Toggle Dropdown
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 наурызда № 10407 тіркелді
Редакция 01.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет», ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2015 жылғы 4 ақпан
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 23 қаңтардағы
№ 49 бұйрығымен бекітілген
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары
1. Осы Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасында қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді Алматы, Павлодар, Өскемен және Теміртау қалаларының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жеңіл рельсті көлік – қатынау жылдамдығы мен өткізу қабілеті теміржол көлігі мен метрополитенге қарағанда төмен және трамвайға қарағанда жоғары екенін сипаттайтын қалалық рельстік көлік түрі;
2) қалалық рельстік көлік - қала шекарасындағы және қала маңы аймағындағы жолдар бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі (метрополитен, трамвай, жеңіл рельсті, монорельсті көлік);
3) метрополитен - көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жаяу жүргіншілердің оларға өту жолынан оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі;
4) монорельсті көлік - бір рельстік жолмен қозғалуға арналған қалалық рельстік көлік түрі;
5) тізілім - Қазақстан Республикасында тіркелген қалалық рельстік көліктің көлік құралдары туралы мәліметті қамтитын дерекқоры;
6) трамвай - қала шекарасында берілген маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған қалалық рельстік көлік түрі.
4. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары Қазақстан Республикасының резидент еместермен Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшін уақытша әкелген жағдайда тіркелуге жатпайды.
2-тарау. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртібі
5. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жергілікті атқарушы органдар:
1) егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылатын жағдайда, заңды тұлға тіркелген орны бойынша;
2) егер өтініш беруші жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер болып табылатын жағдайда, салық төлеуші ретінде тіркелген орны бойынша жүзеге асырады.
6. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады, оны алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 2 (екі) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, қалалық рельстік көлік құралдарын тіркеу (қайта тіркеу) туралы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайда, тіркеу алымының төленгенін растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» хабарлама жібереді.
8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың анықтығын және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) және (немесе) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын қалалық рельстік көлік құралдарының тізілімінен шығару туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді, ол көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жібереді.
9. Куәлік қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбір тіркелетін бірлігіне беріледі.
10. Мемлекеттік тіркеуден өткен қалалық рельстік көліктің көлік құралдары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) енгізілуге жатады.
11. Мүлікті жалға алу (жалдау, сату), лизинг, мүлікті сенімгерлік басқару шартын жасасқан жағдайларда, қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының иесі бұл туралы жергілікті атқарушы органдарын өтініш нысанында (өтініш нысаны еркін) хабардар етеді.
Жергілікті атқарушы органдар аталған мәліметтерді тізілімге енгізеді.
12. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары тізілімнен:
1) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын есептен шығару, оны қалпына келтірмей зақымдаған;
2) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын кейіннен Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде пайдалану үшін әкете отырып, иеліктен шығарған жағдайларда алынып тасталады.
13. Жергілікті атқарушы орган тізілімге қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын пайдалану жөніндегі қызметті тоқтату туралы мәліметтерді енгізеді.
14. Көрсетілетін қызмет беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін үш жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
1-қосымша
___________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші атауы)
___________________________________________________________________________
(ұйым атауы, заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда) туған күні, үй мекенжайы, телефоны) (қызмет алушы туралы ақпарат «Жеке тұлға»
мемлекеттік деректер қоры немесе «Заңды тұлға» мемлекеттік деректер қоры арқылы
автоматты түрде тартылады)
____________________ (меншік, мүліктік жалдау, жалға алу немесе лизинг) құқығында тиесілі қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеуді сұраймын.
__________________қаласы, ______________________көшесі
жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі:
_______________________________________________________________
байланыс телефондары (факс)_____________________________________
Тізбе ________________________________________ парақта қоса беріледі.
Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
2-қосымша
«Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу;
2) Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізілімінен шығару.
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Алматы, Павлодар, Өскемен және Теміртау қалаларының жергілікті атқарушы органдары
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
2 (екі) жұмыс күні
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуде қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізілімінен шығару кезінде қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізілімінен шығару туралы хабарлама; мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
1. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу
жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының куәлігін мемлекеттік тіркеу үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен және мөлшерде алынады және алым төленген күні қолданыстағы 0,25 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Бюджетке тіркеу алымының сомасын төлеу қолма – қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
2. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізілімінен шығару тегін жүзеге асырылады.
|
7
|
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі
|
1) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған немесе бір реттік парольмен куәландырылған өтініш;
2) меншік құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) дайындаушы зауыттың қалалық рельстік көліктің көлік құралының әрбір бірлігіне арналған техникалық паспорттың электрондық көшірмесі (формуляр).
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын алып тастау үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған немесе бір реттік парольмен куәландырылған өтініш;
2)кейіннен Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде пайдалану үшін әкете отырып, Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын есептен шығару туралы акті не зақымдау, иеліктен шығару туралы құжат.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, қалалық рельстік көлік құралдарын тіркеу (қайта тіркеу) туралы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайда, тіркеу алымының төленгенін растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
|
10
|
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар
|
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда портал арқылы көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы, немесе қызметті берушінің - www.gov.kz интернет-ресурсында алуға болады.
|
Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
3-қосымша
_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші атауы)
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы
КУӘЛІК
Осы куәлік «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес
_________________________________________________________________
_______________
(қалалық рельстік көліктің көлік құралдарына құқықтар көрсетілсін)
құқығындағы_____________________________________________________
___________________________
(иесінің толық атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) берілді және
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
қалаалық рельстік көліктің көлік құралдарының мемлекеттік тіркелгенін растайды.
зауыттық нөмірі ______________________________________________________
мүкәммалдық нөмірі __________________________________________________
секциясы ____________________________________________________________
жасалған жылы __________________________________
Берілген күні 20___жылғы «___»_______
Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы _______________________________
Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
4-қосымша
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізілімі
Әкімдік
|
Куәлік №
|
Берілген күні
|
Меншік иесі
|
Меншік түрі
|
Жалға алушы
|
Жалдау мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
Жасалған күні
|
Нормативтік қызмет ету мерзімі
|
Соңғы жөндеу күні
|
Келесі жөндеу күні
|
Техникалық жай-күйі
|
Тіркелген жері
|
жарамды
|
есептен шығарылған
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
|
|
|
|
|
|
|