«Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 6-бабы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Продукты: | Законодательство |
Тип документа: | Кодекс |
Отправить по почте
Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 наурызда № 10363 тіркелді
Редакция 02.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 6-бабы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В.Школьник
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі _______________Ә.Ө. Исекешев 2015 жыл 30 қазан
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қантардағы № 33-бұйрығымен бекітілді
Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 02.04.2021 жылғы № 114 Бұйрығына сәйкес (21.09.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Магистральдық газ құбырларын пайдаланудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22-маусымдағы, «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9-қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және Магистральдық газ құбырын пайдалану тәртібін анықтайды, оның ішінде техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, техникалық диагностикалауды және жедел-диспетчерлік басқаруды қамтиды.
1-1. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1-тарау 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 02.04.2021 жылғы № 114 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 23.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) газ айдау агрегаты – құрамына газ компрессоры (айдағыш), жетек (газтурбиналық, электрлік, поршенді) және олардың жұмыс істеуі үшін қажетті жабдық кіретін қондырғы;
2) газ бұру құбыры – тарату және магистральдық газ құбырларынан қалалардың, елді мекендердің немесе жекелеген тұтынушылардың газ тарату станцияларына дейін газ беруге арналған газ құбыры;
3) газ жалғастыру құбыры – магистральдық газ құбырларын өзара жалғастыратын және жүйеаралық ағындарды қамтамасыз ететін газ құбыры;
4) газ құбырының (газ құбыры учаскесінің) өткізгіштік қабілеті – газ айдау агрегаттарының ең аз пайдаланылуы мен берілген есептік параметрлерінде стационарлық режим кезінде: шекаралық жағдайда газ құбырының басында және аяғында, трасса арқылы жұмыс қысымында, гидравликалық тиімділікте, қоршаған ауа мен топырақ температурасында, газды салқындату температурасында берілетін газдың тәуліктік есептелген мөлшері;
5) ең аз қашықтық – магистральдық газ құбыры объектісінен елді мекендерге, жеке тұрғын үй, шаруашылық, өндірістік құрылыс объектілеріне және үшінші тұлғалардың объектілеріне дейінгі қашықтық;
6) ең төмен рұқсат етілген жұмыс қысымы – құрылыс аяқталып, реконструкцияланғаннан кейін, сынау, ақауды анықтау, қарап тексеру және беріктілігін есептеу нәтижелерінің негізінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстары және жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін магистральдық газ құбыры объектілерінде енгізілетін ішкі артық қысымның белгіленген қауіпсіз мөлшері;
7) жарылыс – қысымның жылдам әрі қарқынды көтерілуіне қирау салдарларын туындататын, қысым газдарының пайда болуымен жарылыс толқынын туындататын заттың жай-күйінің физикалық, химиялық және физикалық-химиялық өзгеруімен байланысты бақыланбайтын тез өтетін энергия бөлу процесі;
8) жарылыс қаупі бар аймақ – жарылыс қаупі бар қоспалары түзілетін үй-жай, үй-жайдағы, сыртқы қондырғыдағы шектеулі кеңістік;
9) кепілдік жапсар – сынау қысымының әсеріне ұшырамайтын және сынау қысымына ұшырайтын газ құбыры учаскелерін жалғастыратын арнайы дәнекерлеу жалғағышы ретінде бұзылмайтын бақылауды талап ететін жапсар;
10) құбырдың жобалық өткізу қабілеті – айдалатын өнімнің жобалық параметрлері (тұтқырлығы, тығыздығы) кезінде жылдық уақыт қоры ішінде өнімнің берілген көлемі;
11) лупинг – өнімділікті және қысымды, сондай-ақ жұмыс сенімділігін арттыру мақсатында жекелеген учаскелерде негізгі газ құбырына параллель төселген газ құбыры;
12) магистральдық газ құбырларының жүйесі – бірлескен гидравликалық режимде бірдей жұмыс қысымы бар, екі және одан көп тізбектері мен учаскелерден тұратын магистральдық газ құбырларының жиынтығы;
13) магистральдық құбыр – өнімді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;
14) магистральдық құбырдың желілік бөлігі – өнімді тікелей тасымалдау жүзеге асырылатын жерасты, суасты, жербеті, жерүсті құбырлары;
15) магистральдық құбырдың күзет аймағы – магистральдық құбыр объектілеріне іргелес жатқан және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құбыр объектілерін қауіпсіз және іркіліссіз пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасауға арналған, оның шегінде аумақты белгілеу мақсаттарына сай келмейтін қызмет түрлеріне шектеу қойылатын немесе тыйым салынатын айрықша күзет және пайдалану жағдайларындағы (құрлықтағы және (немесе) судағы) аумақ;
16) отпен істелетін жұмыстар – отпен істелетін жұмыстарға ашық отты қолданумен, ұшқын шашатын және газдың, жағармай сұйықтықтарының, материалдар мен конструкциялардың (электрмен дәнекерлеу, газбен дәнекерлеу, отпен қыздыру жұмыстары, металды ұшқын шығарып механикалық өңдеу) жануын туындататын температураға дейін қыздырумен байланысты технологиялық операциялар;
17) рұқсат наряды – барлық қажетті қауіпсіздік шаралары және жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты адамдар көрсетілетін жұмыстың қауіпсіз жүргізілуіне ұйымның жазбаша нұсқауы;
18) техникалық дәліз – магистральдық құбыр немесе қатар салынған магистральдық құбырлар мен коммуникациялар жүйесі өтетін аумақ;
19) техникалық диагностикалау – магистральдық құбырдың техникалық жай-күйін айқындауға арналған жұмыстар мен ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешені;
20) іске қосу газ құбыры – қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес өндірушіден (өнім берушіден) магистральдық газ құбырына (магистральдық газ құбырлары жүйесіне) дейін тасымалдау үшін дайындалған табиғи газды беруді қамтамасыз ететін газ құбыры.
2-тарау. Магистральдық газ құбырларын пайдалану тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 02.04.2021 жылғы № 114 Бұйрығына сәйкес (21.09.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-параграф. Магистральдық газ құбырының желілік бөлігі
2. Магистральдық газ құбырының (бұдан әрі – МГҚ) желілік бөлігі мынадай технологиялық операцияларды орындау кезінде газдың жобалық немесе жоспарлы көлемдерін тасымалдауды қамтамасыз етеді:
1) тазарту құрылғыларын жіберу немесе қажет болған жағдайда диаметріне қарай үрлеу арқылы қуысты қатты және сұйық қоспалардан тазарту;
2) кристалгидраттардың түзілуін немесе қажет болған жағдайда олардың бұзылуын болдырмау мақсатында құбыр қуысына метанол енгізу;
3) ішкі жағында тоттануды болдырмау мақсатында газ құбырының қуысына тоттану ингибиторын енгізу;
4) көптармақты жүйелерде немесе қиылысушы газ құбырларында жекелеген құбырлар арасына газ жіберу;
5) қажет болған жағдайда құбырлардың жекелеген учаскелерін ажырату және қосу;
6) әртүрлі жұмыс қысымымен газды жүйеден жүйеге жіберу.
3. МГҚ желілік бөлігін пайдаланудың тиімділігі мен сенімділігі мына шаралармен қамтамасыз етіледі:
1) МГҚ желілік бөлігінің күйін кезеңдік бақылау, көзбен шолу және техникалық құралдарды пайдаланып тексеру;
3) МГҚ-ның желілік бөлігіне техникалық диагностикалау жүргізу.
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 02.04.2021 жылғы № 114 Бұйрығына сәйкес (21.09.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)