• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 101 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 наурызда № 10399 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 5 мамырдан бастап ҚР Әділет министрінің 11.04.2019 жылғы № 184 Бұйрығына сәйкес
         БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4625 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылы 11 шілдеде № 104 (1307) және Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың актілер жинағында, 2007 жылғы, сәуір-мамырда жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі Нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарының (бұдан әрі - тіркеуші органдар) Қазақстан Республикасы аумағында құрылатын, қайта ұйымдастырылатын, қайта тіркелетін, таратылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, қайта тіркеу, есептік тіркеуден шығару жөніндегі қызметін нақтылайды.»;
4-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, сонымен қатар, саяси партияларды, шетел және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу, қайта тіркеу және таратуды тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жүзеге асырады.»;
4-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Министрлікте тіркеуге жататындардан басқа, тиісті облыстарда құрылған, қайта ұйымдастырылған және таратылған заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеуді (қайта тіркеуді және таратылуын тіркеуді) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті облыстардағы аудандық (қалалық) Әділет басқармалары жүзеге асырады.»;
8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Акционерлік қоғамдардың құрылтай құжаттары, сондай-ақ, өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісін (шағын кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) тіркеу туралы өтініш қазақ және орыс тілдерінде тігілген және нөмірленген түрде үш данада ұсынылады және нотариалды куәландырылады.»;
10-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат тіркеуші органға бір мезгілде ұсынылады.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Республикалық діни бірлестіктер тіркелген күннен бастап бір жыл өткенше мәртебесін растау үшін, Министрлікке олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеуден өтуін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады. Аталған талаптарды орындамаған жағдайда, республикалық діни бірлестік Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте қайта ұйымдастырылуға немесе таратылуға жатады.»;
31-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тіркелген күннен бастап, бір жұмыс күні ішінде БСН бере отырып заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді жүргізу туралы хабарламаны мемлекеттік кіріс органдарына жібереді.»
32-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға осы Нұсқаулықтың 18-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді.
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу «электрондық үкімет» веб-порталында толтырылатын электрондық хабарлама беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін тіркеуші органға осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысанда беріледі. Өтінішке филиал (өкілдік) құратын уәкілетті заңды тұлға қол қояды және заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) расталады.»;
41-тармақтың 4) тармақшасын мынадай редакцияда жазылсын:
«4) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлімет енгізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде филиалды (өкілдікті) есептік тіркегені және БСН-і берілгені туралы мемлекеттік кіріс органына хабарлама жібереді;»;
49-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«49. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісінше Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
50-тармақтың 4) тармақшасын мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде заңды тұлғаның қайта тіркелгені және БСН-і берілгені туралы мемлекеттік кіріс органына хабарлама жібереді;»;
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Хабарламаға заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекемделген, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні қоса беріледі.»;
55-тармақтың 1), 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлғаның басшысы немесе басқа уәкілетті тұлға қол қойған, мөрмен (ол болған кезде) бекітілген осы Нұсқаулықтың 16-қосымшасына, өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдар үшін 17-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтініші (мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар – тізілім ұстаушының белгісі бар өтініші);
2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкiлдiк) туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының заңды тұлға мөрiмен (ол болған кезде) бекітілген шешiмi не шешiмiнен үзiндi;
3) нақты мекенжайы өзгерген жағдайда заңды тұлға мөрiмен (ол болған кезде) бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкiлдiк) туралы ережеге енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар мәтiнiнiң үш данасы немесе жаңа редакцияда ресiмделген, заңды тұлға құрылтай құжаттарының, филиал (өкiлдiк) туралы ереженiң үш данасы;»;
62-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жарғының (ереженiң) телнұсқасын алу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының заңды тұлға мөрiмен (ол болған кезде) бекемделген шешiмi не шешiмiнен үзiндi;»;
64-тармақтың 2), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
2) заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының заңды тұлға мөрiмен (ол болған кезде) бекітілген шешiмi;
6) заңды тұлғаның мөрiн (ол болған кезде) жою туралы құжат;
7) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;»;
67-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Заңды тұлғаны тарату тәртiбiнiң бұзылуы анықталған кезде, сондай-ақ таратылатын заңды тұлғаның есептiк тiркеуден шығарылмаған филиалдары (өкiлдiктерi) болған, салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi болған не мұндай заңды тұлға Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен салық мiндеттемесiн орындамаған жағдайда мемлекеттік кіріс органдары берешегi туралы аталған мәлiметтердi беруден бас тартқан жағдайларда, тiркеушi орган заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы шешiм шығарады.»;
