарын, Тізбенің 3-тармағының алпыс бесінші – жетпіс екінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тізбенің 1-қосымшасының реттік нөмірі 81 және 82-жолдары мен Тізбенің 4-қосымшасының реттік нөмірі 53 және 54-жолдары 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Ұлттық Банк Төрағасы Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
 № 242 қаулысына
 қосымша
Банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
  • 1
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 147 Қаулысымен (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4602 тіркелген, 2007 жылғы 25 сәуірді «Заң газеті» газетінде № 62 (1091), 2007 жылы Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесінде:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережесі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (бұдан әрі – Заң) 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кредиттік тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленді және банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, екінші деңгейдегі банктердің, оның ішінде ислам банктері мен «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – банк) кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу тәртібін және қажетті құжаттар тізбесін айқындайды.»;
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) құрылтай құжаттарының немесе қарыз алушының жарғылық капиталындағы жай акцияларының (қатысу үлестерінің) соңғы меншік иегерлеріне дейінгі қарыз алушының жарғылық капиталындағы жай акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан астам пайызын иеленетін барлық үлес иегерлері туралы ақпаратты ашатын, қарыз алушының жай акцияларының бес және одан астам пайызын иеленетін акцияларды ұстаушылар тізілімінің көшірмелері (банкте көрсетілген құжаттар бар болған кезде – осындай құжаттардың көшірмелері);
5) заңды тұлғаның қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат, сондай-ақ қарыз алушы атынан кредиттік және кепіл құжаттамасына қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (банкте көрсетілген құжаттар бар болғанда – банк оларды қайталап ұсынуды талап етпейді);»;
13) тармақша алып тасталсын;
21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«21) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қарыз алушы (тең қарыз алушы) - жеке тұлғаның жеке зейнетақы шотынан соңғы алты айға үзінді көшірмесі. Білім беруді кредиттеу жүйесінің аясында берілген кредиттер бойынша, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылғанын растайтын құжаттар болған кезде Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған жеке тұлғалардың кредиттері бойынша осы құжаттың болуы талап етілмейді;
22) салық қызметінің органдары берген, банктің уәкілетті органының кредиттеуге берілген өтінімді қарау күніне дейін қарыз алушы - заңды тұлғаның салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болуын (болмауын) растайтын қарыз алушы - заңды тұлғаның салық берешегінің, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы (болмауы) туралы мәліметтер және (немесе) салыстырып тексеру актісі;»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган белгілеген активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібіне сәйкес заңды тұлғалардың бірыңғай кредиттер портфеліне енгізілген кредиттері бойынша досьеде осы тармақтың 1), 4) - 6), 11), 14), 18), 20), 22), 23), 24) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың, уәкілетті орган белгілеген активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібіне сәйкес жеке тұлғалардың бірыңғай кредиттер портфеліне енгізілген кредиттері бойынша – осы тармақтың 1), 6), 11), 16), 18), 20), 21), 23), 24) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың болуы міндетті. Аудит міндетті жүргізілетін қарыз алушыға берілген кредит бойынша кредиттік досьеге аудиторлық есеп қоса берілуге тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдинг осы Ереженің 8-тармағының 1), 7), 8), 17), 20), 21), 22), 23), 24) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды кредиттік досьеге құжаттарды куәландыру өкілеттіктеріне ие тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ақпараттық жүйесінің порталы арқылы енгізеді.»;
9-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қарыз алушының құрылтай құжаттарының (заңды тұлға үшiн) көшiрмелерi немесе жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасымен салыстырылып тексерілген ол туралы белгісі бар құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшiн). Банкте көрсетілген құжаттар болған жағдайда – осындай құжаттардың көшірмелері;
3) заңды тұлғаның қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат, сондай-ақ қарыз алушы атынан кредиттік және кепіл құжаттамасына қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (банкте көрсетілген құжаттар бар болғанда – банк оларды қайталап ұсынуды талап етпейді);»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдинг осы Ереженің 9-тармағының 1), 5), 7), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды кредиттік досьеге құжаттарды куәландыру өкілеттіктеріне ие тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының ақпараттық жүйесінің порталы арқылы енгізеді.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдинг осы Ереженің 10-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды кредиттік досьеге құжаттарды куәландыру өкілеттіктеріне ие тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының ақпараттық жүйесінің порталы арқылы енгізеді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Осы Ереженің 8, 9-тармақтарында көрсетілген негізгі құжаттаманың тізбесінен басқа, жылжымалы мүлікті кепілге қою нысанындағы қарыз алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету талабымен берілген кредиттер бойынша кредиттік досьеде мыналар қамтылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оның тиісті уәкілетті органдарда тіркелгені туралы белгісі бар кепіл туралы шарттың көшірмесі (оның түпнұсқасы банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте банктің қоймасында сақталуы тиіс);
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда жылжымалы мүлікке құқығын растайтын құжаттардың олардың мемлекеттік тіркелу туралы белгісі бар көшірмелері;
3) тәуелсіз бағалаушының кредитті беру сәтінде оның нарықтық құнын анықтайтын және дәлелдейтін кепілге берілген жылжымайтын мүлікті (ақшаны және бағалы қағаздарды қоспағанда) бағалау туралы есебі, сондай-ақ банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес жасалған банктің кепілді қамтамасыз ету жөніндегі қорытындысы;
4) неке қию куәлігінің көшірмесі және қарыз алушы - жеке тұлғаның ерінің (зайыбының) жылжымалы мүлікті кепілге беруге және оны соттан тыс сатуға (Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда) келісімін растайтын құжат;
5) қорғаншы және қамқоршы органдарының жылжымалы мүлікті кепілге беруге және оны соттан тыс сатуға рұқсатын (келісімін) растайтын құжат (егер жылжымалы мүліктің иесі кәмелетке толмаған тұлғалар және сотта іс-әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеттілігі шектеулі) болып танылған тұлғалар болса).
