«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналын жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 52 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10343 тіркелді
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұйрықтың көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген
Кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналын жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-20) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелер үшін кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналын жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда қолданылатын терминдер мен ұғымдар:
1) кеме иесi – кеменiң меншiк иесi болып табылатынына немесе оны өзге де заңды негiзде пайдалануына қарамастан өз атынан кеменi пайдаланатын тұлға;
2) кеменiң меншiк иесi – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқаруышысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11125 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықты мемлекеттiк тiркеу қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), кеменiң меншiк иесi ретiнде тiркелген тұлға;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.11.2019 жылғы № 819 Бұйрығына сәйкес (23.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) уәкiлеттi орган – сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкілетті орган).
2. Кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналын жүргізу тәртібі
3. Кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналы (бұдан әрі – Журнал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде құрастырылады.
4. Журнал осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негізінде беріледі. Журналды Қазақстан Республикасының кемелер тізілімдерінде тіркелген кеме жағдайда халықаралық қатынаста рейстерді жасайтын, жалпы сыйымдылығы 500 және одан көп тонна барлық кемелерге уәкілетті орган береді.
5. Журналдың нөмірленуі әрбір кеме үшін нөмірлер өсу тәртібінде дәйекті түрде жүзеге асырылады. Бұл дәйекті нөмірлеу кеменің бүкіл қызмет мерзімі ішінде, туын ауыстыруға қарамастан жалғаса береді.
6. Журналдың түпнұсқасы үнемі кемеде болады. Журнал кемеден шығарылмайды. Журналды толтыру аяқталған соң одан көшірмесі түсіріліп алынады. Аяқталған Журналдар кеменің бүкіл қызмет мерзімі ішінде кемеде сақталады.
Журналдың көшірмесі уәкілетті органда сақталады. Кеменің тіркелген орны (мемлекеті) ауысқан жағдайда Журналдың бұрынғы көшірмелері уәкілетті органда қалады.
7. Журналды алу үшін кеменің меншік иесі (кеменің иесі) уәкілетті органға осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша, мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсынып, өтініш береді:
1) кемені күзету туралы халықаралық куәлік (Уақытша халықаралық куәлік);
2) қауіпсіздікті басқару туралы куәлік (қауіпсіздікті басқару туралы уақытша куәлік);
3) танылған сыныптау қоғамы берген кеменің сәйкестігі туралы құжат (сәйкестік туралы уақытша құжат);
4) Қағидаларға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлік;
5) Қағидаларға сәйкес нысан бойынша кемеге меншік құқығы туралы куәлік;
6) журнал (бар болғанда).
Егер кеме өтініш берілгенге дейін басқа туды көтеріп жүзген болса, сол ту әкімшілігі берген Журналдың көшірмесі қоса беріледі.
Журнал ауыстырылған жағдайда бұрынғы Журналдың, түзетулер тізбесінің және оған түзетулер көрсеткішінің көшірмелері қоса беріледі.
8. Уәкілетті орган кемеге Журналды әрбір беру кезінде 1-13 жолдарын толтырады. Толтырылмаған жолдарда «N/A» деп көрсетіледі.
Журналдың 7-жолы, егер бербоут-чартерлер бойынша кеме жалдаушыларды тіркеу талап етілсе және кеме бербоут-чартер бойынша жалдауда болса толтырылады.
9. Журналдардың кемелік тігіндісі мыналарды қамтиды:
1) қолданыстағы Журналда ұсынылған мәліметтерге қатысты қандай болса да өзгеріс орын алған сайын осы өзгерістер туралы мәліметтерді Журналдардың тігіндісіне қосу талап етіледі. Жаңа журнал берілгенге дейін кеменің меншік иесі (кеме иесі) немесе капитаны түзетулер парағын толтырады және оның түпнұсқасын қолданыстағы Журналға қоса тіркейді. Толтырылған түзетулер парағының данасы Журналды берген уәкілетті органға жіберіледі;
2) қолданыстағы Журналға жаңа түзетулер парағы қоса берілген жағдайда осы түзету туралы мәлімет қолданыстағы Журналға қоса берілген түзетулер көрсеткішіне хронологиялық тәртіппен енгізіледі.
Журналдағы бұрынғы жазулар өзгертілмейді, сызылмайды және жойылмайды.
10. Бір және одан көп түзетулер парақтарының даналарын алып, уәкілетті орган өзгеріс болған күннен кейін күнтізбелік жиырма күнінен кешіктірмей жаңа Журналды береді.
11. Журналды алғаннан кейін кеме капитаны оның реттік нөмірін, сондай-ақ бұрынғы Журналға қоса берілген бүкіл түзетулер парақтары мазмұнының қосылуын тексереді.
