2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 280-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Отправить по почте
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 06.04.2018 жылғы № 173 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.03.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 280-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысымен бекітілген
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынынаарналған акциз мөлшерлемелері
Мөлшерлемелер өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.11.2015 жылғы № 887 Қаулысымен (13.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2015 жылы № 219 (28697) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Мөлшерлемелер жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.09.2016 жылғы № 557 Қаулысына сәйкес (06.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 15.10.2016 жылдан бастап) Мөлшерлемелер жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.03.2017 жылғы № 144 Қаулысына сәйкес (30.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.04.2017 жылдан бастап)
Р/с№ |
|
1 тоннаға акциз мөлшерлемелері (теңгемен) |
|||
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)(ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12411 0-2710 12590 0) |
Дизель отыны(ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19310 0-2710 19 480 0) |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
||
1. |
Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі (маусым – қазан) |
10500 |
9300 |
||
2. |
Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі (қараша – мамыр) |
10500 |
540 |
||
3. |
Жеке және заңды тұлғалардың бензинді авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі |
0 |
0 |
||
4. |
Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы (маусым – қазан) |
11000 |
9360 |
||
5. |
Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы (қараша – мамыр) |
11000 |
600 |
||
6. |
Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы |
500 |
60 |
||
7. |
Импорт |
4500 |
540 |
||
8. |
Салық кодексінің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру (маусым – қазан) |
10500 |
9300 |
||
9. |
Салық кодексінің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру (қараша – мамыр) |
10500 |
540 |
Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Vх 0,730 М = ---------, мұндағы: 1000
М — өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) тоннамен есептегендегі көлемі;
V — өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) литрмен есептегендегі көлемі;
0,730 — бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Vх 0,769 М = --------, мұндағы: 1000
М — өткізілген дизель отынының тоннамен есептегендегі көлемі;
V — өткізілген дизель отынының литрмен есептегендегі көлемі;
0,769 — дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Ескертпе: тауар номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |