• Мое избранное
Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер
Внимание! Документ утратил силу с 28.01.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығына 2-қосымша

3-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-қосымша күшін жойды 2022 жылғы 28 қантардан бастап ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 жылғы № 3 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 07.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер
Шекті мәндер жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.09.2017 жылғы № 582 Бұйрығына сәйкес (29.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Шекті мәндердің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ қаржы мониторингі экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 48-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден (бұдан әрі – тестілеу) өткізудің тәртібі мен шарттарын, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерін, сондай-ақ қаржы мониторингі экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің лауазымдарының санаттары үшін шекті мәндерді айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік кірістер органының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерін тестілеу олардың кәсіби дайындығының деңгейін, атестацияны өткізу кезінде логикалық ойлау мүмкіндігін айқындау үшін өткізіледі. Тестілеу компьютерлік техниканы пайдаланып тест сұрақтарына жауап беру нысанында жүзеге асырылады.
2-тарау. Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өту тәртібі мен шарттары, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер
3. Тестілеуді ұйымдастыру қаржы мониторингі органының адам ресурстары бөлімшелерімен (бұдан әрі – кадр қызметі) жүзеге асырылады. Компьютерлік тестілеуді өткізу процесін қамтамасыз ету үшін ақпараттық технологиялар бөлімшелерінің жұмыскерлері тартылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің компьютерлік тестілеуге қатысты мәліметтерді жария етуге жол берілмейді.
4. Қызметкерлерді тестілеуден өткізу орны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасымен және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша экономикалық тергеу департаменттері басшыларымен айқындалады және оны өткізуді қамтамасыз ететін қажетті құралдармен жабдықталады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 05.11.2018 жылғы № 966 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге компьютерлік тестілеу осы Қағиданың қосымшасында көрсетілген лауазым санаттарына сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша тестіленетін қызметкердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі.
6. Кадр қызметі тестіленушілердің тізімін және тестілеуді өткізу орнын, күні мен уақытын көрсете отырып тестілеуді өткізу кестесін құрады, оны Комитет төрағасы немесе уәкілетті басшысы бекітеді.
7. Тестілеуді өткізетін жұмыскерлер:
1) тестіленушілердің барлығы үшін тестілеуді өткізудің тең шартын сақтайды;
2) тестіленушілер немесе басқа тұлғалар тарапынан тестілеу тәртібін бұзу әрекетінің жолын кеседі.
Тестілеу нәтижесін түзеуге, ауыстыруға тыйым салынады.
8. Тестілеуді бастар алдында кадр қызметінің жұмыскері ақпараттық технологиялар бөлімшелерінің жұмыскерлерімен бірлесіп тестіленуші тұлғаға нұсқама өткізеді.
9. Тестіленуші адамның басқа тестіленуші тұлғалармен сөйлесуіне, материалдармен алмасуына, қағаз және электронды тасымалдағышта ақпаратпен алмасуына, үй-жайдан кетуіне жол берілмейді. Тестілеуді өткізу уақытында тестіленушілердің қабылдау-беру электрондық қондырғылары (соның ішінде қалталы дербес компьютерлер және өзге электронды жабдықтар) сөндіріледі.
Қағиданың осы тармағының талаптарын тестіленуші адам бұзған жағдайда, мұндай адамды тестілеу процесі тоқтатылады және бұзушылыққа жол берген адам тестілеу үй-жайынан шығарылады. Бұл ретте, кадр қызметінің жұмыскері еркін нысанда бұзушылық туралы акт жасайды.
10. Бұзушылыққа жол берген қызметкер тестілеуді тапсырмаған болып саналады.
11. Тестілеуді еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар, әскери қимылдар) салдарынан, сонымен қатар техникалық ақаулықтарға байланысты себептермен жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда тестілеу тоқтатыла тұрады.
Мұндай жағдайда еркін нысандағы тестілеуді тоқтата тұру туралы акт жасалады, ал тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе басқа күні өткізіледі.
12. Тестіленушілер үшін C-FM-2, C-FM-3, C-FMО-2, C-FM-4, C-FMО-3, C-FMО-4 лауазым санаттары бойынша тестіленуші үшін компьютер бағдарламасының көмегімен базалық сұрақтардан әрбір тест үшін белгіленген кездейсоқ сандарды іріктеу тәсілімен таңдалған сұрақтардың саны 120 сұрақты құрайды.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
C-FM-5, C-FM-6, C-FMО-5, C-FMО-6 лауазым санаттары бойынша сұрақтардың саны 70 сұрақты құрайды.
Әрбір дұрыс жауап үшін бір балл саналады. Тестілеуден өту уақыты тиісінше 120 және 70 минутты құрайды.
Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерін білуге арналған тест бойынша шектік мәні жалпы сұрақтар санының кемінде 70 %-ын құрайды.
Логикалық ойлауға арналған тест бойынша шекті мәндер белгіленбейді.
Егер, тестіленуші Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу тапсырмаларының біреуінен шекті мәндер жинай алмаса, онда қалған тестілеу тапсырмаларынан шекті мәндер жинауына қарамастан, тестілеуден өтпеген болып саналады.
13. Тестілеу нәтижесі көрсетілген парақта:
тестіленушінің тегі, аты, әкесінің (ол болған кезде) аты;
атқаратын лауазымы;
тестілеуді өткізу күні;
нормативтік құқықтық актілер тізбесі;
тест сұрақтарының саны;
дұрыс жауаптардың саны;
«Тесттен өтті», «Тесттен өткен жоқ» деген жазба түрінде тестілеудің жалпы нәтижесі көрсетіледі;
тестілеу нәтижесімен танысқаны туралы қызметкер және тестілеуді өткізуші қызметкер қол қояды.
14. Тестілеудің нәтижесі екі данада принтерден басып шығарылады және тестіленуші адамға танысу үшін беріледі. Танысқаннан кейін тестіленуші тестілеудің нәтижесіне қол қояды.
15. Тестілеу нәтижесінің бірінші данасы тестілеуден өткен қызметкерге беріледі, екінші данасы кадр қызметінің бөлімшесінде қалады.
16. Тестілеу өткізу кезінде шекті мәндерден төмен баға алған қызметкерлер қайта аттестатау кезінде қайтадан тестілеуден өтеді.
3-тарау. Кәсіби жарамдылығын анықтау жөніндегі нормативтерді тапсыру тәртібі
17. Аттестаттауға жатқызылған экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби жарамдылығын анықтау жөніндегі нормативтерді қызметкерлердің тестілеуді өткеннен кейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тапсырады.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тестілеу нәтижесінде шекті мәннен төмен баға алған қызметкерлер дене шынықтыру және жауынгерлік дайындық нормативтерін тапсыруға жіберілмейді.
18. Қызметкерлердің дене шынықтыру және жауынгерлік дайындық бойынша нормативтерді тапсыруы кезінде объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында кәсіби жарамдылығын анықтау жөніндегі комиссия құрылады.
19. Кәсіби жарамдылығын анықтау жөніндегі комиссия кемінде үш мүшеден құралады және Комитет төрағасының және уәкілетті басшының бұйрығымен құрылады.
20. Кәсіби жарамдылық нормативтерін тапсырмаған қызметкерлер әңгімелесуге жіберілмейді және аттестаттау комиссиясының шешімімен қайта аттестатталуға жатады.
Аттестаттауға жатқызылған
қызметкердің Қазақстан
Республикасы заңнамасын
білуін және логикалық ойлау
қабілетін компьютерлік
тестілеуден өткізудің
қағидалары мен шарттары,
кәсіби жарамдылығын айқындау
жөніндегі нормативтер,
сондай-ақ қаржы мониторингі
органдарының экономикалық
тергеу қызметі қызметкерлерінің
лауазымдардың санаттары үшін
шекті мәндеріне
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тестілеу бағдарламасы