Жекелеген түзетулер бұрынғы Журналда көрсетілген жағдайда кеме капитаны мынадай іс-әрекеттерді орындайды:
1) Журналға енгізілмеген барлық өзгерістерді енгізе отырып, жаңа түзетулер парағын толтырады және оны бұрынғы Журналға қоса тіркейді;
2) түзетулер көрсеткішінде түзетулерді атап көрсетеді және көрсеткішті бұрынғы Журналға қоса тіркейді;
3) түзетулер парағының данасын Журналды берген уәкілетті органға жібереді.
12. Журналдар тігінділерін жоғалтқан немесе ол бүлінген жағдайда кеменің меншік иесі немесе капитан жоғалған немесе бүлінген құжаттарды атап көрсетіп, бұл туралы үш жұмыс күн ішінде жазбаша түрде уәкілетті органға хабарлайды.
Уәкілетті орган қолда бар деректер негізінде жоғалғандардың құжаттардың орнына олардың телнұсқаларын береді. Құжаттарда олар телнұсқалар болып табылатындығы туралы белгі қойылады.
Кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналын жүргізу қағидаларына қосымша-1
Нысан
КЕМЕ ТАРИХЫН ҮЗДІКСIЗ TIPKEУ ЖУРНАЛЫ № _____ КЕМЕНІҢ ХТҰ НӨМІРІ: IMO __________ ЖУРНАЛ № _____ НЕПРЕРЫВНОЙ РЕГИСТРАЦИИ ИСТОРИИ СУДНА, НОМЕР ИМО СУДНА: IMO __________ CONТINUOUS SYNOPSIS RECORD (CSR) DOCUMENT № _____ FOR THE VESSEL WITH IMO NUMBER: IMO __________
Күндер жжжж/аа/кк форматта болуы тиіс.
Даты должны иметь формат гггг/мм/дд.
Dates should be in the format yyyy/mm/dd.
1. | Бұл құжат (күні) қолданылады: |
|
2. | Кеме туының мемлекетi: |
|
3. | 2 жолда көрсетiлген мемлекеттің тіркеген күні: |
|
4 | Кеменің атауы: |
|
5. | Тіркеу порты: |
|
6. | Осы уақытта тiркелген кеме ие(-лер)сi: |
|
7. | Тіркелген кеме иесінің сәйкестендіру нөмірі: |
|
8. | Егер қолданылатын болса, осы уақытта бербоут–чартер бойынша тiркелген кеме жалдаушы жағдайда: |
|
9. | Компанияның атауы (СОЛАС Конвенциясының IX тарауында айқындалған мәнде): |
|
10. | Компанияның сәйкестендіру нөмірі: |
|
11. | Кемеге сыныбы туралы куәлiк берген сыныптау қоғамдары: |
|
12. | Сәйкестiк туралы құжат берген әкiмшiлiк/үкiмет/танылған ұйым: |
|
13. | Қауiпсiздiктi басқару туралы куәлiктi берген Әкімшілік/үкімет/танылған ұйымның атауы: |
|
14. | Кемені қорғау туралы халықаралық куәлікті берген Әкімшілік/үкімет/танылған ұйым: |
|
15. | 2-жолда көрсетiлген мемлекеттiк туды көтеріп жүзу кемісін тіркеудің аяқталған күні: |
|
16. | Ескертпелер (қажет болса керек деректерді қосу): |
|
Бұл деректер барлық қатынастарда дұрыс екеніне куәландырылды барлық жағынан дұрыс екендігін растайды:
Настоящим удостоверяется, что данные сведения во всех отношениях верны:
This is to certify that this record is correct in all respects:
Берген Әкімшілік:
Выдано Администрацией:
Issued by the Administration of:
Берілген жері, күні:
Место и дата выдачи:
Place and date of issue:
Уәкілетті тұлғаның қолы:
Подпись уполномоченного лица:
Signature of authorized person:
Уәкілетті тұлғаның аты:
Имя уполномоченного лица:
Name of authorized person:
Бұл құжатты кеме алды және кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналдарының тігіндісіне орналастырылды:
(күні) __________ (қолы) ______________
Данный документ получен судном и помещен в подшивку журналов непрерывной регистрации истории судна:
(дата) __________ (подпись) ___________
This document was received by the ship and attached to the ship’s CSR file on the following date (fill in):
_______________ (Signature) __________.
КЕМЕНІҢ ТАРИХЫН ҮЗДІКСIЗ TIPKEУ № _____ ЖУРНАЛЫНА ТҮЗЕТУЛЕР ПАРАҒЫ, КЕМЕНІҢ ХТҰ НӨМІРІ: IMO ________ ЛИСТ ПОПРАВОК К ЖУРНАЛУ № ______ НЕПРЕРЫВНОЙ РЕГИСТРАЦИИ ИСТОРИИ СУДНА, НОМЕР ИМО СУДНА: IMO ________ AMENDMENTS TO THE CONТINUOUS SYNOPSIS RECORD (CSR) DOCUMENT № _____ FOR THE VESSEL, WITH IMO NUMBER: ______
Түзетулер кестеде көрсетілген. Өзгерістер болмаған мәліметтердің қарсы жоғына «N/C» қойыңыз. Күндер жжжж/аа/кк форматта болуы тиіс.
Поправки указаны в таблице. Проставьте «N/C» напротив сведений, не подвергшихся изменениям. Даты должны иметь формат гггг/мм/дд.
The amendments are shown in the table. Indicate «N/C» for all items not being changed. Dates should be in the format yyyy/mm/dd.
Мәліметтер/Сведения/Information | ||
1. | Бұл құжат (күні) қолданылады: |
|
2. | Кеме туының мемлекетi: |
|
3. | 2-жолда көрсетiлген мемлекеттің кемені тіркеген күні: |
|
4 | Кеменің атауы: |
|
5. | Тіркеу порты: |
|
6. | Осы уақытта тiркелген кеме ие(-лер)сi: |
|
7. | Тіркелген кеме иесінің сәйкестендіру нөмірі: |
|
8. | Осы уақытта тiркелген кеме жалдаушының бербоут-чартер бойынша аты (атауы), болған жағдайда: |
|
9. | Компанияның аты-жөнi (СОЛАС Конвенциясының IX бөлiмiнде белгiленген мағынасында): |
|
10. | Компанияның сәйкестендіру нөмірі: |
|
11. | Кеме сыныбы туралы куәлiк берген сыныптау қоғамдары: |
|
12. | Сәйкестiлiк туралы құжатты берушi Әкiмшiлiк/үкiмет/танылған ұйым: |
|
13. | Қауiпсiздiктi басқару туралы куәлiктi берген Әкімшілік/үкімет/танылған ұйымның атауы: |
|
14. | Кемені қорғау туралы Халықаралық куәлікті берушi Әкімшілік/үкімет/танылған ұйымның атауы: |
|
15. | 2 жолда көрсетiлген мемлекеттiк ту астында жүзудің тіркеу мерзімінің аяқталған күні: |
|
16. | Ескертпелер (қажет болса керек деректерді қосу): |
|
Осы берілген ақпараттың барлық жағынан дұрыс екендігін растайды:
Настоящим удостоверяется, что данные сведения во всех отношениях верны:
This is to certify that this record is correct in all respects:
Компания немесе кеме капитаны орындаған:
Исполнено компанией или капитаном судна:
Issued by the Company or Master:
Орындалу күні:
Дата исполнения:
Date of issue:
Уәкілетті тұлғаның қолы:
Подпись уполномоченного лица:
Signature of authorized person:
Уәкілетті тұлғаның аты:
Имя уполномоченного лица:
Name of authorized person:
КЕМЕНІҢ ТАРИХЫН ҮЗДІКСIЗ TIPKEУ № _____ ҚҰЖАТЫНА ТҮЗЕТУЛЕР НҰСҚАУЫ, КЕМЕНІҢ ИМО НӨМІРІ: IMO ___________ УКАЗАТЕЛЬ ПОПРАВОК К ДОКУМЕНТУ № ____ НЕПРЕРЫВНОЙ РЕГИСТРАЦИИ ИСТОРИИ СУДНА, НОМЕР ИМО СУДНА: IMO ___________ INDEX OF AMENDMENTS TO THE CONТINUOUS SYNOPSIS RECORD (CSR) DOCUMENT № ____ FOR THE VESSEL, WITH IMO NUMBER: IMO ___________
Осы Кеме тарихын үздiксiз тіркеу журналы берiлгеннен кейін компания немесе кеменің капитаны мәліметтерге мынадай түзетулер жасап, кеме тарихын үздiксiз тіркеу журналыдарының тігілімінe орналастырды және журналға орналастырғандарды Әкімшіліктің назарына жеткізді:
После выдачи данного журнала непрерывной регистрации истории судна, компанией или капитаном судна были сделаны, помещены в подшивку журналов непрерывной регистрации истории судна и доведены до сведения Администрации, следующие поправки к сведениям, помещенным в журнал:
After this CSR document was issued, the following amendments to entries on the document have been made bу the Соmраnу оr the Master, have been attached to the ship's CSR file and have been notified to the Administration:
Түзетулерді қолдану күні: | Кеме тарихын үздiксiз тіркеу журналындағы деректерге түзетулер (2-13 жолдары) | Түзетулер парағын кеме тарихын үздiксiз тіркеу журналдарының тікпесіне енгізу күні: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ЕСКЕРТПЕ: Егер түзетулер жоғарыда көрсетiлген кестеге сыймаған жағдайда, осы кестенің көшiрмелері осы параққа қосымша ретінде қосыңыз. Бұл қосымшалар «1-ден» басталып одан әрі нөмірлердің өсу тәртібімен нөмірлену тиіс.
қосымша қосылған жағдайда көрсетіңіз:
Осы параққа №______ қосымша қосылды.
ПРИМЕЧАНИЕ: Если поправок больше чем может вместить приведенная выше таблица, то добавьте копии данной таблицы, как Дополнения к данной странице. Такие Дополнения следует нумеровать начиная с «1» и далее в порядке возрастания номеров.
При добавлении Дополнения указывайте:
К данной странице добавлено Дополнение № ____
NOTE: If more amendments аге issued than allowed for in the above table, add copies of this table as Appendices to this page. Such Appendices should bе numbered from «1» and upwards.
When relevant, indicate as follows:
Appendix no _________ has bееn added to this page.
Кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналын жүргізу қағидаларына қосымша-2
Нысан
___________________________________________ (Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті органның атауы)
ӨТІНІШ
Төменде көрсетілген кемеге кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналын (Журнал) беруіңізді сұраймын және қажетті деректерді көрсетемін:
Өтініш:
________
- кемеге Журналды алғаш беруге .........| |
________
- қолданыстағы Журналды айырбастау қажеттілігіне .........| |
________
- Журналдың жоғалуына телнұсқа беру қажеттілігіне.........| | байланысты (қажетті бағанда белгі қою)
р/н | Деректеме | Сипаттама |
1 | 2 | 3 |
1 | Кемені Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу күні |
|
2 | Кемені бербоут-чартер бойынша жалданған кемелер мемлекеттік тізілімінде тіркеу күні |
|
3 | Кеме атауы |
|
4 | Кеме атауы (латынша) |
|
5 | Кеменің Халықаралық теңіз ұйымының (ХТҰ) нөмірі |
|
6 | Тіркеу порты |
|
7 | Тіркелген кеме иесі, мекенжайы |
|
8 | Тіркелген кеме иесі, мекенжайы (мәліметтер латынша) |
|
9 | Кеме иесінің ХТҰ нөмірі |
|
10 | Бербоут-чартер бойынша тіркелген жалдаушы, мекенжайы |
|
11 | Бербоут-чартер бойынша тіркелген жалдаушы, мекенжайы (латынша) |
|
12 | Тіркелген мекенжайы мен өңірлік бөлімнің мекенжайын көрсете отырып (қолданылатын болса), кемені қауіпсіз пайдалануды басқару бойынша өзіне міндеттеме алған компания |
|
13 | Тіркелген мекенжайы мен өңірлік бөлімнің мекенжайын көрсете отырып (қолданылатын болса), кемені қауіпсіз пайдалануды басқару бойынша өзіне міндеттеме алған компания (мәліметтер латынша) |
|
14 | Кемені қауіпсіз пайдалануды басқару бойынша өзіне міндеттеме алған компанияның ХТҰ нөмірі |
|
15 | Кемеге сыныптау куәлігін берген сыныптау қоғамы немесе қоғамдар |
|
16 | Кемеге сыныптау куәлігін берген сыныптау қоғамы немесе қоғамдар (мәліметтер латынша) |
|
17 | Сәйкестік туралы құжат берген ұйым (15-тармақта көрсетілгеннен өзгеше болса) |
|
18 | Сәйкестік туралы құжат берген ұйым (16-тармақта көрсетілгеннен өзгеше болса) (мәліметтер латынша) |
|
19 | Аудит өткізетін ұйым (17-тармақта көрсетілгеннен өзгеше болса) |
|
20 | Аудит өткізетін ұйым (18-тармақта көрсетілгеннен өзгеше болса), (мәліметтер латынша) |
|
21 | Қауіпсіздікті басқару туралы куәлікті берген ұйым (15-тармақта көрсетілгеннен өзгеше болса) |
|
22 | Қауіпсіздікті басқару туралы куәлікті берген ұйым (16-тармақта көрсетілгеннен өзгеше болса), (мәліметтер латынша) |
|
23 | Кемені қорғау туралы куәлік берген ұйым |
|
24 | Кемені қорғау туралы куәлік берген ұйым (мәліметтер латынша) |
|
25 | Кеменің қорғалуын тексеруді орындаған ұйым (22 тармақта көрсетілгеннен өзгеше орындаған болса) |
|
26 | Кеменің қорғалуын тексеруді орындаған ұйым (23 тармақта көрсетілгеннен өзгеше болса), (мәліметтер латынша) |
|
Қоса беріліп отырған құжаттар: (атап көрсету)
Жоғарыда көрсетілген ақпараттың түпнұсқалығын растаймын.
(Өтінім берген тұлғаның лауазымы мен қолы)
Күні Орындаушы: Т.А.Ә.А. Телефон:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |