Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 ақпанда № 10317 тіркелді
Toggle Dropdown
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 49-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпарататтық-құқықтық жүйесінде жариялануға жіберілуін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр Б. Сұлтанов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 15 қаңтардағы
№ 26 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану ережелері
Toggle Dropdown
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Енгізу туралы Заң) 49-1-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын Енгізу туралы Заңның 49-1-бабында көрсетілген тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) төлеу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен ҚҚС төлеу мынадай шарттарды орындаған кезде:
Toggle Dropdown
1) Енгізу туралы Заңның 49-1-бабына сәйкес салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен бекітілген ҚҚС төленетін тауарлар тізбесіне кіргізілген тауарлар есепке жатқызу әдісімен төленеді;
Toggle Dropdown
2) Енгізу туралы Заңның 49-1-бабында көрсетілген тауарлардың импорты бойынша төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсету бойынша және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеме (бұдан әрі - Міндеттеме) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелу есебінің орны бойынша мемлекеттік кірістер органына табыс етілген жағдайда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20-бабы 3-тармағында көрсетілген құжаттар және импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларациямен бір мезгілде салық кезеңінен кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей ҚҚС төлеуші мемлекеттік кірістер органына Міндеттемені табыс етеді.
Toggle Dropdown
4. Міндеттеме 2 данада толтырылады, оның мемлекеттік кірістер органының қабылдағаны туралы белгісі бар бір данасы салық төлеушіге қайтарылады, екіншісі мемлекеттік кірістер органында қалады.
Toggle Dropdown
5. Міндеттеменің негізінде тауарларды әкелу акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіпте төленген кезде ҚҚС іс жүзінде төлеусіз жүргізіледі.
Toggle Dropdown
6. Міндеттемеде көрсетілген ҚҚС сомалары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіпте есептеліп және есепке жатқызылып ҚҚС бойынша декларацияда бір мезгілде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
7. Енгізу туралы Заңның 49-1-бабында көрсетілген тауарларды одан әрі өткізу мүлікті қаржылық лизингке беруден басқа, ҚҚС салуға жатады.
Toggle Dropdown
8. Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап талап ету мерзімі ішінде Енгізу туралы Заңның 49-1-бабында белгіленген талаптардың тауарларды әкелу кезінде ҚҚС салығын төлеу үшін белгіленген мерзімін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіпте және мөлшерде әкелінген тауарларға ҚҚС салығын өсімпұлмен қоса есептеп төлеуге тиіс.
Toggle Dropdown
Осы Қағиданың ережелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға сыйақыны ескермей, лизинг шартымен көзделген лизинг төлемі сомасына келетін қосылған құн салығы сомасы бөлігінде лизинг шарты (келісімшарты) бойынша да таралады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
аумағына Кеден одағына мүше
мемлекеттердің аумағынан импортталатын
тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен
қосылған құн салығын төлеуді қолдану
қағидаларына қосымша
2015 жылғы 15 қаңтар № 26
Toggle Dropdown
Тауарлардың импорты бойынша есепке жатқызу әдісімен төленуге тиіс қосылған құн салығы сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеме
Toggle Dropdown
1. Жалпы ақпарат
Toggle Dropdown
Алушы/импорттаушы ___________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(заңды тұлғаның толық атауы, немесе жеке кәсіпкердің аты-жөні, тегі (болған жағдайда)
Toggle Dropdown
Сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН)
Toggle Dropdown
*ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік сериясы
Toggle Dropdown
№ 20 ___ ж. «____» _____________ берілген
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(мемлекеттік органның атауы)
Toggle Dropdown
2. Тауарлардың импорты бойынша есепке жатқызу әдісімен төленуге тиісті қосылған құн салығы сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету
Toggle Dropdown
Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда қосылған құн
Toggle Dropdown
салығының сомасын есепке алу әдісімен бюджетке төленуге тиісті
Toggle Dropdown
қосылған құн салығының сомасын көрсетуге міндеттенемін
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(салық кезеңі)
Toggle Dropdown
(_________________________________________________________________________________________________________________________________) теңге,
Toggle Dropdown
(сомалар жазбаша)
Toggle Dropdown
3. Есепке жатқызу әдісімен жүргізілетін тауарларды мақсатты пайдалану бойынша қосылған құн салығын төлеу
Toggle Dropdown
Тауарлар ретінде мыналар әкелінді:
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
тауарлардың атауы, ТН ВЭД ТС (Кеден одағы сыртқы экономикалық
Toggle Dropdown
қызметтің бірыңғай тауарлық номенклатурасының коды)
Toggle Dropdown
Көрсетілген тауарларды, қаржы лизингін беруді қоспағанда, яғни
Toggle Dropdown
оларды одан әрі іске асыру үшін емес олардың мақсаттарына сәйкес
Toggle Dropdown
қатаң пайдалануға міндеттенемін.
Toggle Dropdown
Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдаланған жағдайда
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн
Toggle Dropdown
салығын және өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.
Toggle Dropdown
_________________________________________________________ /_________/
Toggle Dropdown
Салық төлеушінің аты-жөні, тегі (бар болғанда) (қолы)
Toggle Dropdown
Міндеттемені тапсыру күні 20 ___ жылғы «____» ____________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________ /_________/
Toggle Dropdown
Міндеттемені қабылдаған лауазымды тұлғаның (қолы)
Toggle Dropdown
аты-жөні, тегі (бар болғанда)
Toggle Dropdown
Міндеттемені қабылдау күні 20 ___ жылғы «____» ___________
Toggle Dropdown
Мемлекеттік органның мөртаңбасы үшін орын
Toggle Dropdown
Ескертпе:
Toggle Dropdown
*қосымша құн салығы.