Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 29 қаңтардағы
№ 56 бұйрығына
1-қосымша
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) біліктілік сыныптарын белгілеу қағидалары
Редакция 07.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) біліктілік сыныптарын белгілеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 22-1, 25, 27-баптарында көзделген ережелерді іске асыруға әзірленген және қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) біліктілік сыныптарын белгілеу және төмендету тәртібін айқындайды.
2. Заңның 22-бабының 8-тармағына құқық қорғау органдарына жүктелген негiзгi мiндеттер мен функцияларды тiкелей орындайтын лауазымды адамдарға біліктілік сыныптарын белгілеуге құқық беретiн лауазымдар тiзбесiн, өздерінің өкiлеттiктерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
3. Орта және аға басшы құрам лауазымдарына тағайындалатын адамдар оларға біліктілік сыныптар берiлгенге немесе қаржы мониторигі органдарының кадрларына қабылданғанға дейiн атқаратын лауазымы бойынша қызметтiк мiндеттерiн атқарады.
4. Заңның 22-1 бабына сәйкес, экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері үшін мынадай біліктілік сыныптар және онда болу мерзімі белгіленеді:
6-санатты біліктілік сыныбы – 1 жыл;
5-санатты біліктілік сыныбы – 3 жыл;
4-санатты біліктілік сыныбы – 4 жыл;
3-санатты біліктілік сыныбы – бес жыл;
2-санатты біліктілік сыныбы – жеті жыл;
1-санатты біліктілік сыныбы – болу мерзімі белгіленбейді.
Біліктілік сыныптарды белгілеу реттілігіне байланысты біліктілік сыныптар алғашқы және кезекті болып бөлінеді.
6-санатты біліктілік сыныбы алғашқы біліктілік сыныбы болып табылады.
Кезекті біліктілік сыныптары алдыңғы біліктілік сыныптарында болу мерзімі өткеннен кейін реттілік тәртібімен белгіленеді.
5. Бір құқық қорғау органынан басқасына ауысқан кезде, сондай-ақ бұрын құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген сыныптық шені немесе біліктілік сыныбы бар қызметкерлерге, арнаулы немесе әскери атағы бар әскери қызметшілерге біліктілік сыныптарын теңестіру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
6-санатты біліктілік сыныбы – лейтенант, 3-сыныпты заңгер;
5-санатты біліктілік сыныбы – аға лейтенант, 2-сыныпты заңгер;
4-санатты біліктілік сыныбы – капитан, 1-сыныпты заңгер;
3-санатты біліктілік сыныбы – майор, кіші кеңесші;
2-санатты біліктілік сыныбы – подполковник, кеңесші;
1-санатты біліктілік сыныбы – полковник, аға кеңесші.
6. Арнайы атақтағы немесе сыныптық шендегі еңбек сіңірген мерзімі қызметкерге тиісті арнайы немесе әскери атақ, сыныптық шен берілген күннен бастап есептеледі, бұл ретте мерзімге лауазымдарда іс жүзінде қызмет өткерген уақыты, сондай-ақ қызметкердің Заңның 44-бабында көзделген жағдайларда қызмет өткергені және бала күтімі бойынша ол үш жасқа жеткенше еңбекақы сақталмайтын демалыста болу кезеңі кіреді.
Қызметкерге кезекті біліктілік сыныбын белгілеу себепсіз ұстау жағдайында тиісті біліктілік сыныбы алдындағы біліктілік сыныбының мерзімі аяқталуы бойынша келесі күнінен бастап белгіленеді.
7. Қызметкерлерге кезектi біліктілік сыныптары тиiсiнше құқық қорғау органының қарамағында болған кезде лауазымға тағайындалғанға дейiн, алынбаған тәртiптiк жазасы болғанда, қайта аттестаттау кезiнде атқаратын лауазымына сәйкес келетiнi туралы мәселе шешiлгенге дейiн, тергеуге дейiнгi тексерулер, оңалту негiздер бойынша қылмыстық істер тоқтатылғанға дейiн, ақтау үкiмi заңды күшiне енгенге, қызметтiк тергеп-тексеру аяқталғанға дейiн белгіленбейді.
Тәртiптiк жаза қолданудың заңсыздығы туралы шешiм шығарылған немесе қайта аттестаттау кезiнде атқаратын лауазымына сәйкес келетiнi туралы мәселе шешiлген, қылмыстық iс ақтайтын негiздер бойынша тоқтатылған, ақтау үкiмi заңды күшiне енген кезде қызметкерлерге кезектi біліктілік сыныбы атқаратын штаттық лауазымы бойынша біліктілік сыныбына кезектi біліктілік сыныбы сәйкес болған кезде, оларды белгілеу мерзiмi басталған күннен бастап белгіленеді.
8. Біліктілік сыныбындағы еңбек сiңiру мерзiмi біліктілік сыныбын төмендету түрiнде тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үзiледi және біліктілік сыныбын қалпына келтiру туралы бұйрық шығарылған күннен бастап қалпына келтiрiледi.
Атқаратын штаттық лауазымына қарамастан біліктілік сыныптары төмендетiлген қызметкерлер атқаратын лауазымына қарамастан бұрынғы біліктілік сыныбына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі - Комитет) төрағасының бұйрығына сәйкес, бiрақ біліктілік сыныбы төмендетiлген күннен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн ғана қалпына келтiрiледi.
Қызметкерге бұрынғы біліктілік сыныбы қайта қалпына келтiрiлгенге және оған кезектi біліктілік сыныбы белгіленгенге дейiн біліктілік сыныбынан қайта төмендетiлмейдi.