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдинг осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды кредиттік досьеге құжаттарды куәландыру өкілеттіктеріне ие тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының ақпараттық жүйесінің порталы арқылы енгізеді.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Міндеттемелерінің орындалуы кепілдік немесе кепілдеме бойынша қамтамасыз етілген кредит бойынша, оның ішінде кредит жөніндегі негізгі құжаттаманың тізбесіне қосымша ретінде банк кепілдігіне немесе банк кепілдемесіне, кредиттік досьеге мынадай қосымша құжаттар қосылады:
1) жіберілетін хабарламаның шынайылығы мен түпнұсқалығын растауды қамтамасыз ететін байланыс арнасы бойынша алынған және халықаралық банк практикасында қолданылатын электронды құжат түрінде берілген кепілдік, кепілдеме шарттары немесе кепілдік, кепілдеме шарттарының көшірмелері (олардың түпнұсқалары банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте банктің қоймасында сақталуы тиіс);
2) заңды тұлғаның кепілдік иесінің немесе кепілдеме иесінің уәкілетті органының кредитор банкке заемшының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін кепілдік немесе кепілдеме беру туралы шешімі;
3) кепілдік иесі атынан кепілдік шартына қол қоюға немесе кепілдеме иесі атынан кепілдеме шартына қол қоюға тұлға өкілеттігін растайтын тиісті дәрежеде қол қойылған құжаттар;
4) салық декларациясының көшірмесін қоса бере отырып, кепілгердің немесе заңды тұлға-кепілдік берушінің қаржылық есептілігінің көшірмесі және (немесе) кепілгердің немесе заңды тұлға-кепілдік берушінің қаржылық жай-күйін талдауға мүмкіндік беретін интернет-ресурстарда орналастырылған ақпарат;
5) кепілгердің немесе кепілдік беруші - жеке тұлғаның жалақысын және (немесе) басқа кірістерін көрсететін құжаттар;
6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кепілгердің немесе кепіл беруші - жеке тұлғаның жеке зейнетақы шотынан соңғы алты айға үзінді көшірмесі (мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылғанын растайтын құжаттар болған кезде Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған жеке тұлға кепілгер немесе кепіл беруші болып табылатын жағдайда осы құжаттың болуы талап етілмейді);
7) кредиттік бюродан алынған кепілгер немесе кепілдік беруші туралы кредиттік есеп.
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдинг осы тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды кредиттік досьеге құжаттарды куәландыру өкілеттіктеріне ие тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының ақпараттық жүйесінің порталы арқылы енгізеді.».
  • 1
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 144 Қаулысымен (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Банктік қызметті реттеу мәселелері
 бойынша өзгерістер мен толықтырулар
 енгізілетін Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
 1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 147 Қаулысымен (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Банктік қызметті реттеу мәселелері
 бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
 2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 147 Қаулысымен (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Банктік қызметті реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
 3-қосымша
3-қосымша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 147 Қаулысымен (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Банктік қызметті реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
4-қосымша
4-қосымша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 144 Қаулысымен (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Банктік қызметті реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
 5-қосымша
5-қосымша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 144 Қаулысымен (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Банктік қызметті реттеу мәселелері
 бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
 6-қосымша
6-қосымша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 144 Қаулысымен (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды