Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 50 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 наурызда № 10381 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 03.08.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):
Toggle Dropdown
1
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
1
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарға және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
Toggle Dropdown
1
3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында осы бұйрықтың орналастырылуын;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1),2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
_____________ А. Мұхамедиұлы
2015 жылғы 3 ақпан
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 30 қаңтар
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 23 қаңтардағы
№ 50 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі
Toggle Dropdown
|
№ р/с
|
Біліктілік талаптары
|
Қызметті жүзеге асыру үшін ұсынылатын құжаттар
|
Ескертпе
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
1
|
Стандарттау бойынша құжаттар:
стандарттың атауы
стандарттың нөмірі
|
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
(қосымшаға сәйкес)
|
|
|
2
|
* Өндірістік техникалық базаның (технологиялық жабдықтың, өлшеу және бақылау құралдарының, оның ішінде қолданыстағы ҚР СТ 988 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар» талаптарына сәйкес дайындалған мемлекеттік рәміздердің сапасын және оларды дайындаудың технологиялық процесін сақтауды қамтамасыз ететін түстер атласының) болуы
|
Технологиялық жабдық, өлшем және бақылау құралдары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)
|
Көрсетілген жабдықтың болуын лицензиар Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар» туралы заңның 2 тармағының 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу жолымен белгілейді. Егер өтініш беруші өндірістік үй-жайдың, технологиялық жабдықтың иесі болмаса, онда жалдау шарты көрсетіледі.
|
|
3
|
Пайдаланылатын өлшем құралдарын және сынау жабдығын салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың болуы
|
Сертификатты берген ұйымның атауы, сертификаттың атауы, нөмірі мен күні туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
(қосымшаға сәйкес)
|
|
|
4
|
Аккредиттелген сынақ зертханасынан ҚР СТ 989 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижесі қоса берілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілетін үлгілік өлшемнің басты модельінің болуы
|
Әрбір өндірілген үлгілік өлшемінің басты моделі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)
|
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілетін үлгілік өлшемнің басты модельінің болуы, Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар» туралы заңның 2 тармағының 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу жолымен белгілейді.
|
|
5
|
Аккредиттелген сынақ зертханасынан ҚР СТ 989 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижесі қоса берілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілетін үлгілік өлшемнің өндірістік эталондық үлгісінің болуы
|
Әрбір өндірілетін үлгілік өлшемнің эталондық үлгісі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)
|
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілетін үлгілік өлшемнің өндірістік эталондық үлгісінің болуы, Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар» туралы заңның 2 тармағының 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу жолымен белгілейді.
|
|
6
|
«Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23514 болып тіркелген) нысан бойынша шығарылатын өнімге СТ-KZ нысанындағы сертификаттың болуы
|
Сертификатты берген ұйымның атауын, нөмірін және күнін көрсете отырып, СТ-KZ нысанының сертификаты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)
|
|
Toggle Dropdown
* Егер өтініш берушінің өндірістік орны, техникалық жабдықтары болмаған жағдайда, онда жалдау шарты көрсетіледі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туы мен Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
Елтаңбасын дайындау жөніндегі
қызметті жүзеге асыру үшін
қойылатын біліктілік талаптар
мен олардың сәйкестігін растайтын
құжаттар тізбесіне қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
Toggle Dropdown
1. Стандарттау жөніндегі құжаттардың болуы:
Toggle Dropdown
стандарттың атауы ___________________________________________
Toggle Dropdown
стандарттың нөмірі_____________________________________________
Toggle Dropdown
2. Өндірістік техникалық базаның болуы_____ __________
Toggle Dropdown
3. Технологиялық жабдықтың атауы_______________________________
Toggle Dropdown
4. Өлшеу және бақылау құралдарының атауы түстер атласының болуы
Toggle Dropdown
(атауы)_____________________________________________________________
(салыстырып тексеру/метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың берілген күні, сертификатты берген органның атауы, сертификаттың қолданылу мерзімі)
Toggle Dropdown
5. Салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар, салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы
сертификаттың нөмірі ________________________________________________
Toggle Dropdown
салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың берілген
күні ________________________________________________________
Toggle Dropdown
сертификатты берген органның атауы __________________________________
Toggle Dropdown
сертификаттың қолданыс мерзімі ______________________________________
Toggle Dropdown
6. Аккредиттелген сынақ зертханасынан ҚР СТ 989 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» талаптарына сәйкестігіне оң сынақ нәтижесін қолдана отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілетін үлгілік өлшемнің басты модельінің болуы_______ ____________________________
Toggle Dropdown
7. Аккредиттелген сынақ зертханасынан ҚР СТ 989 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» талаптарына сәйкестігіне оң сынақ нәтижесін қолданумен Қазақстан Республиканың Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілген өлшемінің өндірістік эталондық үлгісінің болуы___________________________________________________
Toggle Dropdown
8. ҚР СТ 989 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» және (немесе) ҚР СТ 988 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар» талаптарына сәйкес дайындалатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы өніміне СТ-KZ нысанында тауардың шығарылуы туралы сертификаттың болуы____________________