Тестілеу бағдарламасы

Лауазым санаттарының атауы

Лауазым санаттары


 

Нормативтік құқықтық актілердің атауы

Сұрақтардың саны

Шекті мәні


 


 

1

Заңнаманы білуге арналған тест: 120 сұрақ (120 минут):

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

3) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

4) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

5) «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

6) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

7) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі

8) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі

9) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі

10) «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексі

11) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)

120

15

15

10

5

5

5

20

20

10

10

5

әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша70 %

Қаржы мониторингі комитетінің орталық аппараттың (бұдан әрі - ОА) Департамент басшысы

ОА Басқарма басшысы

ОА Басқарма басшысының орынбасары

Аумақтық органның (бұдан әрі - АО) басшы орынбасары

АО Басқарма басшысы

АО Басқарма басшысының орынбасары

C-FM-2

C-FM-3

C-FM-4

C-FMO-2

C-FMO-3

C-FMО-4

2

70 сұрақ (70 минут):

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

3) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

4) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

5) «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

6) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

7) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі;

8) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі;

9) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;

10) «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексі

11) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)

70

5

5

5

5

5

5

10

10

10

5

5

әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша70 %

ОА Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші

ОА Аса маңызды iстер жөнiндегi жедел өкiл (анықтаушы)

ОА Аға тергеуші

ОА Аға жедел өкіл (анықтаушы)

ОА Бас маман

ОА Тергеуші

ОА Жедел өкіл (анықтаушы)

ОА Маманы

АО Аса маңызды істер бойынша тергеуші

АО Аса маңызды iстер жөнiндегi жедел өкiл (анықтаушы)

АО Аға тергеуші

АО Аға жедел өкіл (анықтаушы)

АО Бас маман

АО Тергеуші

АО Жедел өкіл(анықтаушы)

