• Мое избранное
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 желтоқсанда № 9934 тіркелді

Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Қаржы министрінің 25.09.2024 жылғы № 641 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабының 8-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 03.06.2019 жылғы № 533 Бұйрығына сәйкес (30.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 10.06.2021 жылғы № 555 Бұйрығына сәйкес (26.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 11.06.2024 жылғы № 353 Бұйрығына сәйкес (13.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі бекітілсін (бұдан әрі - Ереже).
2. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаментіне (З.А.Ерназарова):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 4-тарауының 4-параграфын қоспағанда, қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
 ________________ Е. Досаев
2014 жылғы 3 желтоқсан
        
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкінің төрағасы
________________ Қ. Келімбетов
2014 жылғы 4 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
2014 жылғы 4 желтоқсандағы
 № 540 бұйрығымен
 бекітілген
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 26.03.2020 жылғы № 320 Бұйрығына сәйкес (24.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабының 8-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу және оған кассалық қызмет көрсету тәртібін, мемлекеттік мекемелердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бойынша іс-қимыл тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 11.06.2024 жылғы № 353 Бұйрығына сәйкес (13.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және жүргізу тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 26.03.2020 жылғы № 320 Бұйрығына сәйкес (24.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-параграф. Қаржыландыру жоспарларының түрлері
2. Бюджеттің атқарылуы үшін қаржыландыру жоспарларының мынадай түрлерін:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 06.09.2017 жылғы № 543 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 29.09.2017 жылы тіркелді
мемлекеттік мекемелер - мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі - міндеттемелер бойынша жеке жоспар) және мемлекеттік мекеменің төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі - төлемдер бойынша жеке жоспар);
бюджеттік бағдарламалар әкімшісі - міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспары);
бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімімен- түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын әзірлейді.
Жеке қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарлары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешіміне, мемлекеттік органдардың даму жоспарларына, бюджеттік бағдарламаларға, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтініміне, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына (бұдан әрі – ҚР ББС), Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына (бұдан әрі – Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығы) сәйкес және осы Ережеде белгіленген тәртіппен әзірленеді.
2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 жылғы № 1046 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 04.12.2018 жылы тіркелді
2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.04.2022 жылғы № 397 Бұйрығына сәйкес (24.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қаржыландырудың жеке жоспарлары бөлшек қалдықтары бар, үтірден кейін бір белгісі бар сандармен мың теңгемен қалыптастырылады, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бөлшек қалдықсыз бүтін сандармен мың теңгемен қалыптастырылады.
2-параграф. Қаржыландырудың жеке жоспарларын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын және түсімдер жоспарларын жасау және бекіту тәртібі
3. Бюджеттің атқарылу процесінде қаржыландырудың жеке жоспары мемлекеттік мекеменің негізгі құжаты болып табылады, ол: осы Ереженің 1-6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сай міндеттемелер бойынша жеке жоспар, төлемдер бойынша жеке жоспар нысанында қалыптастырылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 12.07.2017 жылғы № 431 Бұйрығына сәйкес (07.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 23.08.2017 жылы тіркелді
4. Міндеттемелер бойынша жеке жоспар бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іс-шараларын іске асыруға арналған бюджет қаражатының жылдық көлемдері шегінде ақшалай түрдегі мемлекеттік мекеме қабылдаған міндеттемелердің ай сайынғы көлемдерін анықтайды.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 24.11.2015 жылғы № 586 Бұйрығына сәйкес (09.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 23.12.2015 жылы тіркелді
5. Төлемдер бойынша жеке жоспар қабылданған міндеттемелерді орындау есебінен төлемдерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемеге қажетті бюджет қаражатының жылдық көлемдері шегінде бюджет қаражатының ай сайынғы көлемін анықтайды.
6. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасы бойынша мемлекеттік мекемелер мынадай талаптардың:
6-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 24.11.2015 жылғы № 586 Бұйрығына сәйкес (09.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 23.12.2015 жылы тіркелді
бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджетті бекіткен немесе бекіту немесе нақтылау кезінде қабылданған шешімдерді ескере отырып пысықталған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімінде (бұдан әрі - бюджеттік өтінім) ұсынылған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстардың есептері;
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мақсатында қабылданған нормативтік құқықтық актілер;
басқа да нормативтік құқықтық актілер;
міндеттемелерді уақтылы қабылдауды және орындауды қамтамасыз ету;
өткен қаржы жылдарында міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының орындалу серпіні негізінде;
шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын ескере отырып әзірлейді.
Экономикалық сыныптама ерекшеліктері тұрғысынан міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу міндеттемелерді қабылдау мерзіміне, операциялық жоспарда көзделген іс-шараларды орындау мерзіміне немесе мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу мерзіміне, жұмыстарды жүргізу маусымдылығына, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру үшін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мерзіміне сәйкес келуі тиіс.
Төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу   әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша тиісті қаржы жылы ішінде іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша төлемдерді жүзеге асыру мерзіміне сәйкес келуі және аванстық төлемдерді төлеудің болжамды мерзімін ескеруі тиіс.
6-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 жылғы № 269 Бұйрығына сәйкес (30.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 03.03.2018 жылы тіркелді
7. Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау мақсатында заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды іске асыратын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері даму жоспарына немесе мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламасына (кіші бағдарламасына) сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын жасайды.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 24.11.2015 жылғы № 586 Бұйрығына сәйкес (09.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 23.12.2015 жылы тіркелді
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.04.2022 жылғы № 397 Бұйрығына сәйкес (24.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларына орталық атқарушы органның аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адам), ал мұндайлар болмаған жағдайда ‒ мемлекеттік мекеменің басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, мемлекеттік мекеменің оларды жасауға жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал соңғылары болмаған кезде-тиісті бұйрықтармен міндеттерді орындау жүктелген адамдар қол қояды) және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрінің бедерімен расталады, жоғарыда көрсетілген тұлғалар қол қойған жеке қаржыландыру жоспарлары жобаларының ай сайынғы бөлінуінің есептеулері мен негіздемелері жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларымен бірге оларды бекіту және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын әзірлеу үшін белгіленген мерзімдерде бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне беріледі.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 26.03.2021 жылғы № 251 Бұйрығына сәйкес (19.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Мемлекеттік мекеме жеке қаржыландыру жоспарлары жобаларының жасалу дұрыстығын, дәйектілігін және олардың тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне уақтылы берілуін қамтамасыз етеді.
10. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары осы Ереженің 7-10-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жиынтықтау жолымен қалыптастырылады.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 жылғы № 269 Бұйрығына сәйкес (30.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 03.03.2018 жылы тіркелді
Бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісін қаржыландыру жоспарларының жылдық сомасы кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген, мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімімен бекітілген сомаларына сәйкес келеді.
Міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының жылдық сомалары:
бюджеттік бағдарламалар деңгейінде – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттің бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыс сомасына;
бюджеттік кіші бағдарламалар деңгейінде – бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаның бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша  шығыс сомасына сәйкес келеді.
11. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңын іске асыру туралы қаулысы немесе кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдер аппараттарына айларға бөле отырып, жоспарларды айға бөлу негіздемесімен бірге:
11-тармақ  өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 24.11.2015 жылғы № 586 Бұйрығымен (09.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 23.12.2015 жылы тіркелді
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 06.09.2017 жылғы № 543 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 29.09.2017 жылы тіркелді
бюджеттік бағдарламалар деңгейінде бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарларының жобаларын;
қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын ұсынады.
Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер бойынша, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің бюджеттік кредиттер бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарына тұтастай бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша да, сол сияқты төмен тұрған бюджеттер бойынша да ұсынады. Осы бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларына облыс әкімі, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімімен немесе төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы қол қойған әрбір төмен тұрған бюджетті қаржыландыру жоспарлары жобаларының көшірмелері қоса беріледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісін қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкім аппаратымен белгілеген пішімде қағаз және магнит (электрондық) тасығыштарда, қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын тек магнит (электрондық) тасығыштарда ғана ұсынады.
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарлары жобаларының шынайылығын, дұрыс ресімделуін және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкім аппаратына уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
12. Түсімдер жоспарының жобаларын жасау үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган кірістер бойынша түсімдердің, бюджет кредиттерін өтеудің, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің және қарыздардың болжамдық жылдық сомасын бекіту туралы бұйрық, сондай-ақ ерекшеліктер тұрғысында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін, бюджетке түсетін түсімдердің жылдық көлемін бекіту туралы бұйрық (бұдан әрі - бұйрық) әзірлейді. Бюджеттің кіріс бөлігі түсімдерінің болжамдық жылдық сомасын ерекшеліктер бойынша бөлу кірістердің жалпы көлемінен ағымдағы қаржы жылының іс жүзіндегі (күтілетін) түсімдерінің үлес салмағы және бірқатар жылға іс жүзіндегі түсімдер серпіні назарға алына отырып, жүзеге асырылады.