70-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кіріс органдары Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмінің мәліметтері негізінде, қызметін тоқтататын заңды тұлға жөнінде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер береді, не мұндай заңды тұлға Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартады.»;
73-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) қызметін тоқтатудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде белгіленген тәртібінің бұзылуы анықталған кезде, сондай-ақ шетелдік заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда мемлекеттік кіріс органдары берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайларда, тіркеуші орган филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарудан бас тарту туралы шешім шығарады.»;
74-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кіріс органдары Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмінің мәліметтері негізінде шетелдік заңды тұлғаның қызметін тоқтататын филиалы (өкілдігі) жөнінде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер береді не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартады;»;
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаларды және акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеу өтініш берілген кезден бастап жұмыс күнінің бір сағаты ішінде жүзеге асырылады.
Саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
78-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекет етпейтін заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелуі деп танылса және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылса және (немесе) қайтыс болған деп жарияланса және (немесе) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 215, 237, 238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болса, сондай-ақ мерзiмдiк төлемдердi өндiрiп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкер болып табылатын және мерзiмдiк өндiрiп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша үш айдан асатын берешегi жоқ адамды қоспағанда, егер құрылтайшы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаның заңды тұлғаны құрған құрылтайшысы және (немесе) басшысы атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылған жағдайда;»;
Нұсқаулықтың 2-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
Нұсқаулықтың 5-қосымшасына Заңды тұлғаларды тіркеуге ұсынылатын құжаттардың тiзiмінде:
1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сенімді серiктестiк:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.»;
11-тармақ алып тасталсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Толық серiктестiк:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.»;
16-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қосымша жауапкершілігі бар серiктестiк:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.»;
Нұсқаулықтың 7-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
Нұсқаулықтың 9-қосымшасы осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және заңнамада белгіленген тәртіппен оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
 № 101 бұйрығына
 1-қосымша
Заңды тұлғаларды мемлекеттік
Тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді
 есептік тіркеу бойынша Нұсқаулыққа
 2-қосымша
нысан
______________________________
 Тіркеу органының атауы
Үлгі жарғы негізінде қызметін жүзеге асыратын шаруашылық серіктестікті мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
       1. Заңды тұлғаның атауы _______________________________________
_____________________________________________________________________
2. Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
      1) толық серіктестік _______ 3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік
_____________________________________________________________________
      2) сенім серіктестігі ______ 4) қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік 
_____________________________________________________________________
3. Құрамында шетел инвесторларының қатысуы (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
      1) иә ______________________ 2) жоқ ___________________________
4. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
      1) иә ______________________ 2) жоқ ___________________________
5. Заңды тұлғаның мекен-жайы
      Почта индексі: ___________________ Облыс: _____________________
      Қала, аудан, қаладағы ауданы: _________________________________
      Елді екен: ____________________________________________________
      Көше, ықшам аудан, квартал, тұйық көше, даңғыл: _______________
      Үйдің нөмірі: ___ пәтер, бөлме: ____ телефон нөмірі
(факс) ______________________________________________________________
      6. Басшының Т.А.Ә. ____________________________________________
      (ЖСН және азаматтың жеке куәлігінің мәліметтері) ______________
      7. Экономикалық қызметінің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз: _____________________________________________________________________
      8. Жарғылық капиталдың мөлшері ________________________________
9. Құрылтайшылардың құрамы және мөлшері (тиісті ұяшықта х
түрінде көрсетіңіз, мөлшері сан түрінде):
      1) заңды тұлға ________________ 2) жеке тұлға _________________
      Заңды тұлғаның атауы __________________________________________
      (БСН көрсете отырып)
      Жарғылық капиталдағы үлесі % ____ Үлес сомасы (мың теңге)
_____________________________________________________________________
Жеке тұлғаның Т.А.Ә.
_____________________________________________________________________
      (ЖСН және азаматтың жеке куәлігінің мәліметтерін көрсете отырып