АО Анықтаушысы

АО Маманы

C-FM-5

C-FM-6

C-FMО-5

C-FMО-6

Аттестаттауға жатқызылған
 қызметкердің Қазақстан
 Республикасы заңнамасын
 білуін және логикалық ойлау
 қабілетін компьютерлік
 тестілеуден өткізудің
 қағидалары мен шарттары,
 кәсіби жарамдылығын айқындау
 жөніндегі нормативтер,
 сондай-ақ қаржы мониторингі
 органдарының экономикалық
 тергеу қызметі қызметкерлерінің
 лауазымдардың санаттары үшін
 шекті мәндеріне 2-қосымша
2-қосымшаның үстіңгі оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Аттестаттауға жатқызылған экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің дене шынықтыру және жауынгерлік дайындық бойынша нормативтері
Ерлер үшін

Жаттығудың атауы

Баға

Жас топтары

21-27

28-34

35-39

40-44

45-49

50 жас және одан жоғары

100 м (с) жүгіру

Өте жақсы

13

14

15

16

17

18

Жақсы

14

15

16

17

18

19

Қанағаттанарлық

15

16

17

18

19

21

60 м (с) жүгіру

Өте жақсы

7,8

8,4

9

9,6

10,2

10,8

Жақсы

8,4

9

9,6

10,2

10,8

11,4

Қанағаттанарлық

9

9,6

10,2

10,8

11,4

12,6

Жатқан қалпында қолды созу және бүгу (саны)

Өте жақсы

35

33

30

27

25

20

Жақсы

33

30

27

25

22

18

Қанағаттанарлық

30

27

25

22

20

15

Тартылу (саны)

Өте жақсы

15

13

11

9

7

5

Жақсы

13

11

9

7

5

4

Қанағаттанарлық

11

9

7

5

4

3

Әйелдер үшін

Жаттығудың атауы

Баға

Жас топтары

21-26

27-30

31-35

36-45

45 жас және одан жоғары

100 м (с) жүгіру

Өте жақсы

20

23,5

26,5

30

36,5

Жақсы

21,5

25

28,3

31,5

40

Қанағаттанарлық

23,5

26,5

30

33,5

43,5

60 м (с) жүгіру

Өте жақсы

12

14

16

18

22

Жақсы

13

15

17

19

24

Қанағаттанарлық

14

16

18

20

26

Арқасында жатып денені көтеру (саны)

Өте жақсы

30

28

25

22

20

Жақсы

28

25

22

20

18

Қанағаттанарлық

25

22

20

18

16

Жатқан қалпында қолды созу және бүгу (саны)

Өте жақсы

20

18

15

13

10

Жақсы

18

15

13

10

8

Қанағаттанарлық

15

13

10

8

6

Ескертпе: Аттестаттаудан өтудің қыс мезгілінде 100 метрге жүгіру нормативін қабылдауға жабдықталған жабық спорт және басқа да объектілер болмаған жағдайда, 60 метрге жүгіру бойынша нормативін қабылдауға жол беріледі.
Дене шынықтыру бойынша жаттығуларды орындау шарттары
1. 60, 100 метрге жүгіру стадионның жүгіру жолында немесе кез келген түзу жерде жүргізіледі.
2. Ерлер үшін – қолды созу және бүгу жатқан қалыпта орындалады - денені тік ұстап, қолдарды кеудесі жерге тигенше бүгу.
Әйелдер үшін аталған жаттығуды орындауды тізеден жасауға болады.
3. Ерлер үшін – биік салмадан тартылу бастапқы орнынан тартылған қалпы жоғарыдан ұстап жерге аяғын тигізбей орындалады. Иегі салмадан асқан жағдайда, жаттығу орындалды деп есептеледі. Тартылғанда тартылып тұрған орнынан 5 секундттан артық демалуға (тоқтауға) және тартылуды шайқалудан бастауға рұқсат етілмейді.
4. Әйелдер үшін - кеудені көтеру шалқадан жатып орындалады, аяғы тізеде 90 градус бұрышымен бүгіліп, қолдың басы иыққа қойылады, табанын әріптесі ұстады.
Ескертпе: жаттығуларды дұрыс орындамаған жағдайда, "санамау" деген бұйрық үш реттен артық болмай беріледі, содан кейін тестіленуші жаттығуды орындаудан алынады.
Нысана: атушының көз тұсы биіктігінде 75х75 қалқанда орнатылған (50х50) шеңберлі нысана.
Нысанаға дейінгі ұзақтық: 25 метр.
Оқ-дәрі саны: 6 (3 атып көруге, 3 сынақтық).
Ату жағдайы: тік тұрып қолмен ұстап ату (екі қолмен де рұқсат етіледі).
Атуға берілетін уақыт: шектелмеген.
Бағалау көрсеткіштері: 20 және одан да жоғары - "өте жақсы", 15-19 – "жақсы", 10-14 – "қанағаттанарлық".
Атудың ең үздік көрсеткіштері бойынша баға қойылады (атып көру немесе сынақтық).