9. Экономикалық тергеу қызметінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша экономикалық тергеу департаменттерінің бірінші басшыларының – (бұдан әрі - уәкілетті басшылар) біліктілік сыныптарын белгілеу және төмендету үшін Комитет төрағасының атына осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұсыным жолданады.
Ұсыным Комитеттің адам ресурстары бөлімшесіне (бұдан әрі – кадр қызметі) жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарауына жатады.
10. Біліктілік сыныптарын белгілеу және төмендету туралы бұйрықтар, жобасын Комитеттің кадр қызметі дайындайтын бұйрықтармен ресімделеді. Қаржы мониторингі органдарының басшылары және кадр қызметі біліктілік сыныптарын белгілеу және төмендету туралы қызметкерлердің назарына жеткізеді.
Бұйрыққа Комитет төрағасы не оның міндетін атқарушы немесе уақытша атқарушы қол қояды.
11. Біліктілік сыныптарын есепке алуды қаржы мониторингі органдарының кадр қызметі жүргізеді.
12. Біліктілік сыныптарын белгілеу және төмендету туралы барлық мәліметтерді қаржы мониторингі органдарының кадр қызметі тиісті бұйрық шығарылғаннан кейін үш жұмыс күн мерзімінен кешіктірмей қызметкердің жеке ісіне енгізеді.
13. Біліктілік сыныптарын белгілеуге уақытылы ұсыныс жасауға жауапкершілікте болу Комитет төрағасына және уәкілетті басшыларға және Комитеттің және қаржы мониторингі органдарының кадр қызметіне жүктеледі.
Қаржы мониторингі органдарының
жедел-тергеу бөлімшелерінде
(экономикалық тергеу қызметі)
біліктілік сыныптарын белгілеу
және төмендету қағидаларына
1-қосымша
Лауазымы бойынша шекті біліктілік сыныбы (НҚА атауы)
Біліктілік сыныбын белгілеуге _______________________________________
Кімге _______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы
Туған күні, айы, жылы және жері _____________________________________
Жынысы ______________________________________________________________
Ұлты ________________________________________________________________
Білімі, мамандығы, біліктілігі ______________________________________
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _______________________________________
Міндетті арнайы тексеріс күні және нөмірі 201__ж. «____» ____________
ОӘДК (ОкӘДК) қорытындысы ____________________________________________
Қарулы Күштерде, прокуратураның, әділеттің арнайы органдарында, құқық қорғау органдарында қызмет өткеру
|
Қай уақыттан бастап (күні, айы, жылы)
|
Қай уақытқа дейін (күні, айы, жылы)
|
Лауазымы, ұйымның атауы
|
|
|
|
|
Қызметкердің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін, сондай-ақ қызметтік әрекеттерін көрсете отырып, қысқаша сипаттама:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қазіргі біліктілік сыныбы, оны белгілеу туралы бұйрықтың күні және нөмірі, есептеу күні (арн.атағы, әскери атағы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Біліктілік сыныбын белгілеу мүмкіндігін болдырмайтын негіздемелер жоқ болып табылады (біліктілік сыныптар тиiсiнше құқық қорғау органының қарамағында болған кезде лауазымға тағайындалғанға дейiн, алынбаған тәртiптiк жазасы болғанда, қайта аттестаттау кезiнде атқаратын лауазымына сәйкес келетiнi туралы мәселе шешiлгенге дейiн, тергеуге дейiнгi тексерулер, қылмыстық iс ақтайтын негiздер бойынша тоқтатылғанға дейiн, ақтау үкiмi заңды күшiне енгенге, қызметтiк тергеп-тексеру аяқталғанға дейiн белгіленбейді)
_____________________________________________________________________
(алғашқы, кезекті, мерзімінен бұрын, кезектен тыс, атқарып отырған
_____________________________________________________________________
штаттық лауазымымен көзделген біліктілік сыныбынан бір саты жоғары)
_____________________________________________________________________
біліктілік сыныбын белгілеуге ұсынылады
_______________________________
_______________________________ __________
(лауазымы, қолы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
201__ж. «___» _____________
Қаржы мониторингі органдарының
жедел-тергеу бөлімшелерінде
(экономикалық тергеу қызметі)
біліктілік сыныптарын белгілеу
және төмендету қағидаларына
2-қосымша
Біліктілік сыныбын төмендетуге Ұ С Ы Н Ы М
1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _____________________
2. Туған күні, айы, жылы және жері __________________________________
_____________________________________________________________________
3. Жынысы____________________________________________________________
4. Ұлты _____________________________________________________________
5. Білімі, мамандығы, біліктілігі ___________________________________
6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ____________________________________
7. Лауазымы, тағайындалған күні, жеке нөмірі ________________________
_____________________________________________________________________
8. Қазіргі біліктілік сыныбы, оны белгілеу туралы бұйрықтың күні және
нөмірі, есептеу күні ________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Қызметкер жасаған тәртіптік теріс қылықтың қысқаша сипаттамасы
(Тәртіптік жаза қолдану және оның түрін анықтау кезінде қызметкердің кінәсінің болуы, жасалған тәртіптік теріс қылықтың ауырлығы және мән-жайы, қызметкердің жеке басы және оның қызметке қатысы, теріс салдарлардың болуы және құқық қорғау органының беделіне нұқсан келтіруі ескеріледі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
10. _______________________ біліктілік сыныпқа төмендетуге ұсынылады.
_______________________________
_______________________________ ___________
(лауазымы, қолы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
201__ж. «___» _____________