      Жарғылық капиталдағы үлесі % ____ Үлес сомасы (мың теңге) ___________
Егер құрылтайшылар саны бірнеше болған жағдайда олар туралы мәліметтер: қосымша парақта (жеке тұлға) Т.А.Ә. ЖСН және азаматтың жеке куәлігінің мәліметтерін көрсете отырып, салық тіркеліміндегі аналог нөмірін немесе ел кодын, (заңды тұлға) БСН көрсете отырып атауын, салық тіркеліміндегі аналог нөмірін немесе ел кодын, сондай-ақ олардың жарғылық капиталдағы пайыз түріндегі және ақшалай үлесін көрсете отырып ұсынады.
10. Байқау кеңесі құрылған жағдайда айрықша құзыреті:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
11. Тексеру комиссиясының мерзімін көрсетіңіз (жеке ревизор):
_____________________________________________________________________
12. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін саны (шамамен)
_____________________________________________________________________
13. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
      1) шағын кәсіпкерлік субъектісі ___________ 2) орта кәсіпкерлік субъектісі ____________ 3) ірі кәсіпкерлік субъектісі _______________
14. Заңды тұлғаның құрылуына қайта ұйымдастыру негіз болды (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
      1) қайта құру _________________ 2) қосылу _____________________
      3) бөлініп шығу _______________ 4) бөліну _____________________
15. Қайта құруға қатысатын заңды тұлғалардың мөлшері
_____________________________________________________________________
16. Қайта құрылған жағдайда келесі мәліметтерді көрсету керек:
      Заңды тұлғаның бұрынғы атауы __________________________________
      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) _____________________________
17. Қосылған жағдайда келесі мәліметтерді көрсету керек:
Бірігуге қатысатын заңды тұлғалардың атауы
      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) _____________________________
18. Бөлініп шығу жағдайында келесі мәліметтерді көрсету керек:
      Бөлініп шыққан жаңа заңды тұлғаның атауы ______________________
      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) _____________________________
19. Бөлінген жағдайда келесі мәліметтерді көрсету керек:
      Заңды тұлғаның негізінде құрылған заңды тұлғалардың атауы _____
      _______________________________________________________________
      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) _____________________________
      20 жылдың «____» ______________________________________________
      Өтінішке қоса тіркеледі: ______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Құрылтайшылардың қолдары және Т.А.Ә. (қатысушылардың тізілімі бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысымен жүргізілетін жағдайда - жалпы жиналыстың құрылтайшыларының хаттамасымен өкілетті тұлғаның қолы (қатысушының шешімімен).
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда, қол(дар) қою шынайылығы нотариалды бекітілген түрде болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
 № 101 бұйрығына
 2-қосымша
Заңды тұлғаларды мемлекеттік
 тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеу туралы
 Нұсқаулыққа
 7-қосымша
нысан
_______________________________
 Тіркеу органының атауы
Саяси партияны құру ниеті туралы
ХАБАРЛАМА
 «__» __________ 200__ жыл                                 № _________
Қазақстан Республикасы «Саяси партиялар туралы» Заңының 6-бабына сәйкес біз төмендегі қол қойғандар, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігіне саяси партияны құру туралы хабарлаймыз:
____________________________________________________________________:
                              болжамды атауы
1. _________________________________________________________________;
                              (Т.А.Ә., қолы)
2. _________________________________________________________________;
                              (Т.А.Ә., қолы)
3. _________________________________________________________________;
                              (Т.А.Ә., қолы)
4. _________________________________________________________________;
                              (Т.А.Ә., қолы)
5. _________________________________________________________________;
                              (Т.А.Ә., қолы)
6. _________________________________________________________________;
                              (Т.А.Ә., қолы)
7. _________________________________________________________________;
                              (Т.А.Ә., қолы)
8. _________________________________________________________________;
                              (Т.А.Ә., қолы)
9. ________________________________________________________________;
                              (Т.А.Ә., қолы)
10. ________________________________________________________________.
                              (Т.А.Ә., қолы)
      Қосымша келесі құжаттар ұсынылады: ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
 № 101 бұйрығына
 3-қосымша
Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді
 есептік тіркеу туралы
 Нұсқаулыққа
 9-қосымша
нысан
Құжаттардың ұсынғандығы туралы растау
Осымен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ұйымдастыру комитетінің үәкілетті өкілі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты)
Жеке басын анықтайтын құжаты:
_____________________________________________________________________
         нөмірі, құжаттың берілген уақыты, кіммен берілген,
      ұсынған, ал тіркеуші орган «__»_____ 20___ жылы кір. № ________ келесі құжаттарды қабылдап алғандығын растайды:
 

Құжаттың атауы

Құжаттар ұсынылды

Қағаз тасымалда

(парақтар саны)

Электрондық тасымалда (файлдың аталуы)

1.

хабарлама









2.

Саяси партияны құрушы бастамашы топтың тiзiмi









3.

Ұйымдастыру комитетiнiң мүшелерi туралы мәлiметтер









4.

Ұйымдастыру комитетi жиналысының

«__» _________ 20__ жылғы хаттамасы









Тiркеушi орган

5.

Тiркеушi орган қызметкерiнiң лауазымы









6.

Тегi









7.

Аты









8.

Әкесiнiң аты









9.

Байланыс телефоны









10.

Қолы









М.О.