Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 38-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 ақпанда № 10301 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 2 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 27.07.2021 жылғы № 271 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 38-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2-тармақ өзгертілді ҚР Энергетика министрі 21.12.2015 жылғы № 731 Бұйрығымен (21.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В.Школьник
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілген
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесі
1. Жерді және жер қойнауын пайдалану:
1) улы, радиоактивті және тағы басқа қауіпті зиянды заттармен ластанған жерлердің техникалық рекультивациясы;
2) учаске алаңы 25 гектардан артық болған кезде пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі карьерлерді әзірлеу;
3) учаске алаңы 25 гектардан артық болған кезде тау-кен өнімдерін әзірлеу;
4) қоршаған ортаға зиянды әсер ететін техногенді минералдық қосылыстарды орналастыру, сақтау және пайдалану.
2. Су ресурстарын пайдалану:
1) су объектілерінің ластануына және тығындалып қалуына әкеп соғатын ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивті материалдарды өндірістік мақсатта пайдаланатын кәсіпорындар мен құрылыстардың су жинайтын алаңдарына салу және орналастыру;
2) өнімділігі 150 мың эквивалентті тұрғындардан астам ағынды суларды тазалау станцияларының қызметі.
3. Мұнай операцияларын жүзеге асыру:
1) мұнай мен табиғи газды коммерциялық мақсаттарда өндіруді;
2) мұнай, мұнай-химиялық немесе химиялық өнімдерді сақтауды;
3) мұнай өңдейтін зауыттардың (шикі мұнайдан майлағыш материалдарды ғана өндіретін кәсіпорындарды қоспағанда) және газдандыруға арналған құрылыстардың қызметін;
4) газды, мұнайды немесе химикаттарды тасымалдауға арналған құбырларды пайдалануды жүзеге асыру.
4. Металлургиялық өндіріс:
1) шойын мен болаттың бастапқы қорытылуы;
2) металлургиялық, химиялық немесе электролиздік үдерістермен кендерден, концентраттардан немесе қайталама шикізаттан түсті металдар өндіру.
5. Атом және жылу энергиясын пайдалану:
1) жылу электр станциялары мен жылу қуаты 300 мегаватт немесе одан да көп басқа жылу құрылыстарын пайдалану;
2) атом электр станцияларының және басқа да ядролық реакторлардың қызметі, осындай электр станцияларын немесе реакторларды бөлшектеуді немесе оларды пайдалануды тоқтатуды қоса алғанда (ең жоғары қуаты тұрақты жылу жүктемесінің 1 киловаттан аспайтын ыдыратқыш және ұдайы өндірілетін материалдарды шығаруға және қайта құруға арналған зерттеу қондырғыларынан басқа*);
3) пайдаланылған ядролық отынды қайта өңдеу;
4) мыналар:
уранды байыту және ядролық отын өндіру;
пайдаланылған ядролық отынды және радиоактивті қалдықтарды орналастыру бойынша қызмет.
6. Атмосфералық ауаға, климатқа және Жердің озон қабатына әсері:
1) өндірістік объектілердің санитарлық жіктелуіне сәйкес қауіптілігі 1-сыныпты зиянды (ластаушы) заттардың жылына 1 тоннадан астам, өндірістік объектілердің санитарлық жіктелуіне сәйкес қауіптілігі 2-сыныпты заттардың жылына 50 тоннадан астам атмосфераға шығарындыларымен бірге жүретін өндірістік үдерістерді жүзеге асыру;
2) озон қабатын бүлдіретін заттардың және олар құрамында бар өнімдердің импорты мен экспорты, озон қабатын бүлдіретін заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озон қабатын бүлдіретін заттар бар жабдықтарды жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету.
7. Қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу:
1) қауіпті қалдықтарды жою, кәдеге жарату және көму;
2) меншік құқығындағы, шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқару құқығындағы қауіпті қалдықтарды иелену немесе оларды қолдану;
3) Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауға байланысты қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау.
8. Шаруашылық және өзге де қызметтің басқа экологиялық қауіпті түрлері
1) қоршаған ортаға зиянды әсер ететін химиялық және биологиялық заттарды өндіруге, іске асыруға, қолдануға және залалсыздандыруға байланысты қызмет;
2) Аэроғарыштық қызмет, оның ішінде ғарыш аппараттары мен ғарыштық қызмет объектілерін пайдалану және пайдаланудан шығару;
3) әскери және қорғаныс объектілерінің қызметі;
4) генетикалық түрлендірілген организмдерді өндіру;
5) микроорганизмдер айналымын және оларды залалсыздандыруды қоса алғанда, микробиологиялық өндіріспен байланысты қызмет.
Ескертпе: *Атом электр станциялары мен басқа ядролық реакторлары барлық ядролық отындар мен басқа да радиоактивті ластанған элементтер қондырғылар алаңынан біржола жойылғанда мұндай қондырғы болуын тоқтатады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |